КітапТабыс

Крис Гильбо «$100-лық стартап» кітабының қысқаша мазмұны

Крис Гильбо және оның кітабы

Крис Гильбо – жазушы, саяхатшы, «Travel Ninja» және «Travel Hacking Cartel» сервистерінің иесі. Ол түрлі жобалармен айналысады. Крис Гильбо әлемнің 175-тен астам елінде болған. Қазіргі уақытта адамдарға кәсіп ашуға көмектеседі. Назарыңызға Гильбоның «$100-лық стартап» кітабының қысқа мазмұнын ұсынамыз.

Өзіңізге өзіңіз басшы болыңыз

Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі қатаң кесте мен белгілі тәртіп бойынша жұмыс істеуден бас тартуда. Олар өздеріне сүйікті істерімен айналысып, шағын бизнестерін ашады. Микрокәсіпорын құрып, еркін әрі мәнді өмір сүреді.

Микробизнес ашу үшін сіз ойлағаннан да аз нәрсе керек. Көп қаржысыз, арнайы білім мен тәжірибесіз-ақ қарапайым адамдар әр күн сайын кәсібін бастайды.

Мысалы оқу орнын енді бітірген екі дизайнер ғаламтор арқылы өз қолдарымен жасаған туристік карталарды сата бастаған. Нәтижесінде 9 айдан соң жұмыстарынан шығып, өздерін толығымен кәсіпке арнады.

Сізге жетістікке жету үшін ешкім кедергі болмайды. Бұл үшін бар болғаны мыналар керек:

  • Сатуға болатын тауар немесе қызмет;
  • Бұл үшін ақша төлеуге дайын клиент;
  • Төлем механизмі.

Әрекет етуді бастаудан қорықпаңыз. Ішіңіздегі қорқыныш пен сенімсіздік үлкен қиындықтарды тудырады. Бұл сезімдерге берілмеңіз.

Сәтті бизнес үшін бір ғана ынта жеткіліксіз

Көпшілігі сүйікті іспен айналысып, көп ақша тапқысы келеді. Алайда бұл үшін ақша төлейтін адамдар табылмайынша, нағыз бизнеске айналмайды.

Сіздің қызығушылығыңыз бен қабілетіңізге сәйкес келетін, клиенттерге қажет саланы таңдаңыз. Клиенттерге артықшылықтар мен тұтынушылық құндылықтарды ұсыныңыз. Адамдарға пайда алып келуді ойластырыңыз.

Қызығушылықты бизнеске айналдыру қиын істердің бірі. Өзіңізге ұнайтын іспен өзгелердің айналысуына көмектесіңіз.

Егер таңдалған салада жұмыс істеуге қабілетіңіз жетпесе, «қабілеттерді өзгерту» әдісін қолданыңыз. Бұл салаға қажетті қабілет болмағанымен, ұқсас салада сіздің қабілетіңіз болуы мүмкін. Бойыңыздағы таланттарды толығымен қолданыңыз. Ал қажеттісін үйреніңіз.

Мысалы Лондонда даяшы болып жұмыс істеген Кэт Адлер адамдармен жақсы қарым-қатынас орната алған. Ол PR саласында өзінің компаниясын құрады. Ол бұл бизнес жайлы ешнәрсе білмеді. Бірақ оның бойындағы коммуникативтік қабілет кәсіпті игеруге көмектесті.

Бизнес ақша алып келу керек

Бизнес хобби болғанымен, сізге пайда алып келуі керек. Қаржы мәселелерін толығымен ойластырыңыз.Сізге несие алудың қажеті болмауы мүмкін. Шығын сайт ашу мен ноутбук сатып алуды құрады делік.

Мысалы Шелли Витри Денверде тур ұйымдастыру кәсібін ашу үшін 28 долларын жұмсаған. Нәтижесінде жылына 60 000 доллар табыс тапқан.

Шығындарды төменгі деңгейде ұстап тұрыңыз. Сатылымға әсер ететін заттарға ғана ақшаңызды салыңыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!