Біліп жүр

Рудольф Флештің техникасы. Қысқа әрі нақты жазу өнері

Рудольф Флештің кеңестері

Рудольф Флештің ерекшелігі– түсініксіз, ұзақ хаттарға қарсы жалғыз өзі соғыс бастауы. Ол «Қарапайым сөйлеу өнері» («The Art Of The Plain») кітабының авторы. Рудольфтың пікірі бойынша бизнесмен ауызша қалай сөйлесе, солай жазбаша жазса жетістікке жетеді. Назарыңызға Флештің нақты жазуға көмектесетін кеңестерін ұсынамыз.

Мәтіннің оқылымын жақсартуға арналған 7 ереже

Рудольф Флеш мәтінді оқытуға көмектесетін 7 ережені ұсынған. Олар:

  • Мәтінде орынды қысқартуларды пайдалану;
  • «Не» сөзі қолданылмаған сөйлем құрастыру;
  • «Мен», «біз», «олар», «сіз» деген жіктеу есімдіктерін қолдану;
  • Белгілі ұғымды зат есім арқылы түсіндіру кезінде алмастырушы сөзді іздеп қажет жоқ. Тек орынды, толықтыра алатын есімдікті немесе зат есімнің өзін пайдалануға да болады;
  • Сөйлемдер қысқа, түсінікті болуы керек;
  • Бөлімде тек бір сұраққа қана жауап берілуі қажет. Сонда ғана айтылуы керек ой жинақы болады;
  • Оқырманға түсінікті тілде жазу. Күрделі термин, кірме сөздерді, кәсіби жаргонды қолданудың қажеті жоқ.

Флештің хатқа жауап беру нұсқасы

Рудольф Флештің пікірі бойынша барлық адам жазушы бола алады. Тек нақты, қысқа жазып үйренсе болғаны. Сонымен қатар адам қалай сөйлесе, солай жазуы керек. Егер бір адамға түсіндіретін болсаңыз, барынша қарапайым сөздерді қолданасыз. Мәтін жазу да солай. Оқыған жан түсінетіндей етіп жазуға міндеттісіз.

Рудольф Флеш кез келген хатқа қарапайым жауап беруге кеңес береді: «Ұсынысыңызға рақмет, Джек!  Мен ол жайлы ойланайын. Сосын бірден сізге қоңырау шаламын». Мұның кері нұсқасы былай болады: «Бүгінгі таңда сіздің ұсынысыңыз қабылданды. Тиісті және мұқият талқыдан соң нәтижені сізге хабарлаймыз».

Екі сөйлем екі түрлі, мағына біреу ғана. Бірақ екеуінің қабылдануы да бөлек болады. Екінші нұсқасын ресми стиль деп ұнатамыз. Бірақ хатқа биресми жауап бергеннен ұтыламыз деп кім айтты? Керісінше хат жолдаушы адам Флештің кеңесі бойынша жазылған жауаптан жылылық, қарапайымдылық сезеді. Сонымен қатар ол мәтін жеңіл оқылады. Бұдан шығатын қорытынды: сөйлеміңізде қарапайым, тура мағынадағы сөздерді қолданыңыз. Заманауи, іскерлік сөздерді хатта ғана емес, сөйлеу барысында да қолданудан аулақ болыңыз.

Рудольф Флештің афоризмдері

Рудольфтың афоризмдері практика негізінде дәлелденіп келеді. Мысалы, Шекспирдің шығармаларындағы сөйлемдер қарапайым болса, барлығы жатқа білетін еді.

Ғылыми жаргонға үйреніп қалған ғалым өз сөйлемін «Флора мен фауна бұл ауданда 100%-дық қауіптілікті көрсетті» деп жазатын еді. Бұл сөйлемді «Барлық балықтар жойылып кеткен» деп жазса, оқығандардың бәріне түсінікті болары сөзсіз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!