Біліп жүр

TedX: пайда болу идеясы

TedX дәрістерінің пайда болуы жайлы

TedX – түрлі тақырыпта конференция өткізетін америкалық фонд. Конференцияда өткен лекциялар бірнеше тілге аударылып, бейне түрінде таратылады. Balbal.kz мотивациялық сайты белең алған лекциялардың пайда болу тарихы туралы материал дайындады.

TED бастауы

Бұл идеяны бастаған – Ричард Сол Вармен. Ол «ақпараттық архитектураның» негізін салған. Ричардқа Гарри Маркс көмектесті. 1984 жылы Монтерей қаласында Sony компаниясы шығарған Macintosh компьютерінің көрсетілімі болды. Онда математик Бенуа Мандельброт өзінің фрактал теориясының практикада қолданылуын көрсетті. Жасанды интеллект маманы Марвин Мински ақыл-ойдың жаңа моделін түсіндірді. Содан бастап олар TED (Technology Entertainment Design) технология, көңіл көтеру және дизайн жобасын қолға алды. 1990 жылдан бастап ол жыл сайын өтетін болды.

2001 жылы Ричард жобаны SaplingFoundation қорының негізін салушы Крис Андерсонға сатты. Дәл осы жобаның миссиясын құрған Крис еді.  «Ideas worth spreading»  — таралуы тиіс идеялар деген қағидамен жұмыс істеді.

Ted дәрістер әлемге қалай таралды?

Спикерлердің тізіміне АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтон, Нобель сыйлығының лауреаттары Джеймс Уотсон, Мюррей Гелл-Манн, сондай-ақ Википедияның негізін салушы Джимми Уэлс сияқты танымал тұлғалар кірді.

Лекция бейнежазбалары TED.com сайтында жарияланған. 2006 жылы TED YouTube-та спикерлердің презентацияларын сала бастады. YouTube арнасындағы «Райвс интернетті басқарады» деген алғашқы бейнені 330 мыңнан астам көрді. Арнадағы ең танымал бейне — Джеймс Витчтің «Сіз спамға жауап берген кезде не болады» тақырыбындағы әңгімесі. Оны 40 миллионнан астам адам қараған. Бұл тек ресми арнада, көптеген көшірмелерді есептемегенде.

Қазіргі уақытта сайтта түрлі тілдерге аударылған 1500-ден астам дәрістер бар.

TED — бүкіл әлемнің 130 мыңнан астам қатысушылары бар қауымдастық. Оның дамуына Open Translation Project-тің ерікті аудармасы, TED Conversations коммуникациялық платформасы көмектесті.

Еріктілер презентацияларды әртүрлі тілге аударады. TED-те аудармашы жоқ. Әлемнің кез келген нүктесінен келген қатысушылар ұнаған презентацияны ана тіліне аудара алады.

Ted дәрісінде презентация жасау ережесі

  1. Презентация 18 минуттан кем болмау керек.
  2. Сөйлейтін тақырыбыңыз өзекті болу шарт.
  3. Коммерциялық сипатта өткізуге болмайды (өз өнімдерін/қызметтерін жарнамалау және т.б.).
  4. Спикерлер конференцияда парақшадан оқымау керек.
  5. Лекция шынайы, сенімді және нақты болуы керек.
  6. Саяси, діни тақырыптар, сондай-ақ алкоголь мен темекіні насихаттауға болмайды.

Осы талапқа сай болса, Тед сайтына өтініш қалдыра аласыз.

Қазақстандағы TEDx

TEDxAlmaty — TEDx-тің Қазақстандағы алғашқы конференциясы. Ол 2010 жылдан бастап жыл сайын күзде өткізіліп келеді. Оған 500 адамға дейін қабылданады.

2012 жылдан бастап TED пен WikiBilim қоғамдық қоры TED Talks бейнесін қазақ және орыс тілдеріне аударып, оларды Bilim TV телеарнасында таратуды қолға алды.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!