Біліп жүр

Эн Ламотт ұсынатын ТОП-9 кеңес

Энн Ламоттан пайдалы кеңестер

Энн Ламотт америкалық жазушы. «Bird by bird» бестселлерінің авторы. Balbal.kz сайты Ломаттың жазушыларға арналған кеңестерін ұсынады.

Мықты жазу бұл шындықты айту

Ойдан оқиғаны құрап қиналудың қажеті жоқ. Одан да шынайы оқиғаны жазып шығыңыз. Осы кезде жеңілірек болады.

Күн сайын жазу уақытын белгілеп алыңыз

Энн Ламотт ұсынатын келесі кеңес әдет қалыптастыру. Мысалы, кешкі 5-те немесе таңғы 8-де жазуды бастаңыз. Осындай әдет қалыптастырсаңыз адамның миыда шығармашылық жұмыс істеуге үйренеді.

Жазған дүниеге риза болмау

Жазушылар көбіне жазған дүниесіне көңілі толмайды. Бұл қалыпты жағдай. Шыңдалудың жалғыз амалы осы. Күнделікті жаза беріңіз сонда нәтиже міндетті түрде болады.

Нашар жазудан қорықпаңыз

Стивен Кинг пен Чарльз Буковскидің еңбектерін оқығанда олар мұны бірінше реттен жазды деп ойласаңыз қателесесіз. Ұлы жазушыларда 7-8 рет шалынып, нәтижеге қол жеткізген.

Не жайлы жазарыңызды білмесеңіз, балалық шағыңызды жазыңыз

Балалық кезіңізден бастаңыз. Әлемді енді танып жатқан уақытыңыз жайлы жазыңыз. Не шығатыны маңызды емес. Балалық шағыңыз ауыр болса, мұңды оқиға шағады. Ал бақытты болса, жарқын және көңілді оқиғаны құрап шығасыз.

Бөліп жазыңыз

Егер көлемді оқиға жазатын болсаңыз бөліктерге бөліп арасында дем алып жазып шығыңыз.

Америкалық жазушы Эдгар Доктороу жазуды түнде көлік жүргізумен бірдей деп салыстырады. Көліктің жарығы арқылы жолдың кішкентай бөлігін ғана көре аласыз. Әліде осыншама жолды жүріп өту қажет деген ой сізді мазаламайды.

Жазушы оқырманға ұнай білу қажет

Кез келген адамда өзіне ұнайтын әнші немесе актер бар. Мысалы, сізге қорқынышты кино жанры ұнамауы мүмкін. Бірақ сүйікті актерыңыз ойнаса онда көрер едіңіз. Дәл осы сияқты жазушыда көрерменге ұнауы қажет. Көзқарасыңыз оқырманмен сәйкес келсе сізді міндетті түрде оқитын болады.

Перфекционизм – жазушының жауы

Кез келген автор өзінің жұмысын мінсіз жасағысы келеді. Бірақ қайта-қайта оқып, артық сөзді алып тастау арқылы мәтінді бұзып алатындарын байқамайды. Сондықтанда дер кезінде тоқтай білу қажет.

Басқа адамға оқытып көріңіз

Досыңызға немесе туысыңызға оқытып көріңіз. Жазушы болу міндетті емес. Себебі сіз қарапайым адамдарға жазып отырсыз. Олар кемшілікті міндетті түрде байқайды.

Энн Ламотт оқуға кеңес беретін кітаптар тізімі

On Writing: A Memoir of the Craft (Кітапты қалай жазамыз) Стивен Кинг

Zen in the art of writing (Дзен кітап жазу өнерінде)  Рэй Брэдбери

250 tips for a writer (Жазушыға арналған 250 кеңес) Чак Вендинг

From the first sentence (Бірінші сөйлемнен) Лиза Крон

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!