Біліп жүр

Қазақстан университеттеріндегі журналистика факультеті

Студенттерге берілетін мүмкіндіктер

Қазақстан университеттеріндегі журналистика факультеті бүгін де сұранысқа ие. Себебі журналистиканы армандап жүрген жастар көп. Алайда олар оқу орнын таңдағанда қиналады. Balbal.kz сайты назарларыңызға журналистика мамандығы бойынша білім беретін ЖОО-ның тізімін ұсынады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы журналистер дайындайтын оқу орны болып табылады. Ол 1934 жылы ең алғашқылардың бірі болып құрылған, сонымен қатар ТМД елдері бойынша ең ірі факультеттердің бірі. Журналистика факультетінде қазіргі таңда 3 кафедра: баспа ісі және дизайн, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс, Мерзімді баспасөз, электронды БАҚ және интернет-журналистика кафедралары жұмыс жасайды.
Бұл университетте оқу ерекшеліктері:
— Публицистика жанрларының жаңа жүйесін, түрлерін зерттеу;
— Қазақстан БАҚ редакторлары мен белгілі журналисттер шеберлігін зерттеу;
— Бүгінгі инновациялық әдіске конвергентті журналистика арқылы бару жолдарын үйрету;
— Телевизиялық деректі фильмдер түсіру.
Оқу ақысы: 1200000 теңге
Қабылдау комиссиясы: +7 (727) 377-33-30

Оқи отырыңыз: «Журнализм: Журналистикаға қатысты сленгтер мен жаргондар»

Сулеймен Демирел университеті

Бұл оқу орнында 4 тілде оқуға мүмкіндік аласыз. Олар: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдері. Журналистика бағдарламасы бес негізгі бағытқа назар аударады: видеожурналистика, аудиожурналистика, журналистика және мәліметтерді визуализациялау, ақпараттық коммуникациялар, медиа және саясат, медиа теориясы мен негіздері.
Бакалавриат бағдарламасының ерекшеліктері:
— Журналистиканың және БАҚ-тың басты бағыттары мен проблемалары бойынша негізгі білімді, осы саладағы зерттеулер жүргізу әдіснамасын;
— Баспа және мультмедиалық элементтері бар интернет-басылымдарға арналған материалдарды:
— Журналистикалық контентті ілгерлету үшін маркетинг және медиа дағдыларын;
— Теледидар және радио бағдарламаларды жасауды үйретеді.
Оқу ақысы: 800000 теңге
Қабылдау комиссиясы: +7 (727) 307-95-95

UIB университеті

Қазақстанның, жақын және алыс елдердің университеттерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. UIB журналистерді баспа, радио, теледидарда журналистік материалдарды жасауға мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламалары: жарнама және PR, конвергентті журналистика.
Бұл университтетегі журналистерді дайындау ерекшелігі:
— London school of journalism және М.В.Ломоносов атындағы ММУ журналистика факультетінің бағдарламаларына сәйкес келеді;
— Оқу пәндерінде IT-технологияларды пайдалану, цифрлік журналистика білімдерін меңгеру;
— Жүйелі шеберлік сыныптары, салалық жұмыс берушілермен тұрақты байланыс;
— Семестр бойы жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда жұмыс тәжірибесі бар шетел оқытушыларынан, шетел мамандарынан оқу.
Оқу ақысы: 710000теңге
Қабылдау комиссиясы: +7 (727) 259-80-00

Ахмет Ясауи университеті 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 1994 жылдан бастап журналист мамандар даярлай бастады. 22 жылдық өзіндік тарихы бар кафедра осы күнге дейін БАҚ-тың түрлі салаларына 320-ға жуық жоғары салалы мамандарды даярлап шығарды. Оқу орны түрік тіліне аса мән береді.
Бұл университеттегі журналистерді дайындау ерекшелігі:
— Тәжірибе сабақтары кафедра базасындағы радиостудияда, телестудияа, фотолабораторияда, баспасөз кабинетінде, баспасөз клубында, «Тұран» баспаханасында;
— Журналист-студенттер «Тұран-Түркістан» телеарнасы, облыстық «Ontustik» телеарнасында эфирге шығады.
Оқу ақысы: (ресми сайтта оқу ақысы көрсетілген жалғыз оқу орны)
ҚР азаматтары үшін 3500000 тг.;
Шетелдік азаматтар үшін 500000 тг..
Қабылдау комиссиясы: +7 (725)336-36-36

Оқи отырыңыз: «Журналистерге арналған 15 кітап»

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 

2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрамында «Қазақ филологиясы мен журналистика» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра құрамында «конвергентті журналистика» және «веб-журналистика» бөлімдері бар. Бүгінде кафедра облыс көлеміне кәсіби мамандар даярлау ісін жоғары біліктілікпен жүзеге асыруда.
Журналистерге берілетін мүмкіндіктер:
— Университет телестудиясында авторлық жобаларды жүргізуге;
— «Университет тынысы» атты газет бар, өз мақалаларыңды жариялауға;
— Оқу пәндерінде IT-технологияларды пайдалану, цифрлік журналистика білімдерін меңгеру;
— Телевизиялық деректі фильмдер түсіру.
Оқу ақысы: 308000 теңге
Қабылдау комиссиясы: +7 (7262) 45-73-92

Жақсы маман болу тікелей адамға байланысты. Қай университетте оқысаңыз да, өз потенциалыңызды толық ашсаңыз сұранысқа ие маман боласыз. Ақпарат майданында кездескенше, болашақ әріптес!

Дайындаған: Аружан Айдарқызы

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!