Біліп жүр

Визит картасы: Қандай ақпарат қай жерде жазылуы тиіс

Визит картасы – жарнамалық құралдардың бірі

Визит картасы – маркетинг құралдарының бірі, клиенттерді тартудың тиімді жолы. Егер сіздің визит картаңызды лақтырып тастаса, бұл қорқынышты емес. Сіздің картаңыз әмиянда сақталып тұра ма, әлде оны лақтырып тастай ма – бәрібір. Түбінде ол қажетсіз болып қалуы немесе жоғалып кетуі мүмкін. Сол уақыт аралығында картаны қолына алған адамға әсерін тигізсе болды. Сондықтан басты мақсат – мүмкіндігінше ұзақ сақтау емес, нәтижеге жету. Ендеше Balbal.kz мотивациялық сайты клиенттерді тартатын визит карталарын дайындаудың ережелерімен бөлісетін болады.

Не? Кім үшін? Не үшін? Қандай?

Визит карталарын жасау кезінде салғырттық таныту – үлкен қателік. Дұрыс визит картасы бір уақытта өзіңізге салынған инвестицияны өтей алады. Сондықтан картаны басып шығармас бұрын сіз бірнеше сұрақтарға жауап беруіңіз керек:

Визиткаңызды кім алады? Соған байланысты тұжырымдаманы дайындайсыз.

Ол қай жерлерде таратылады? Осылайша сіз ондағы барлық деректерді дәлірек шығара аласыз.

Мақсаты не? Сол арқылы сіз қандай форматта тарататыныңызды неғұрлым жақсы түсінесіз.

Техникалық әсемделуі қандай? Бұдан кейін сіз қандай материалға, өлшемге және пішінге артықшылық берілетінін жақсы түсінесіз.

Яғни «Не?», «Кім үшін?», «Не үшін?», «Қандай?» деген сұрақтарды көкейіңізге түйіп алыңыз.

Визит картасының типін анықтау

Визит картаңызда не нәрсеге басымдылық беретініңізді анықтап алыңыз. Негізінен карточкалардың үш типі болады: компанияныкі, жеке іскерлік, промоушн

Компанияның визит картасы. Жеке тұлға туралы ақпарат жазылмайды, тек компанияңыз туралы жалпы ақпарат беріледі.

Жеке іскерлік карта. Барлық ақпарат жекеленшенген. Компаниядағы ұстанымдарға қатысты мәлімдемелер болады.

Промоушн картасы. Барлық ақпарат жарнама болып табылады және белгілі бір оқиға туралы хабарлама жеткізеді.

Өлшемі

Визиткаңызды әр түрлі тәсілдермен сәндеуді бастамас бұрын визиткаларды жобалаудың негізгі принциптері мен ережелерін білу керек.

Ең алдымен мәтін қысқа да нұсқа жазылады.

Визиткалық карталардың стандартты өлшемін пайдаланған жөн.

Көп адамдар ерекшелену мақсатында картаның өлшемін үлкенірек етіп шығарады. Бірақ бұл қалталардың, әмияндардың және т.б. өлшемдеріне сәйкес келмегендіктен, картаның жоғалып қалу яғни назарсыз қалу ықтималдылығы жоғары болады. Қазақстандағы визит картасының стандартты өлшемдері – ені 90 мм, ұзындығы 50-52 мм.

Материалы, түсі

Көп адам визит картасының түсі мен оның қандай қағаздан жасалатынын таңдай алмай, әлекке түседі. Материалға қатысты таңдау маңызды емес: қарапайым жылтыр қағаз не зығыз қағазын таңдасаңыз болады. Ең бастысы, мұның бәрі сәнді көріну керек. Гофрленген парақшаны қолданған дұрыс болады.

Визит картасының түсі бойынша арнайы ұсыныстар жоқ, бұл сіздің және компанияның стиліне сәйкестендіріледі. Егер сізде әзірге жеке стиль қалыптаспаса, онда классикалық ақ визиткада қалған жөн. Әйтпесе сіздің түсіңіз компанияның болашақтағы стиліне сәйкес келмеуі мүмкін.

Қызықты идеялар мен дизайн мысалдарын табу үшін pinterest.com сайтын қолдануға болады. Сайтқа «Визитка» сөзін жазып, түрлі мысалдарды көре аласыз.

Пішімі

Бұл жағдайда сіздің креативті ойларыңыз керек болады. Визитка нысаны неғұрлым ерекше болса, соғұрлым жақсы болады.

Бірақ осы тұжырымның шекараларын түсіну керек. Визиткаңыздың бір бұрышы кесілген болуы мүмкін. Алайда құттықтау билеті сияқты жүректің, шаршының немесе шеңбердің пішімін қолданудың қажеті жоқ. Мұндай идеяларыңыз іске асырғыңыз келген кезде қаражат жағына да мән бергеніңіз абзал.

Мазмұны

Ең маңызды бөлігі – визит картасының құрылымы. Біз оны шартты түрде екіге бөлеміз: алдыңғы және артқы беті.

Алдыңғы беті

Логотип. Оның оңтайлы орналасуы – сол жақ жоғарғы бұрышта, өйткені картаны зерттеу дәл сол жерден басталады;

Сипаттама (қызмет сипаттамасы). Қандай қызмет түрі екенін қысқаша сипаттаңыз;

Аты-жөні. Алдымен есімізді жазыңыз;

Лауазымы. Егер сіз стандартты емес ерекше позицияны жазсаңыз, ол жақсы есте қалады;

Байланыстар. Тек бір хабарласу нөмірін жазыңыз. Нөмір не пошта алдына белгі немесе ерекше көзге түсетін символиканы салуға болады.

Қаріптерді қолдану барысында үш өлшемнен артық көп өзгертпеңіз.

Жазылған мәліметтердің арасы кең болғанын бақылаңыз, себебі тым тығыз орналасқан элементтер байқалмай қалады.

Артқы беті

Іс жүзінде көпшілігі визитканың алдыңғы бөлігін ғана пайдаланады. Бұған себеп – ақша үнемдеу. Алайда артқы бетіне шығарылған визитка сіздің бизнесіңізді бірнеше есе тиімді ете алады. Өйткені сіз артқы жағында ең басты ұсыныс жасайсыз.

Мұны оқып болғаннан кейін адам таңғалып, алған ақпаратына назар аударуы маңызды. Егер сізде ең классикалық бағыт болса, онда визитканың артқы жағындағы мазмұны мынадай болуы мүмкін: локомотив-тауар, бірегей сату ұсынысы немесе визит картасын не инстаграм парақшамызды көрсету кезінде жеңілдік, т.б.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!