Кітап

Хэлл Элрод: Таң шапағаты

Хэлл Элрод жазған "Магия утра" кітабы

Хэлл Элрод «Магия утра» кітабында өзін-өзі дамытудың бірнеше тәжірибелерін ұсынады. Бұл кітап сізге күннің бірінші сағаттарынан максималды нәтиже алуға көмектеседі. Таңды осылай қарсы алған күні бойына қуат пен шабыт береді. Берілген техникалар жасқа, кәсібіне қарамастан барлық адамдарға жарамды.

Тыныштық

Күніңізді қарбаласпен емес, саналы және тыныштықтан бастаған дұрыс. Қазіргі адамдар үшін тыныштық стресстік қалалық ортада жетіспей жатады. Ғылыми дәлелденген тәсілдердің бірі – медитация. Ғалымдар бұл стресс деңгейін төмендетеді, концентрацияны жақсартады, тіпті мидың бөліктерін ұлғайтатындығын айтқан.

Хэлл Элродтың алгоритмі:

  • Ұйықтап қалмас үшін жайлы жерге жайғасыңыз.
  • Тыныс алуыңызға мүмкіндігінше көп көңіл бөліңіз. Мұны орындау үшін сіз «квадрат ережесін» қолдана аласыз. 3 секунд тыныс алып, тынысыңызды 3 секунд ұстаңыз, 3 секунд дем шығарыңыз және сол уақытта тынысыңызды қайта ұстаңыз. Бұл циклды жаттығу барысында қайталаңыз.
  • Ішпен демалуға тырысыңыз. Бұл кезде сіз мұрынмен дем алып, аузыңызбен дем шығаруыңыз керек.
  • Мақсатыңыз – ойыңызды барлық ойлардан тазарту.
  • 5 минуттан бастап, біртіндеп уақытын ұзарта беріңіз.

Аффирмациялар

Ежелден келе жатқан техникалардың бірі – аффирмация. Аффирмациялар – өзімізбен саналы түрде жүргізетін ішкі диалогтар. Аффирмацияның көмегімен негативті ойларыңызды позитивтіге қалай айналдыруға болады?

  • Мақсатыңызды анықтап алыңыз.Мақсатыңыз өмірдің барлық салаларын қамтуы керек: қаржы, қарым-қатынас немесе денсаулық. Өзіңіздің идеалды өміріңізді қалай көретініңізді сипаттаңыз. Миға белгілі бір бағытты беру қажет.
  • «Неліктен?» деген сұраққа жауап беріңіз. Бірнеше маңызды мақсаттарды нақтылауға және оларды мағыналы етуге көмектеседі.
  • Мақсаттарға жету үшін қандай адам болу керектігін сипаттаңыз. Біліміңізді дамытып, өзіңізге инвестиция жасаңыз. Жеке басыңызды өзгерту арқылы ғана өміріңізді өзгерте аласыз. Оны шешудің алғашқы қадамы – өзіңізден не қалайтыныңызды түсіну.
  • Мақсатқа жетелейтін әрекеттерді анықтаңыз. Оларға сіз жасағыңыз келетін қадамдардың нақты саны мен жиілігін қосыңыз.

Көрнекілік

Бұл әдісті спортшылар жаттығуларында бірнеше уақыттан бері қолданып келеді.

Хэлл Элрод бұл тәжірибені аффирамцияны оқығаннан кейін бірден орындауға кеңес береді және оны үш сатыда жасау керек:

  • дайындалыңыз – көзіңізді жұмып, терең дем алыңыз.
  • Сіз қандай мақсатқа қол жеткізгіңіз келетінін елестетіп көріңіз. Миыңызға өзіңіздің ұмтылатын өміріңіздің ең жарқын және терең бейнелерін елестетіңіз.
  • Қандай адам болғыңыз келетінін ойланыңыз. Жұмысқа қандай ынтамен баратыныңызды және таңертеңгі жүгіруге қандай рахатпен шығатындығыңызды ойластырыңыз.

Жаттығу

Сізге өзіңізді тәрбиелеу басында қиын болуы мүмкін. Таңғы жаттығулар – өзін-өзі дамытудың өте тиімді және бағаланбаған тәсілі. Бұл әл-ауқатты жақсартып, миды оттегімен қанықтырып қана қоймайды. Ең бастысы, бұл нақты іс-әрекетке ең жақын импульс береді.

Өзіңізге сәйкес келетін кез-келген жаттығу түрді таңдай аласыз . Ол жүгіру, күрделі жаттығулар немесе велосипедпен жүру болуы мүмкін.

Оқу

Сіз қандай мақсатқа қол жеткізгіңіз келсе де оқуға тура келеді. Біз білімді оқу арқылы санамызға енгізе аламыз.

Күніне кемінде 10 беттен бастаңыз. Жылына 200 беттік 20 кітап  оқып шығасыз. Тиімді оқу үшін:

  • Процесті өз мақсаттарыңызбен басқарыңыз. Өзіңізге не үшін оқитыныңызды және кітаптан не алғыңыз келетінін сұрауды ұмытпаңыз.
  • Парақтарды бүктеп, астын сызып, шетіне жазбалар жазып, кітаптан барынша көп пайда алуға тырыс.
  • Ең жақсы шығармаларды қайта оқып шығыңыз. Жас ұлғайған сайын біздің ойлау қабілетіміз өзгереді: ескі ақпаратты жаңаша қабылдаймыз. Мұның бәрі қайта оқып шығу қажеттілігі туралы айтады. Бұл материалға тереңірек кіріп, одан құнды білім алуға мүмкіндік береді.

Күнделік жүргізу

Күнделік оқиғаларды, әсерлерді, идеяларды, жоспарларды құжаттауға көмектеседі. Бұл кез келген уақытта, кез-келген жерде қол жетімді психотерапияның ақысыз түрі. Күнделікті қайта оқу ескі идеялар мен өмірлік сабақтарға жаңаша көзқараспен қарауға, сондай-ақ өзіңіздің даму жолыңызды бақылауға мүмкіндік береді.

Дайындаған: Медина Дүкенбаева

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!