Біліп жүр

Түрік тілін 1 айда қалай үйренуге болады?

Түрік тілін оңай меңгеру жолдары

Түрік тілін меңгердің оңай жолын ұсынбақпыз. Қабдиева Ғалия – Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-дің 3 курс студенті. Ол түрік тілін үйренудің ең оңай тәсілдерін өз тәжірибесінде қолданған. Ендеше 1 ай ішінде түрікше мүдірмей сөйлеп, 700 сөзді жаттаудың жолы қандай? 

Түрік сериалдарын қарау

Адам ақпараттың 10% есту арқылы алады.Түрікше, аудармасыз сериалдар қарау арқылы жалпы қолданыстағы сөздердің 50%-ын үйренуге болады. Біріншіден, есту арқылы түрік тіліне құлағыңыз үйренеді. Екіншіден, түріктердің салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысасыз. Үшіншіден, түріктер – эмоционалды халық. Сериалды тамашалау арқылы олардың сөйлеу ырғағын, мәнерін ұғынасыз. Мәселен, «Шексіз махаббат», «Құлпынай жұпары» атты сериалдарды қараған жөн.

Сөздікті жаттау оңай

Кез келген тілді үйрену барысында сөздік қорды жаңа сөздермен толықтырған жөн. Алайда сөздікте қатар тұрған сөздерді жаттау іш пыстырарлықтай көрінеді. Әрі бұл жол тиімсіз.

Үйренген жаңа сөзіңізді үйдегі заттарға жазып қойыңыз. Мәселен, үстелдің үстіне оның түрік тілінде қалай айтылатынын жазу керек. Үйде осы сөздерге көзіңіз түсіп, сөзді оңай жаттап аласыз. Себебі адам көру арқылы ақпараттың 81%-ын қабылдайды.

  • Әрбір үйренген сөзіңізге сөйлем құраңыз. Осы арқылы бұрын білетін сөзіңізді қайта еске түсіретін боласыз.
  • Досыңызбен бір заттың орыс, ағылшын және түрік тіліндегі аудармасын еске түсіріңіз. Бұл –қызық ойын әрі миға арналған жаттығу.

Практика жасау

Үйренген жаңа сөздерді міндетті түрде практикада қолданған жөн. Себебі сөздерді күн сайын қолданбағандықтан сөз ұмытыла бастайды.

Speaky програмасы тіл үйренушілерге пайдалы. Түрік тілінен басқа да тілдерде практика жасауға арналған. Бұл жерден түрік достарын табуға болады. Олармен жиі сөйлесу арқылы түрік тілінде жазуға қабілетіңіз артады. Сөйлесу барысында қате жіберемін деп қорықпаңыз. Програмадағы қатені түзеуге арналған батырма арқылы досыңыз қатеңізді жөндеп береді.

Түрікше ән шырқаңыз

Ютубтан караоке қосып түрік тілінде ән айтып көріңіз. Біріншіден, сөздерді дұрыс айтуды үйренесіз. Құлаққаппен тыңдаған да жақсы. Екіншіден, түрік әншілерімен таныс боласыз. Үшіншіден, тыңдау қабілетіңіз артады. Көру арқылы үйренген сөздеріңіз еске түсе бастайды. Әннің қазақша мағынасын да түсінетін боласыз.

Жоспар құрыңыз

Аптаның барлық күнінде түрік тілін үйреніңіз. Күн сайын қанша сөз, қандай граматиканы үйренетіңізді алдын ала жоспарлап, қағазға жазған жөн. Мысалы, дүйсенбіде алфавит, 25 жаңа сөз жаттау, сериал көру. Осы жазған жоспарыңызды мүмкіндігінше 100% орындаған дұрыс. Толық орындалмаған жағдайда ертеңіне жоспарды арттырыңыз. Өзіңізге көңіліңіз толып, жоспарыңыз ойдағыдай орындалса, апта соңында өзіңізді қуантыңыз. Көптен бері алуды армандап жүрген затыңызды сатып алыңыз немесе шоколад та көңіліңізді көтереді.

Дайындаған: Аружан Смағұлова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!