Компас

Польша: көрнекті жерлері мен олардың ерекшеліктері

Польша жайлы қызықты деректер

Польша еліне саяхаттауды жоспарлар жүрген турист болсаңыз мақаланы міндетті түрде оқып шығыңыз. Компас айдарының келесі нысаны – Польша. Balbal.kz сайты материал дайындап, назарыңызға ұсынады

Пайдалы ақпарат

Польша астанасы – Варшава қаласы. Жер аумағы – 312 679 км². Халқы – 38 483 957 адам (2017). Ақша бірлігі – злота. Ресми тілі – поляк тілі. Польшаға Нұр-Сұлтан-Варшава, Алматы-Варшава, Алматы-Мәскеу-Варшава бағытында жете аласыз.

Бір күнге баспанананы жалға алу сомасы

1-2 жұлдызды қонақ үй шамамен 2500 теңге;

3 жұлдызды қонақүй 9600 теңге;

Хостел 2400 теңге;

Пәтер 6800 теңге.

Ауа райы

Қаңтар айында температура теңіз жағалауында 1⁰С. Таулы өңірінде 6⁰C. Шілдеде 17⁰C, ал таулы өңірде 10-14⁰C.  Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-1000 мм.

Транспорт

Варшавадағы қоғамдық көліктер 05:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. Жол жүру ақысы 1 күнге 700-1200, 3 күнге 1900-3000, 30 күнге 7600-12500 теңге. Велосипед айдаушыларға ерекше жағдай жасалған. Жол екі бөлікке бөлінген. Біріншісі – жаяу жүргіншілер, екіншісі – велосипед айдаушыларға арналған.

Польша мемлекетінің көрікті жерлері

Варшава қаласы

Астана зерттеуден бастағаныңыз жөн. Әртүрлі талғамға сай дүкендер мен мейрамханалар бар. Мұндағы ерекшелік 13-ші ғасырдағы ескерткіштер орналқан қала. Әдемі суреттер түсіру үшін фотокамераны алуды ұмытпаңыз.

Мариенбург қамалы

Бұл қамал Ресей Федерациясының Ногат өзеніне жақын орналасқан. Бекініске бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазір ғимарат қабырғасында мұражай жұмыс істейді. Мұражайда қару-жарақ коллекциясы, бұйымдар мен сауыттарды көре аласыз.

Татра тауы

Ең биік нүктесі 2499 м. Сонымен қатар мұзды цирк, тау көлдері және үңгірлерімен қызықтырады. Және Закопане деп аталатын шаңғы курорты бар. Варшава қаласынан бұл жерге пойызбен жете аласыз.

Виланув сарайы

Варшаваның оңтүстік-шығысында орналасқан сарайға қош келдіңіз.. Патша әулетіне арналған резиденция XVII ғасырдың соңында салынды. Қазіргі уақытта сарай көркемсурет мұражайына айналған.

Лазиенки паркі

Польша астанасының қақ ортасында орналасқан. Парк XVII ғасырда салынды. Саябақ аумағында Су сарайы, Ақ үй, Рим театры, Мысыр сарайы сияқты көрнекті орындар бар. Барлығының өзіндік тарихы бар.

Мошненский қамалы

Қамал балаларды ғана емес, ересектерді де таң қалдырады. Ерекше тарихи ескерткіштер, кинотеатр, кітапхана және 52 оқу залы бар.

 Мәдениет және ғылым сарайы

Кеңес одағының польшалықтарға тартқан сыйы. Үш мың ресейлік құрылысшылар 3  жыл бойы салған ғимарат. Қазіргі таңда Еуропаның ең биік және Польшаның ең  үлкен мәдени орталығы.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!