ЛайфхакерМиллионер

Сырымбек Тау: ақшаны үнемдеу үшін шындықты мойындау керек

Сырымбек Тау ақша үнемдеу бойынша кеңестерін айтты

Сырымбек Тау – кәсіпкер. Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы. Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі. 

Жапонияны әлемге танытқан үнемшілдік

Қытай, Жапония, Корея елдерінде қаралы күн деген түсінік бар. Мұндай түсінікпен көптеген елдер өмір сүреді. Оған сәйкес олар болашақта орын алатын күтпеген, оқыс жағдай үшін деп алдын-ала ақша жинайды.  Халық осы қаражатты көбейту үшін ақша үнемдей бастайды. Үнемдеу осындай жағдай болуы мүмкін, болды дегенді мойындаудан басталады. Мысалы, Жапония — 3 рет өзін-өзі мойындаған мемлекет.

Бірінші мойындау. Жапония соғыста жеңіледі. Әр адам өз қалауымен дамысын деген бұйрық шығады. Осы сөзден кейін Жапония халқы үнемшілдікке көшеді.

Екінші мойындау. Жапонияның тағы соғыста жеңілуі. Осылайша екінші үнемшілдік толқыны басталады.

Үшінші мойындау. 1985-1988 жылдары Жапония әлем сахнасында танылады.  Бірақ бірнеше жылдан кейін даму процесі тоқтап қалады. Бәсекелес мемлекеттер пайда болады. Үнемшілдікке қайта көшеді.

Шет елге сататын көлікті Жапония аумағында өндірмейді. Кеме үстінде жасап тасымалдайды. Уақытты, жұмыс күшін, салықты үнемдейді. Осыдан кейін 1987 жылы Жапония Land Cruiser 80, 1988 жылы Lexus 450 авто көліктерін шығарады. Кейін джип өндірісіне көшеді. Жапонияның барлық салалары 1986-1987 жылдардан кейін қайта жандана бастайды.

Жапония бүгінгі таңда мойындау кезеңін тағы да бастан өткеріп жатыр. 2020 жылы Олимпиаданы өткізе алмағандықтан ол өзін төмен дәрежедегі мемлекет қатарына жатқызды. Бұл да мойындау.

Қаражатты басқарып үйреніңіз

Түркияда қария үнемдеу арқылы өз қаражатына мешіт тұрғызған. Кофе, киім алғысы келеді. Бірақ кидім, іштім деген оймен қаражатты жинайды. Осылайша 3-5 жылдан кейін мешіт салады.

Көршіміз көлік алса, сонымен жарысамыз. Ысырапшыл дүние жасап жатса, соны бойымызға сіңіріп аламыз. Қаражатты басқара алмаймыз. Банктен, досымыздан ақша алсақ, өзіміздікі сияқты жұмсаймыз. Үнемдеп қайтару жолын қарастырмаймыз. Компания, үйді емес, бірінші өзіңізді басқарып үйреніңіз.

Компаниядағы бәсекелестік

Мысалы, бір компанияда 582 адам жұмыс жасайды. Дәл сол сияқты басқа компанияда 108 адам қызмет етеді. Қаражатты ғана емес, жұмыс күшін де үнемдеу қажет. Жаңадан бастаған кәсіпкер осыншама менеджер мен маркетолог алу қажет деп шығындалады. Маркетологты маркетинг бөліміне тапсырыңыз. Аяғыңыздан тік тұрып, штат пайда болғанша артық айлық төлеудің қажеті жоқ. Осы дүниелер компанияны табысты етеді. Командаңызға жеке дизайнерді ұстағанша 50 дизайнері бар компанияға жүгінсеңіз, жақсы нәтиже шығады. Компания үнемшілдіктен бастап дамуы қажет. Осы кезде тұрақтылық болады.

Материал Сырымбек Таудың Talim TV сахнасында «Бай болудың құпиясы» тақырыбы бойынша сөйлеген сөзі негізінде дайындалды. 

Дайындаған: Гаухар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!