Біліп жүр

Фрирайтинг немесе «еркін хат» техникасы

Фрарайтинг ережесін түсіндіреміз

Ақпарат ағыны мол заманда өмір сүріп жатқандықтан, миымызға тоқтаусыз ойлар келіп тұрады. Артық ойлардан арылмайынша маңызды шешімді шығарарда қателесуіміз мүмкін. Сондықтан фрирайтинг яғни «еркін хат» жазу әдісін қолданып көруге кеңес береміз.

Фрирайтинг әдісі кімге керек?

Бір іске кірісуге жүрегі дауаламай жүргендерге;

Шешімі жоқтай көрінген мәселені шешкісі келетіндерге;

Жаңа, тың идея іздегендерге;

Белгілі тақырыпқа қатысты ойын сыртқа шығарғысы келетіндерге.

Марк Левидің құпия жазу техникасы

Таза парақ, қалам алып, оятқышты қосыңыз. 10-20 минутқа қойыңыз. Басыңызға келген барлық ойды қағазға түсіріңіз. Оятқыш шырылдағанша жаза беріңіз. Белгіленген уақыт аяқталған соң жазғаныңызды дауыстап оқып шығыңыз. Ішінен іліп алар ой тапсаңыз, бөлек қағазға түртіп алыңыз.

Фрирайтинг ережесі

Жазғаныңызды оқымай, тез жаза беріңіз. Ойлануға, жазуды тоқтатуға тыйым салынған.  Оятқыш шырылдағанда ғана тоқтайсыз. Қолыңыздағы қалам бір секунд жұмыссыз тұрса, сіз фрирайтинг ережесін бұздыңыз.

Ойыңызға ештеңе келмей жатса,  «ойыма ештеңе келмей жатыр» деп жазыңыз. Тек қаламыңыз тоқтап қалмасын.

Біреу оқиды-ау, әлдекімге ойым ұнамай қалады деген пікірден аулақ болыңыз.

Ойыңыз басқа бағытқа ауып бара жатса, ішіңіздегі “жағымсыз кейіпкер” оянып жатса, оны тоқтатуға тырыспаңыз. Мұны неге жазып жатырмын деп .ойланбаңыз. Қайта өзіңізге ұнамайтын ойларды осылай шығарып тастауға тырысыңыз.

Қатені жөндеп, пунктуацияға қарап, грамматиканы есіңізге түсірудің қажеті жоқ. Стиль мен логикаға да мән бермеңіз.

Марк Левидің әдісі миыңызға жаңа идеяларды қысқа мерзімде табуға және бастаған ісіңізді кейінге қалдырмауға көмектеседі.

Қорытынды

Фрирайтингтегі ең маңызды нәрсе – өзімізге еркіндік беру. Қателік жіберу, тәжірибе жасау, мағынасыз дүниелерді жазу. Соңында мәселенің шешімін таба аламыз.

Мобильді қосымшалар

Writelight – фрирайтингке арналған мобильді қосымша.
Flowstate – тез жазуға үйрететін қосымша.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!