Біліп жүр

Ребрендинг дегеніміз не?

Бизнесіңіз тұралап қалса, ребрендингке көшіңіз

Ребрендинг дегеніміз…

Ребрендинг — бизнесті жаңғыртудың тиімді маргетингтік стратегиясы. Жаңарып, жаңғыруды біздің табиғатымыз сүйеді. Мәселен, бірнеше жыл бұрын қатты ұнатып алған жиhазыңыз қазір сізді бұрынғыдай қуантпауы мүмкін. Сол сияқты брендтер мен компаниялардың да дәурені өте бастаған шақта оларды өмірге қайта әкелетін — ребрендинг.

Ребрендингтің басты мақсаты — бұрынғы клиенттеріңізді қайта қызықтырып, жаңа клиенттер табу. Ребрендингтің мақсаттары:
Клиенттердің санын көбейту;
— Брендтің бәсекеге қабілетін арттыру;
— Бұрынғы клиенттердің назарын аудару;
— Брендті ерекшелендіру;
Табысты арттыру.

Ребрендинг 2 түрлі болуы мүмкін:
1. Ірі өзгеріс — компанияның түбегейлі өзгерісі;
2. Жекелей өзгеріс — бұл брендтің логотипінің не ұранының және т.б. өзгерісі. Ескерту! Тауардың әр түрлілігі мен компанияның қызметтері ребрендингсіз де өзгеруі мүмкін.

Компаниялар неге ребрендинг жүргізеді?

Тұтынушылардың қызығушылығының төмендеуі ребрендинг жасауға ең басты себеп. Бұл тауар мүлде керексіз болып қалды деген сөз емес. Тауар әлі де сұранысқа ие, бірақ бұрынғыдай қажеттілігі жоқ. Компанияның басшылығы бұл жағдайда өнімді тұтынушыларға жаңа әдіспен таныстыруға бас қатыруы керек.

Қай кезде ребрендинг жүргізуге асыққан дұрыс?

Әр бренд нарықта лидер болу үшін бар күшін салады. Ал ол үшін ең бастысы –клиентке не керек екенін түсіну. Қысқасы, ребрендингке тауардың емес, брендтің ескіргенін түсінген кезде жүгіну керек. Көптеген тұтынушылар тек қана трендтегі дүниені сатып алуға құмар. Сондықтан әр кәсіпкер өз тауарын трендке айналдыруға тырысқаны жөн.

Ребрендингтің әсері

Нарық өзгеріп, кеңейген сайын адамдардың да талғамы өзгереді. Кезіндегі Motorola телефоны есіңізде ме? Бұл ұялы телефон сол кездегі Siemens, Nokia телефондарының қасында ерекшеленіп тұрды. Осылайша адамдардың назарын өзіне аударды. Ребрендинг арқасында өнімнің дизайны да өзгеріске түседі. Яғни өнімнің сыртқы пішіні, қорабы жаңарып, адамдардың қызығушылығын арттырады. Мұндай мысалды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Брендтердің дизайны ғана емес атауы да өзгеріске ұшырайды. Бұл да ребрендингтің көрінісі. Мәселен, әлемге әйгілі «Nike» компаниясы кезінде «Blue Ribbon Sports» деп аталған болатын. 1971 жылы компания ребрендингті қолға алды. Сол кезде оның логотипі де, атауы да қазіргісіне өзгерген.

Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!