Біліп жүр

Махаббат туралы ең үздік кітаптар

Махаббат туралы әлемдік үздік кітаптарды ұсынамыз.

Махаббат туралы кітаптар оқығыңыз келетін кез келеді. Тұнып тұрған романтикалық туындылар жүрегіңізді елжіретіп, қиялыңызға қанат бітіреді. Balbal.kz мотивациялық сайты махаббат туралы үздік кітаптарды оқырман назарына ұсынады.

«Жұлдыздар кінәлі», Джон Грин

Кітапта қатерлі ісік ауруына шалдыққан екі жасөспірімнің алғашқы махаббаты туралы айтылады. «Жұлдыздар кінәлі» кітабы алғашқы беттерден махаббаттан бөлек «өмірдің мәні» туралы сыр шертеді. Себебі хикая кезінде бірнеше адам өлімімен ұшырасамыз. Хэйзель мен Огастус бір-біріне көпшілікті толғантатын өмір жайлы сұрақтар қояды. Олардың жауаптарының қарапайымдылығы мен терең мағынасы кез-келген адамды ойлантатыны хақ.

«Күн күркіреуі» Эмили Бронте   

Таулы бөктерде Хитклифф және Кэти бір-бірін кездестіргеннен бастап араларындағы жақындықты сезеді. Бірақ Хитклиф кетіп қалады. «Күн күркіреуі» –  Эмили Бронтенің жалғыз романы. Кітап алғашында бүркеншік атпен жарық көрді.  Роман жарияланғаннан кейін бір жыл өткен соң автор қайтыс болды.

«Интернеттегі жалғыздық», Януш Вишневский

«Интернеттегі жалғыздық» романы – эмоционалды өзгерістің энциклопедиясы. Белгілі болғандай, кейде эмоционалды күш кенеттен физикалықтан да басым болады. Көптеген жылдар өткен соң өмірдің азан-қазанынан қажыған кейіпкерлер өздеріне лайық жанды тапқандай болады. Шындығында, бәрі жақсы: өмір туралы әңгімелер. Ал шынайы өмірде неге тілдесіп, кездеспеске? Шексіз әңгімелер тізбегі нақты кездесумен аяқталуы керек еді. Бұл қос ғашық үшін нағыз сынаққа айналады.

«Бовари ханымы», (Мадам Бовари) Флобера

Жалған махаббат хикаясына сеніп қалған провинциялық дәрігердің әйелінің жан жарасы. Оқиға, өкінішке қарай, қайғылы аяқталады. Джулиан Барнс  бұл романды «сол заманның ең ұлы романы» деп атады.

«Ояну» Кейт Шопен    

Эдна Понтелье күйеуімен және екі керемет баласымен бірге жазды Гранд Айл аралында өткізеді. Эднаның Роберт атты сүйкімді жас жігітпен күтпеген кездесуі кенеттен әйелдің өмірін толықтай өзгертеді. Оның жасырын сезімдері оянып, күйеуі мен балаларынан бөлек пәтерге көшеді. Бірақ сезімдердің оянғанынан кейін Эднаны не күтіп тұр? Роман махаббат пен бостандықты іздеу арқылы таңқаларлық психологиялық, жанның ең нәзік қозғалыстарын көрсетеді.

«Үйленейік», Джон Апдайк         

Бұл – махаббат. Бұл – жеккөрушілік. Бұл – махаббатты жек көру. Бұл – Джон Апдайктың ең қатал жұмысы. Бұл – тіпті кітап емес, адамның жан дүниесін терең зерттеу.         

«Даниэль Мартин», Джон Фаулз 

«Даниэль Мартин» – бұл британдық «әр түрлі жолдар бағы», Фаулзтың өзі «қарапайым түсініктен тыс ерекше философияның үлгісі» деп атаған кітап. Бұл романның кейіпкері – бұрынғы драматург, қазір сәтте голливудтық сценарист-науқас досымен кездесу үшін туған жері Англияға оралады. Оны жақсы білетін адамдардың ортасында ол осы уақытқа дейін беймәлім болған сырларды айқындайды. Шындықты ашу кезінде құндылықтарды түбегейлі қайта бағалап, өзін-өзі тани бастайды.

Дайындаған: Скендирова Қырмызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!