Біліп жүр

Блог: Маркетолог пен кәсіпкерге көмектесетін блогтар

Маркетинг туралы блогтар

Блог өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Дәмді тағамның рецептін іздеген аспаз да, кәсібін дамытқысы келетін кәсіпкер де түрлі блогтарды ашып оқиды. Ғаламтордан кез келген тақырыптағы блогтарды табуға мүмкіндік алдық. Balbal.kz сайты маркетинг тақырыбындағы үздік блогтар тізімін ұсынады.

eLamа

«eLamа» компаниясының блогы күніне бірнеше пайдалы посттар жариялап отырады. Әр мезгіл мен мерекеге байланысты қандай маркетингтік стратегияны ұстану қажет екенін түсіндіреді. Блог түрлі іздеу жүйелерінде тиімді жарнама жасаудың құпияларымен бөліседі. Бұдан бөлек өзге де пайдалы кеңестерді «eLamа» вебинарларынан біле аласыз.

PPC Hero

«PPC Hero» блогын жасаушылар жаңа маркетингтік құрылғылар жайлы ақпараттармен бөліседі. Маркетинг индустриясындағы үздік мамандардың кейсін ортаға салады. Бұл қорды күнделікті 50 000-нан астам адам оқиды.

Cossa.ru

Cossa.ru – цифрлық ортадағы коммуникация мен маркетинг жайындағы ақпараттық портал. Порталда тұрақты түрде қызықты мақалалар жарияланады. Бизнесті дамытуға арналған диджитал-құралдар, сәтті жобалардың кейстері, индустриядағы соңғы жаңалықтар секілді пайдалы ақпараттарды ала аласыз.

Rusbase.ru

Блог маркетерлер мен кәсіпкерлер арасында танымалдылыққа ие. Сайттан маркетинг және бизнес жайлы көптеген ақпараттарды оқи аласыз. Блогта рубрикалар категория бойынша бөліп орналастырылған. Бұл қажетті тақырыпты жылдам табуға көмектеседі.

Нетология

SMM, интернет-маркетинг және жаңа технологияларға қызығатын жандарға арналған блог. Компанияның маркетерлерді дайындайтын жеке оқу орыны бар. Қордан кітаптар, өзге де блогтарды, түрлі арналарды таба аласыз.

Интернет, маркетинг и дзен

12 аударма кітаптың редакторы Василий Смирновтың блогы. Мұнда ол контексттен бөлек, маркетинг жайлы көп мақалалар жариялайды.

TexTerra

Интернет-маркетинг, контент-маркетинг жайлы ақпараттардың шексіз қоры. Мұнда копирайтинг жайлы мәліметтерді де оқи аласыз.

Ingate

Интернет-маркетинг, ecommerce жайлы посттар жиі жарияланып тұрады. Басым көпшілігі теория. Арасында түрлі компаниялар тәжірибесінен алынған кейстерді де табуға болады.

SMMPlanner

Әлеуметтік желідегі маркетинг жайлы блог.

Netpeak

Блог SEO, контексттік маркетинг, копирайтинг, ecommerce тақырыптарына бағытталған. Бұл сайттан да түрлі кейстерді табасыз..

Svoe Media

«Tilda» арқылы ұжымдық сайт пен блогты жасауға, дамытуға көмектесетін блог. Сонымен қатар контент-маркетинг пен мәтіннің дұрыс жазылуына қатысты посттарды да оқуға болады.

5 o’clock

«5 o’clock» агенттігінің жеке блогы. Агенттік ғаламтордағы жарнама, маркетинг, контен жайлы мақалалар жариялап отырады. Агенттіктің негізін салушы Ева Кац та өзінің авторлық блогын жүргізумен шұғылданады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!