Компас

Қараңғы қалалар сәулесі

Қараңғы қалалар – бірнеше айлар бойы күн көзі түспейтін қалалар. Мысалы Норвегиядағы Ян-Майен қаласында жылына небәрі 823 сағат күн сәулесі түседі. Бұл дегеніміз жылына екі ай ғана күн сәулесі түседі, ал қалған уақытта қаланы қараңғылық жауып тұрады. Balbal.kz сайты сіздерге қараңғы қалалардың тізімін ұсынады.

Мурманск, Ресей

Жылына күн сәулесінің түсуі – 1715 сағат.
Мурманск – әлемдегі ең үлкен қалалардың бірі. Арктикалық шеңберден жоғары орналасқан. Қыста температура -10 градусқа дейін жетеді екен. Жылына бірнеше айға созылатын қараңғылық туристердің қызығушылығын оятқанмен, қала тұрғындарын психикалық түрде қатты шаршататын көрінеді.

Кируна, Швеция

Жылына күн сәулесінің түсуі – 1680 сағат.
Қаланың атауын «ақ құс» деп аударуға болады. Кируна Арктикалық шеңбер бойында орналасқан. Күн тек 30 мамыр мен 15 шілде аралығында пайда болады, қалған уақытта қала тұрғындары қараңғылыққа төзуге мәжбүр.

Джуно, АҚШ

Жылына күн сәулесінің түсуі – 1540 сағат.
Джуно бүкіл Америкадағы штаттардың астанасының арасындағы ең ірісі болып саналады. Ресми түрде қала аумағы 8430 шаршы шақырымды алып жатыр. Шын мәнінде, аумақтың 99% -ы жабайы ормандар мен таулардан тұрады. Күн сәулесінің болмауы адамдарды психикалық ауытқулар мен депрессияға әкеп соқтырады.

Бирмингем, Ұлыбритания

Жылына күн сәулесінің түсуі – 1364 сағат.
Бирмингем – Уэст-Мидленс аймағының орталығы. Сондай-ақ, тұрғын саны жағынан Англиядағы Лондоннан кейінгі екінші қала болып табылады. Бирмингем қаласында 2 миллионнан астам адам тұрады. Мұнда жергілікті климат ылғалды болып келеді. Жергілікті халық қараңғылыққа үйреніп қалған.

Принс-Руперт, Колумбия

Жылына күн сәулесінің түсуі – 1230 сағат.
Қаланың климаты өте ылғалды, оның жылдық жауын-шашын мөлшері 2590 миллиметрді құрайды. Сонымен қатар, бұл қалада жылына 240 күн жауын-шашын жауса, 1230 сағат қана күн сәулесі түседі екен. Жазы салқын және салыстырмалы түрде құрғақ, тамыздың орташа температурасы шамамен 13,5 °C. Көктем мен күз айларында жауын-шашынның шыңы жоғары болады.

Никольское, Ресей

Жылына күн сәулесінің түсуі – 992 сағат.
Никольское – аралдардың ең үлкені. Беринг аралының солтүстігінде орналасқан. Мұнда ақпанның орташа температурасы −4 °C, тамыздың орташа температурасы + 10 °C. Судың температурасы ең жылы мезгілде әрең дегенде 10 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райы күн сайын, кейде сағат сайын өзгеріп отырады. Арал тұрғындары шуақты күн сирек кездеседі және таңғажайып құбылыс деп есептейді.

Торсхавн, Дания

Жылына күн сәулесінің түсуі – 884 сағат.
Торсхавн – Фарер аралдарының шығыс жағалауында орналасқан. Дегенмен, жергілікті тұрғындар өз қаласының ерекшелігіне риза. Қала халқының өмір сүру деңгейі жоғары.

Ян Майен, Норвегия

Жылына күн сәулесінің түсуі – 823 сағат.
Ресми түрде әлемдегі қараңғы қалалар көшін бастап тұрған елді-мекен болып саналады. Жаздағы орташа температура +5 °C, максимум +10 °C. Қыстың орташа температурасы -5 °C шамасында, кейде -20 °C-тан төмендейді. Ауа-райы жиі бұлтты, тұман түседі, әсіресе, күзде және көктемде ауыспалы бағыттағы жел күшейеді.

Дайындаған: Гаухар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!