Біліп жүр

Подкаст – даму мен ақпарат алудың төте жолы

Танымыңызды кеңейтетін подкасттар

Подкаст – блог, топтамалар мен түрлі тақырыптағы талқылауларды жүктеуге және тыңдауға арналған аудиожоба. Радиодан айырмашылығы тақырып пен жанр таңдауға мүмкіндік берілуінде. Қазір подкастинг кеңінен даму үстінде. Balbal.kz дамуға және мол ақпарат алуға болатын подкасттар тізімін ұсынады.

         Аэростат

Фол және панк қалай дамыды? Алғашқы платина альбомы қашан жарық көрді? Осы секілді музыка тақырыбындағы сұрақтарға компазитор Борис Гребенщиков өз подкасттарында жауап береді. Бір қызығы, бағдарлама 2005 жылдан бері радио арқылы таралып келген. Гребенщиков қазіргі таңда жүзге жуық подкаст жазып үлгерген. Бағдарламаның барлық санын тыңдау арқылы музыканың тарихы мен болашағы жайлы мол дерек аласыз.

         TED Radio Hour

«TED» интеллектуалды дәрістерін тыңдау арқылы біліміңізді шыңдайсыз. Ағылшын тіліндегі нұсқасын ағылшын тілін жақсартуға көмегін тигізеді. «TED» бағдарламасында 1984 жылдан бастап түрлі ғалымдар, кәсіпкерлер мен психологтар, саяси тұлғалар дәріс оқыған.

         Маяк

«Маяк» бағдарламасының жүргізушілері бүгінгі таңдағы маңызды тақырыптарды талдайды. Спорт, аспаздық, өнер тарихы мен әскери істерге қатысты танымал сұрақтардың жауабын іздейді. Радиостанцияның подкасттар жинағында Ресей флотынан бастап жаңадан шыққан фильмдерге шолу да бар.

Будет сделано

Табысты болудың жолдары қандай? Әлемді шарлап, саяхат жасау үшін ақшаны қалай жинау керек? «Будет сделано!» подкасты уайымдауды қойып, әрекет етуге үйретеді. Танымал кәсіпкерлер мен бизнес саласының майталмандары ө өмірінен қызықты мәліметтерді айтып, тәжірибесімен бөліседі.

99% Invisible

Бұл – дизайн тақырыбындағы ағылшын тілінде жүретін қызықты подкасттардың бірі. Автор бір саланы ғана қамтып қоймайды. Тарихи деректер мен мысалдарды келтіре отырып, талқыға салынған тақырыпты жан-жақты талдайды. Сонымен қатар кубалық архитектура мен мұнараны салу кезіндегі құрылымына арналған бөлімдері бар.

Newочем

Жоба ағылшын тіліндегі мақалаларды аударып, дыбыстаумен шұғылданады. Аудиожазбалардың тақырыбы әр түрлі: ғылыми жаңалықтар, саяхат және мәдениет, тарих, ғарыш, денсаулық сақтау және т.б. Жазбалар тек орыс тілінде.

         Websarafan

Подкаст бизнес тақырыбындағы талқылаулар мен диалогтарға бағытталған. Әр бөлімнің ұзақтығы 40 минуттан басталады. Кәчіп иелері, белгілі мамандар өзін-өзі дамыту, бақылау және уақытты тиімді пайдалану және т.б. кеңестер береді.

         С точки зрения науки

«Naked Science» басылымында жарияланған материалдар негізінде ғылым, әлемнің өзгеруі секілді тақырыптарды талдайды. Әр бөлімі қысқа әрі шолу ретінде жарық көреді. Подкаст заманауи ғылыми зерттеулерге қызығатын жандарға арналған. Журналистер қызықты оқиғалар мен зерттеулер жөнінде 15 минуттың ішінде баяндап береді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!