Біліп жүр

Видеоблог – саяхатты алмастырушы құрал

Саяхат жайлы видеоблогтар

Видеоблог арқылы адамдар өз ойын жеткізеді. Таныстары, жақындары не өз жазылушыларына ақпарат беру мақсатында түрлі платформаларда жүргізеді. Видеоблогтардың түрлері өте көп. Солардың ішіндегі ең танымалы – саяхат тақырыбы. Balbal.kz саяхатты алмастыратын видеоблогтар тізімін дайындады.

         Temirlan Mukashev

Темірлан есімді жігіт өз блогын 2019 жылы бастаған. «YouTube» арнасында өзі барып көрген елдер жайлы видеолар мен бейнешолуларды қазақ тілінде жариялап отырады. Елдер тізімінде Мысыр, Түркия, Үндістан, Таиланд секілді мемлекеттер бар. Сонымен қатар шет елдерден бөлек Қазақстанның көрікті жерлеріне жасалған саяхаттарды да кездестіруге болады. Видеоблогты тамашалай отырып өзге елдер жайлы ақпарат алып қана қоймайсыз. Тур бағасы мен саяхатқа қажетті сомма туралы да айтып өтеді.

         Антон Птушкин

Антон Птушкин – тележүргізуші және видеоблогер. 2017 жылы Настя Ивлеевамен бірге «Орел и Решка» бағдарламасын жүргізген. Видеоблогер өз арнасында саяхат жайлы бейнежазбаларды жариялап отырады. Антон Птушкиннің айтуы бойынша, барлық жазбаларды ешқандай оператор және сценаристердің көмегінсіз дайындайды. Оның видеоблогында саяхатқа қатысты қызықты деректер мен қажетті лайфхактар айтылады.

         Александр Кондрашов

Александр Кондрашов – кәсіпкер, инвестор және саяхатшы. Өзінің саяхаты, көліктер мен кәсібі, инвестиция жөніндегі видеоларын «YouTube» арнасында жариялайды. Александр 2019 жылы «National Geographic Traveler Awards» сыйлығының «Үздік трэвел-блогер» категориясы бойынша жеңімпаз атанған.

         Varlamov

Илья Варламов – журналист, кәсіпкер және видеоблогер. Блогер «LiveJournal» блог-платформасы арқылы танылған. Илья әлемдегі түрлі елдерге саяхат жасап, адамдардың өмір сүру деңгейі жайлы ақпараттармен бөліседі. Видеоблог тек саяхат тақырыбына арнамламаған. Мұнда автор саяси тақырыптар мен түрлі оқиғалар жайлы өз ойын білдіреді.

         Своим ходом – Виталик и Лиза

Блогерлер 8 жылдан астам уақыт саяхаттап, әлемнің 55 елінде болған. Олар өз видеоблогтарында әр елдің ерекшеліктеріне тоқталып, өз бетінше саяхаттаудың жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар ақша үнемдеу, арзан жолдарды таңдауға қатысты өз тәжірибелерімен бөліседі.

Andrey Burenok

Андрей Буренок – кәсіпкер, саяхатшы, «TripMyDream.com» сервисінің негізін салушы. Видеоблогер өз арнасында саяхат барысындағы бейнежазбалар, әр елдің ерекшеліктері және қызықты деректерімен бөліседі. Түрлі әуе компанияларына шолу жасап, тәжірибесін ортаға салады.

Джон и Ева

Ерлі-зайыптылар 2015 жылы әлемді аралауға саяхатқа аттанған. Осы уақыттан бері өз көрген-білгендерімен бөлісіп, видеоларды «YouTube» арнасында жариялап отырады. Блогта олар түрлі тақырыптарды қозғайды. Көрермендердің сұрағына жауап беріп, шетел азаматтарының тұрмыс-тіршілігі жөнінде ой бөліседі.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!