Біліп жүр

Мотивацияны жоғалтып алмаудың 11 әдісі

Жетістікке жетуге мүмкіндік беретін әрекеттер

Қиындықтарға қарамастан ойыңыздағы дүниені орындап, мақсатыңызға жету үшін үнемі әрекет және қадам жасау керек. Сондықтан еріншектік пен жалқаулыққа бой бермеңіз, олар сіз үшін кедергі ғана емес, ең қауіпті дұшпаныңыз. Келесі 11 әдісті санаңыздағы жеке мотивацияны жоғалтып алмау үшін ұсынамыз:

1. Тапсырмалар тізімін екіге бөліңіз

Егер сіз бүгін 12 тапсырманы жоспарлап, бірақ толық жүзеге асырмаған жағдайда қалғанын орындауға деген құлшыныс күрт төмендейді. Сондықтан тізімдегі тапсырмалардың бірін қалдырмай жасауға тырысыңыз.

2. Әр кішкентай жеңіске қуаныңыз

Жетістікке жеткен сайын, мақсатыңызға қол жеткізгеннен кейін бойыңызда позитив қалыптасады. Жеңістеріңіздің күнделігін жасаңыз. Өзіңізді бонустармен, көңіліңіз қалаған сыйлықтармен марапаттаңыз.

3. Жиі демалып тұрыңыз

Адам күш пен қуатқа толы болған кезде мүмкіндігінше тиімді жұмыс істейді.

Сізге қай уақытта демалу керек екенін қалай білуге болатынын білесіз бе? Шектен тыс еңбек жұмыс сапасын төмендетеді. Өзіңізге жиі демалыс жариялап тұрыңыз. Сонда ғана жаңа идеялармен ораласыз.

4. Позитивті түрде кейінге қалдырыңыз

Жаман әдеттерден арылу үшін пауза жасаңыз. Мысалы, телефондағы хабарландыруларды жиі тексермей, экранға көп үңілмей, оны кейінге қалдырыңыз. Сонымен сіз осындай әрекеттер арқылы телефонға алаңдау әдетінен арыласыз.

http://balbal.kz/kitap/uanyish-shonbay-o-u-a-ke-es-beretin-7-motivatsiyalyi-kitap/

5. Құпия балама

Егер жұмыс істегіңіз келмесе, ниет болмаса, ештеңе жасамаңыз. Орындыққа отырыңыз, төбеге, саусақтарыңызға қараңыз. Кітап оқымаңыз, әріптестеріңізбен сөйлеспеңіз, тамақ ішпеңіз, YouTube сайтындағы бейнелерді көрмеңіз. Егер көңіліңіз қаламаса, осы айтылғанның бірін де орындамаңыз. Ұзақ үзілістен кейін сіз міндетті түрде жұмысқа кіріскіңіз келеді.

6. Өзіңізді жақсы көріңіз

Өзіңізді әріптестеріңізбен, басқалармен салыстырмаңыз. Әлемде сізден жоғары тұрған адамдар да, төмен адамдар да көп. Мұны білу сіздің жеңісіңізді басқалардың жетістіктерімен салыстырмай, өзіңізбен өзіңіз болуға еркіндік береді.

7. Ұсақ-түйек тапсырмаларды жылдам орындаңыз

Аяқталмаған ұсақ-түйек тапсырмалар  артық энергияны жұмсауға мәжбүрлейді.

Тізімдегі ұсақ-түйектердің барлығын жазып, мүмкіндігінше тез шешіңіз. Сонда ғана сіз жаңа идеялармен жұмыс істеп, оларды жүзеге асыру арқылы көңіл-күйіңізді көтересіз.

8. Жұмысты толығымен орындаңыз

Электрондық поштаға келген хабарламалар мен телефон қоңырауларының көптігінен біз маңызды жобаға көңіл бөле алмаймыз. Телефоныңызды аз уақытқа шетке ысырып, барлық хабарландыруларды өшіріп, жұмысты толығымен орындаңыз.

9. Ойыңызбен бөліспеңіз

Жаңа жобаны, ойыңызға келген идеяны басқалармен бөліспеңіз.
Жоспарыңыз туралы кез-келген адамға айтпаңыз. Нәтижеге қол жеткізгеннен кейін ғана хабардар етсеңіз болады.

http://balbal.kz/psychology/motivatsiyanyi-k-terudi-zholdaryi/

10. Есіңізде болсын, өмір қысқа

Өлім — бұл ерекше қозғаушы күш. Бітпейтін шаруалардың ізінде жүріп, уақыт көшіне ілесе алмай қаламыз.

ӨМІР БІР КҮНІ ТОҚТАЙДЫ деген ой ненің маңызды екенін түсінуге көмектеседі. Бұл аздап жағымсыз болып көрінеді, бірақ өте күшті мотивация болуы мүмкін.

11. Өз ісіңізді сүйіңіз

Өзіңіз жақсы көретін кәсіп түрімен, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Уақытты бағалауды және үнемдеуді үйренгеніңіз абзал. Қиындықтан қорықпаңыз. Әр істің бір қайыры бар.

Арман мен мақсаттан бас тартпау — бұл жетістікке жеткен адамдардың басты қағидасы.

Өзіңізді ынталандырудың, қайраттандырудың тәсілдерін іздеуді үйреніңіз.

Дайындаған: Сая Серік

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!