Біліп жүр

Контент-жоспар құрастырудың жолдары

Контент жоспар құрастырудың жолдары қандай?

Контент-жоспар құрастырудың жолдары қарапайым. Өзінің жеке сайты бар немесе әлеуметтік желідегі топтарды жүргізетін адамдар уақыт өте келе «Бүгін не жайлы жазсам екен?», «Қай тақырыпта видео түсірсем екен?» деген сұрақтарды қоя бастайды. Көп ойланудың өзі уақытыңызды алуы мүмкін. Нәтижесінде сапасыз өнім шығады. Өйткені сіз күні бойы жүріп, уақытыңыздың тең жартысын ойлануға кетірдіңіз. Енді аз уақыт ішінде асығыс бірдеңе жасап шыққандай боласыз. Бірақ сапасы өте нашар. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін маркетологтар контент-жоспар (контент-план) жасауды ойлап тапқан болатын.

Сонымен контент-жоспар дегеніміз не?

Контент – парақшаны ақпаратпен толтыру деген мағынаны білдіреді. Контентке мақалалар, видеолар, суреттер және т.б. жатады. Қазір сіз оқып отырған мақаланың өзі контентке жатады. «Контент» термині мақала үшін аса маңызды.

Контент-жоспар – бұл контентті ақпараттық көздерде орналастыру жүйесі.

Ақпараттық көздер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы:

  • Сайт
  • Блог
  • Әлеуметтік желідегі топ
  • Форум
  • Youtube арнасы

Қандай да бір материалдарды дайындаудың жүйелілігі маңызды болған жағдайда, міндетті түрде контент-жоспар қажет.

Контент-жоспарды қалай құру керек?

Контент-жоспар жасаудың нұсқаулығы қарапайым болғанымен, өзіңіздің ең алғашқы контент-жоспарыңызды жасаған кезде біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Одан қорықпаңыз, өйткені ол қалыпты жағдай. Контент-жоспар құрастырудың жолдарын үйренгіңіз келсе, төмендегі қадамдар бойынша жүріп отырыңыз.

1-қадам. Мақсатты аудиторияны анықтау.

Сіз ең алдымен кім үшін жазып отырғаныңызды анықтауыңыз керек. Бұл қадам ең маңызды бөлім. Сіздің жазатын жазбаңыздың қандай болатыны, қандай мәселені көтеретініңіз, шығу уақыты, қандай нәтижеге қол жеткізетініңіз мақсатты аудиторияңызға байланысты.

Мақсатты аудиторияңызды өзіңіз ең алдымен ойша елестетесіз. Ол кім, жасы қаншада, немен айналысады, қандай қызығушылығы бар және т.б. Өзіңізге осы сынды бірнеше сауалдарды қойып, олардың барлығына толық жауап беріп көріңіз.

Содан кейін өзіңіздің бәсекелестеріңізді зерттеуді бастаңыз. Олар не жазып жатыр, кім оқиды, не үшін оқиды? Ой елегінен өткізіңіз. Сосын оқырмандар ғаламтордан сіздің тақырыбыңызға байланысты не іздейтінін қараңыз. Барынша толық ақапарат алуға тырысыңыз. Сосын барлық зерттеу нәтижелеріңізді қосып, мақсатты аудиторияңыздың портретін құрастырыңыз.

2-қадам. Олардың негізгі қызығушылығын табу.

Мақсатты аудиторияңызды анықтап алғаннан кейін, барлық жинаған ақпараттарыңыз бен жауап берген сауалдарыңыздың нәтижесінде олардың қызығушылықтарының тізімін жасаңыз. Бұл не жазу керектігін түсіну үшін қажет.

Егер сіз әлеуметтік желіде жұмыс істейтін болсаңыз, қызығушылықтарды анықтау оңай. Бәсекелестеріңіздің парақшасына кіріп, жиі пікір қалдыратын белсенді адамның парақшасына кіріңіз. Оның қандай топтарға жазылғанын, қандай ақпараттармен бөлісетінін, не жазатынын, кімдерге Like басатынын толық анықтап шығыңыз. Осылайша 10-20 адамды қарап шықсаңыз,  барлығы түсінікті болады.

