Миллионер

Джек Дорси: Бар ақшамды қайырымдылыққа жұмсаймын

Джек Дорсидің берген кеңестері мен ойлары

Джек Дорси – «Twitter» желісінің негізін салушы. Джек өзінің ұзақ серуендері мен медитациясы арқылы танылған. 2006 жылы 29 жасында «Twitter»-ді, 2017 жылы электронды төлемді өңдеуге арналған «Square» сервисін құрды. Джек Дорси коронавируспен күресуге 1 млрд долларын беретінін хабарлаған. Ал өмірінің соңына дейін барлық қаржысын қайырымдылыққа жұмсауды жоспарлап отыр. Әрбір бөлінген ақшаны «Google» кестесі арқылы жариялап отырмақшы. Balbal.kz Джек Дорсидің Эндрю Янгқа берген сұхбатынан маңызды бөлімдерін назарыңызға ұсынады.

         Медитация және алгоритм туралы

Жасанды интеллект жайында сөз қозғалғанда, бәріміз алгоритмді айтамыз. Алайда мұнда ақпарат маңызды. Стартап үшін сенімді алгоритм жасау қиындық туғызады. Қазіргі таңда алгоритмдер біздің орнымызға шешім қабылдайды. Сонымен қатар шешімнің себебін түсіндірмейтіндей етіп жазылған.

Әлемдік лидерлер алгоритмге назар аудармайды. Олар тек соңғы нәтижеге қарайды. Бірақ басқару мен реттеу алгоритмнің жазылуынан басталуы қажет. Егер біз алгоритмнің шешім қабылдауын түсінбесек, оған басқаруда жол бердік деген сөз.

Біз алгоритмдерге сенім артамыз. Дегенмен өзімізде де бұл жөнінде кішкене болсын, білімнің болғаны дұрыс. «Google» біздің не қалайтынымызды жанымыздағы досымыздан да артық біледі. Болашақта балаларымыздың кім болып, қандай салада жұмыс істейтінін де анықтап беруі мүмкін. Біздің орнымызға алгоритмдердің шешім қабылдауына жол берсек, сонда біздің кім болғанымыз?

Медитация – мен үшін бақылау мен есеп беруді үйренудің жолы. Медитацияның көмегімен миымды жаттықтырамын, шешім қабылдаймын. Жұмысымның көп бөлігін осының негізінде жасағанмын. Мәселен, бір нәрсеге қалай зейін қоюға болады? Уақытымның көп бөлігін телефонмен жұмыс істеуге арнаймын және экранда тек бір ғана қосымша тұрады.

Қоғамдағы өзгеріс жайлы

Барлық сала автоматизацияға ұшырайды. Болашақта бағдарламалау жүйелерін толығымен арнайы құрылғылар орындайтын болады. Сол себепті барлық жағдайды қарастыру керек.

Мен технологиялық дамуға оң көзқараспен қараймын. Дегенмен адамдарға мұны аман-есен өту үшін «қауіпсіздік жастығы» керек. Онлайн төлем жасасаңыз, сізге және кәсіпкерге ыңғайлы. Алайда касса қызметкері мен өзге де сала жұмысшыларына бұл кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда барлығын қамтамасыз етуіміз қажет.

Адамдарға сену керек. Берілген ақшаны дұрыс жұмсайтынына сенім артқанымыз жөн. Бұрындары халыққа ақшаны таратып берсек, босқа жаратып тастайды деп ойлайтынбыз. Алайда адамдар өздеріне сеніп артып отырғанын сезінсе, ақшаны өз орнымен, қажетінше ғана жұмсайды.

Жаңа қосымша немесе өнімді жасап шығу бір бөлек, оның қоғамға тигізген көмегін көргендегі сезім мүлде бөлек. Бұл жаңа леп пен ерекше қуаныш сезіміне бөлейді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!