Біліп жүр

Психологиялық сынақ: тұтқын дилеммасы

Мелвин Дрешер мен Мерил Флудтың жаңалығы

«Тұтқын дилеммасы» — 1950 жылы Мелвин Дрешер мен Мерил Флуд ойлап тапқан сынақтың нәтижесінде ашылған жаңалық. Оның атауын математик Альберт Такер берген. 

Оның мәні мынада: банкке кіре берісте екі күдікті қамауға алынады. Олардың банкті тонау туралы ойы болғанын мойындауы үшін полиция белгілі бір талап қояды. Талап: егер екеуі де ештеңе айтпайтын болса, онда әрқайсысы екі жылға түрмеге отырады. Егер біреуі екіншісіне айып тақса, онда айып таққаны босатылады да, үндемегені бес жылға бас бостандығынан айырылады. Егер екі күдікті де бірін-бірі кінәласа, онда екеуі де төрт жылға қамалады. Айта кетерлігі, сыбайластар бұл ұсыныстың екеуіне де айтылғанын біледі.

Нәтижесінде не болады? Екі күдікті де: «Анау бәрін айтып қояды. Мені кінәлі етіп, өзі бостандыққа шығады», — деп ойлайды. Одан кейін екеуінің де басына: «Ол ештеңе айтпаса да сатқындық жасап, түрмеден құтылғаным дұрыс», — деген ой келеді. Қысқасы, көп жағдайда сынаққа түскендер екінші жақты кінәлап, арыз жазады. Нәтижесінде екеуі де төрт жылға қамалады.

Егер екі күдікті де үндемегенде бас бостандығынан екі жылға ғана айырылар еді. Бірақ, олай болуы екіталай. Тіпті, басына осындай мәселе түскен жандарды өзара сөйлестіріп, белгілі бір келісімге келуге мүмкіндік бергеннің өзінде олар түбінде бірін-бірі сатып кететін көрінеді. Өйткені, екі адам да бірдей ойлайды және біріне бірі толық сенбейді.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!