3-қадам. Бәсекелестерді талдау.

Бәсекелестер – контент жасаудағы ең басты дереккөз болып табылады. Бұл дұрыс тәжірибе. Сіз өзгелердің жұмысын түгел аралап шығасыз. Не жазып жатқанын, қандай идеяларды қосқанын және қанша қаралым жинағанын талдап, өзіңіздің идеяңызды жүзеге асырасыз. Яғни, талдау арқылы сізде өзгеше ойлар пайда болуы мүмкін.

Бірақ бәсекелестерді талдау барысында, олардың не себепті көп қаралым жинағанын дұрыс зерттеп алыңыз. Мүмкін олар сол мақаланы бөлісу барысында жарнама қосқан болар немесе қаралым трафигін қолдан көтерген болар. Сол үшін олардан дәлме-дәл көшірудің қажеті жоқ. Тек өз идеяңызды жүзеге асыратын шабыт алыңыз.

4-қадам. Алғашқы контент-жоспарымызды жасаймыз.

Алғашқы 3 қадамды орындау барысында сіздің ойыңызда бірнеше тақырып және идеялар пайда болған шығар? Ендеше, контент-жоспар жазуға кірісіңіз. Төмендегі үлгі бойынша жазуды ұсынамыз:

  1. Жариялау уақыты
  2. Апта күні
  3. Уақыты
  4. Жазбаның тақырыбы
  5. Тақырып бойынша негізгі материалдарға сілтеме
  6. Контент-жоспар құруға пайдалы қосымша материалдарға сілтеме (көбінесе бұл суреттер).

Егер сіз бірнеше тақырып ойластырған болсаңыз, контент-жоспарды бір айға құрғаныңыз жөн.

5-қадам. Аудиторияның қалай қабылдағанын бақылаңыз.

Жазбаңызды жариялап, алғашқы қаралымдарын және алғашқы пікірлерді жинағаннан кейін тағы да сараптап көріңіз. Оқырмандарға қандай тақырыптар өтетінін, қандай тақырыптар ұнайтынын немесе керісінше қандай тақырыптардың елеусіз қалатынын байқаңыз. Соның нәтижесінде, өзіңізге нақты не жазу керектігін біліп аласыз.

6-қадам. Түзету және ары қарай дамыту.

Қандай контенттердің оқырмандар арасында сұранысқа ие екенін нақты біліп алғанға дейін алғашқы уақытта тек бақылау жұмыстары жүргізіледі.  Егер сіздің тақырыбыңыз өзекті болып, оқырмандар жақсы пікір жазып жатса сол тақырыптарды жиі қозғаңыз. Егер аудитория қабылдамаса, ондай тақырыптарды бірден алып тастағаныңыз жөн . Өзіңіз де біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін, оқырманға не керек екенін бірден біліп отырасыз. Сәйкесінше жаңа айдарлар, жаңа идеялар қосып, ары қарай дамытудың жолдарын тез табатын боласыз.

Контент-жоспар жасауға арналған бағдарламалар

Контент-жоспар құрастырудың жолдары оңай. Қолмен де жазуға болады. Бірақ қазіргі таңда ешкім олай істемейтінін ескеріп, назарларыңызға бірнеше арнайы бағдарламаларды ұсынамыз.

  • Buffer.
  • SMMplanner.
  • SocialKit.
  • Gramblr.
  • SmmBox.
  • Kuku.IO.

Контент-жоспар ақпараттық көздерге арналған контентті құрастырумен айналысатындар үшін маңызды. Оның көмегімен жарияланым кестесін алдын-ала әзірлеуге, мәтінін, форматын анықтауға және одан кейін қандай материалдарды салу керектігін қадағалауға болады. Контент-жоспарды жақсылап жасасаңыз, «Мен бүгін не жазамын» деп бас қатырмайтын боласыз. Контент-жоспар құрастырудың жолдары осы нұсқаулықтар бойынша жасалады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!