Біліп жүр

Ой-өрісті кеңейтетін танымдық 10 сериал

Ой-өрісті кеңейтудің оңай тәсілі

http://geek-nose.com/Ой-өрісті кеңейтудің түрлі тәсілі бар. Алайда адамдар үшін ол қызықсыз болуы мүмкін. Ғылыми дәрістер, жазбалар көбісін жалықтырып жібереді, оларды оқып отыруға ерінеді. Сол үшін қиналмай диванда отырып ақ, білімді арттыруға мүмкіндік бар. Balbal.kz мотивациялық сайты өзінің сериалды сүйіп көретін оқырмандары үшін танымдық әрі іш пыстырмайтын сериалдарды атайтын болады.

Түсіндірілген (Explained)

15-20 минуттық 20 бөлімнен тұратын сериал. Әр бөлімде әртүрлі өзекті мәселелер қозғалады. Мысалы, криптовалютаның өсу себептері, ән қалай хит болады, мәңгі өмір сүру мүмкін бе және т.б. Әр бөлімде қозғалған тақырып бойынша сол саланың білікті мамандары сөз сөйлейді.

Сериал танымалдылыққа ие болмаса да, өз сферасында үлкен жетістіктерге жеткен. Netflix кинокомпаниясының пікірінше, сериалдың 2 кезеңін түсірілу жоспарлануда.

Көшедегі тамақ (Street food)

Сізді әлемнің барлық еліндегі тағамдардың ерекшеліктерімен таныстыратын аспаздық шоу. Бұнда дәстүрлі тағамдардың дайындау құрамымен таныстырмайды, бірақ сіз ол астың тарихын біле аласыз. Сонымен қатар көшеде сол тамақты сатып отырған халықтың өмірімен, хал-ауқатымен танысасыз.

Сериалдың 1-кезеңінде тек Азияның 9 мемлекетіне тоқталады. Үйде отырып, өзге елдің салты туралы бірнеше ақпарат біліп қаласыз.

Ғылыми тұрғыдан (Naked science)

Кадр сыртындағы диктор сөзі мен эксперттер пікірі арқылы түсіндірілетін классикалық сериал. Тоғыз кезеңнен тұрады, әрқайсысы бірнеше бөлімді құрайды. Бұнда көп нәрсе ғылыми түрде түсіндіріледі, қосымша оқиғалар шиелінісі, ойын-күлкі қарастырылмаған. Тарихи фактілер, табиғи апаттардың себебі, параллель ғалам сияқты өзекті сұрақтардың жауабын біле аласыз.

Абстракт: Дизайн өнері (Abstract: Art of Design)

Кәсіпкерлердің өмірі мен жетістікке жету жолы бәрімізді қызықтыратыны хақ. Соған арнап Netflix дизайнерлердің өмірі туралы сегіз эпизодтан тұратын деректі сериал шығарды.

Nike брендінің аяқ киім шығару процесі, әйгілі журнал беттерінің дизайнын құрау, Serpentine Galleries павильонының құрылуы, т.б. хикаялар айтылады. Танымдық ерекшелігімен қатар, эстетикалық ләззат та аласыз.

Ғалам қалай жұмыс істейді (How the universe works)

Discovery телеарнасы шығарған жеті кезеңнен тұратын сериал. Ғаламшардағы кез-келген құбылыс туралы сыр шертеді: қара тесіктер, атомдар, галактика, т.б.

Бұның өзге ақпараттық видеолардан ерекшелігі – сапалы кадрлар мен ақпаратты қарапайым етіп беру жолы. Режиссер көрерменді жалықтырып жібермеуге тырысады.

Үлкен, үлкен, ең үлкен (Big, Bigger, Biggest)

National Geographic каналы инженерия саласындағы соңғы жетістіктермен бөліседі. Әр эпизодында әлемдік маңызы бар ашылулардың сыры туралы айтады.

Сериалдың 3-ші кезеңінде метро, көпір және тіреуіштің жасалуы, Панама каналы мен Әлемдік ғарыштық станция туралы көрсетіледі.

Адамдар өмірінен кейінгі өмір (Life after people)

Жер бетінде кенеттен адамдар жоқ болып кетсе не болады? Бұл сұрақтың жауабын осы сериалдан көре аласыз. Адамзат жоғалғаннан кейінгі әлемдегі өзгерістер туралы айтылады.

Ми ойындары (Brain games)

Адамның ақыл-ой мүмкіндігі туралы тың ақпараттар айтылған. Бұны деректі сериал емес, ойын-сауық түріндегі шоу деп атаса болады. Себебі онда көрермендермен тығыз байланыс жасай отырып, түрлі ойындар, әлеуметтік тәжірибелер жасалады. Сериалды көре отырып, қайталап, өзіңізді тексере аласыз.

Біздің ғаламшар (Our planet)

Netflix және BBC арналары жасап шығарған табиғат туралы ең жаңа әрі сапалы деректі сериал. Сериалды түсіріп шығуға төрт жыл кеткен, бүгінде әлемнің 50 елінде көрсетіледі.

Сериалдың мақсаты – адамзаттың табиғатқа деген әсері мен зиянын көрсету.

Адам ағзасының ішінде (Inside the human body)

BBC телерадиокешені түсірген сериал. Бұнда тікелей адам анатомиясына саяхаттағандай ішкі құрылыс туралы керемет ақпараттар беріледі.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег: #сериал, #танымдық сериалдар, #ой-өріскеңейту, #нашапланета, #абстракция, #какустроенаВселенная, #уличнаяеда

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!