Біліп жүр

Кинотерапия: Депрессиядан шығуға көмектесетін фильмдер

Кино көру арқылы депрессиядан шығыңыз

Кинотерапия – адамның психологиялық әрекетіне әсер етудің бір құралы. Кинотерапияның мәні белгілі режиссердің фильмдерін қолдана отырып адамның ішінде жасырылған психологиялық элементтерге әсер етуінде. Назарыңызға депрессия жайлы және одан шығуға көмектесетін фильмдерді ұсынамыз.

Тененбаумдар Корольдігі (The Royal Tenenbaums, 2001)

Кейбір режиссерлер кейіпкерлердің басына түскен қиындықты күлкі арқылы жеткізуді көздейді. Осындай қайғы мен меланхолияны отбасылық фильмге айналдырудың шебері – Уэс Андерсон. Ал оның ең депрессивті фильмі – «Тененбаум Корольдігі». Фильмнің кейіпкерлері қиын жағдайға тап болады. Олар барлық экран уақытында осы қиындықпен арпалысады. Өздері депрессияда болғанымен, көрермендеріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Кішкентай арулар (Little Miss Sunshine,  2006)

Өмірдің сәтсіз кезеңдерінде оптимизм мен өзін-өзі ұстай алудың қаншалықты қажет екенін көрсететін фильмдердің бірі. Сюжет үлкен америкалық отбасының төңірегінде құрылған. Әр кейіпкер жиі орын алатын психологиялық жағдайларды басынан өткізеді: жолы болмайтын әке, жүйкесі жұқарған ана, жауапсыз махаббаттан қиналған ұлы мен ағасы. Осындай жағдайлар сіздің де басыңызда орын алса, ойланбастан бұл фильмді көріңіз. Келеңсіз жағдайлардың шешімін тауып, керемет саяхатқа аттанасыз.

Қоршауда (Numb, 2007)

Кейде өмірімізде өзімізді дәрменсіз сезінетін жағдайлар орын алады. Денемізді төсектен көтерер күш таппаймыз. Алайда мұндай жағдай 1 күн немесе 1 аптаға ғана созылады. Ал фильмнің бас кейіпкері үшін олай емес. Өзінің ерекше «деперсонализация» деп аталатын ауруының кесірінен барлық эмоциясын жоғалтып алған. Барлық дәрілер мен психологиялық кеңестер көмектесе алмайды. Тек махаббат қана кейіпкерді бұл дерттен емдейді.

Бұл қызықты оқиға  (It’s Kind of a Funny Story, 2010)

Депрессияға барлық жаста ұшырауыңыз мүмкін. Ал жасөспірім кезеңінде кішкентай мәселенің өзі үлкен қайғы болып көрінуі мүмкін. Дәл осы өтпелі жастың мәселесі бұл трагикомедияның негізі болып отыр. Фильм 16 жастағы жасөспірімнің үлкендерге арналған психиатриялық бөлімде өткізген 1 аптасын баяндайды. Мұнда ол өмірге деген құлшынысын оятып, өз махаббатын кездестіреді.

Торт (Сake, 2014)

Фильм депрессияға ұшыраған әйел жайында. Көлік апатынан кейінгі тыртықтардан ол өз сұлулығынан айырылады. Түрлі психологиялық курстарға қатысқанымен, өмірмен қош айтысудың жолдарын іздейді. Көрермен кейіпкермен бірге өмірдің қиын кезеңін бірге өткендей күй кешеді. Ал фильмнің шешімі барлық жағдайды өткеруге болатынын ұқтырады.

Шие дәмі (Ta’m e guilass, 1997)

Аббас Киаростамидің қысқа әрі терең мағыналы өсиет әңгімесі адамдарға берілмеуді үйретеді. Фильм өмірден баз кешіп, өлгісі келетін еркектің өмірін баяндайды. Құранда тыйым салынғандықтан, ол өз-өзіне қол сала алмайды. Осылайша жақсы ақыға өзіне көмектесе алатын адамды іздейді. Серіктесін іздеу философиялық роуд-мувиге ұласады. Әрбір оқиға сайын өмір сүруге деген күш жинап, кейіпкер өмірге қайта оралады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!