Біліп жүр

Түрік тілін 2 айда үйреніп ал да Түркияда білім ал  

Түрік тілін меңгерудің тиімді жолдары

Түрік тілін 2 айда үйрену оңай. Тек нақты мақсат пен тәртіп керек. Егер түрік тілін жақсы білсеңіз, Түркияның үздік жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігі де бұйырады. Енді түрік тілін меңгерудің тиімді жолдарын қарастырайық.                    


Айқын мақсат           

Кез келген тілді меңгермес бұрын мақсатыңызды айқындап алыңыз.Түрік тілінде де дәл солай. Нақты мақсат болмаса, тіл меңгеруді бір апта өткеннен кейін тастап кетуіңіз мүмкін.

                                      Онлайн курстарға қатысу

Онлайн курстарға қатысу арқылы үйрену тиімді. Себебі сізді қадағалап, қатеңізді түзететін адам болады.Turkish nomads, Turkish step онлайн курстары сізді түрікше үйретуге әрдайым дайын. Қаражат жағынан қиналсаңыз, ғаламтордағы сайттар мен YouTube әлеуметтік желісіндегі видеолар арқылы үйреніп алуға болады.

                                    Жүйелі тәртіпке бағыну                                   

Аптасына бір рет 2-3 сағаттан үйленгеннен күніне 15-20 минуттан үйренген әлдеқайда тиімді. Мысалы, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері грамматикаға көңіл бөліңіз. Қалған күндерде практика жасаңыз.

                Тілді жаттықтыру

Кітаптар оқу тілді үйренуге көп көмек береді. Бірден әдеби кітаптан бастамаңыз. Жеңіл-желпі балаларға арналған ертегі кітаптарын оқыңыз. Күніне 2-3 бет оқу тілді жаттықтырады, акцентті азайтады, сөздік қорды көбейтеді.

      Өзіңізді қинамау      

Тек грамматиканы үйрену сізді шаршатуы мүмкін. Сондықтан түрікше кино, мультфильм қарау арқылы демалып алыңыз. Бос уақытыңызда  музыка тыңдаңыз.

Тілмен өмір сүру    

Ол үшін сол тілдегі адаммен сөйлесіңіз. Практикаға арналған қосымшаларды ұялы телефоныңызға жүктеп алыңыз. Speaky, HelloTalk, Tandem секілді қосымшалар сізге таптырмас құрал. Күнделікті істеп жатқан жұмысыңызды түрік тілінде айтуға тырысыңыз. Бұл практиканың бір бөлігі.

            Сөздерді жаттамаңыз          

Сөйлемдер қолдану арқылы есіңізде сақтаңыз. Осы айтылған қағидаларды бұлжытпай орындап жүрсеңіз, 2 ай ішінде түрік тілін меңгеріп аласыз.                                                                  Австралия, Канада, АҚШ секілді елдерге қарағанда Түркияда білім алуға барынша жағдай жасалған. Түркияда тегін білім алуға арналған Turkiye Bursaları және Turkiye Scholarships бағдарламалары бар. Бағдарлама жеңіпаздарына:                                                                             -тегін білім алу;

-шәкіртақы;

-тегін баспана мен тамақтану,

-тегін медициналық сақтандыру;

-түрік тілін оқу (егер түрік тілін білмейтін болса);

-екі тегін ұшақ билетін беру мүмкіндіктері қарастырылған.

Бағдарламаға қажетті құжаттар:

Бакалавриат үшін:

– Оқу үлгерімі көрсетілген табель (егер әлі мектепті тәмамдамаған болса) немесе аттестат;

– Халықаралық, республикалық олимпиадалық диплом немесе сертификаттар (Егер бар болса грантты ұтып алу мүмкіндігіңіз жоғары болады);

– TOEFL,ІELTS, SAT сияқты ағылшын тілінен сертификаттар (егер бар болса грантты ұтып алу мүмкіндігіңіз жоғары болады);

Магистратура үшін:

– Диплом (егер университет қабырғасында оқып жатқан болсаңыз, университетке қабылданғаныңыз жайлы құжат, оқу үлгеріміңізді нақтылайтын орташа балл (GPI баллы) құжаты.

– Біліктілігіңізді көрсететін халықаралық, республикалық дәрежедегі түрлі диплом немесе сертификаттарыңыз (егер бар болса грантты ұтып алу мүмкіндігіңіз жоғары болады).

– TOEFL, ІELTS, PTE, FCE сияқты халықаралық дәрежедегі ағылшын тілінен біліктілігіңізді көрсететін сертификаттар. Бұл шарттар таңдаған бөлімдеріңізге қарай өзгереді. Дегенмен аталған сертификаттар бар болса грантты ұтып алу мүмкіндігіңіз жоғары болады.

Дайындаған: Нұрсұлу Алматқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!