Миллионер

Iq Pro: Шет тіл үйренбес бұрын қазақ тіліне жетік бол

Iq Pro 1 жылдығы қалай өтті?

Iq Pro тіл орталығын 2020 жылы Асқар Абайұлы құрды. О баста тек араб тілін үйрету үшін ашылған орталық қазір 3 тіл бойынша білім береді.

Balbal.kz Iq Pro-ның 1 жылдық мерейтой кешінің қонағы болды. Кеш барысында сахнада айтылған мотивациялық сөздерді оқырманға ұсынады.

Сырымбек Тау: “Азық-түлік қымбаттады деп уайымға салынып жатырмыз. Бірақ қымбаттап жатқан азық-түлік емес. Әлемдік валюта өз құнын жоғалтып жатыр. Әрмен қарай да валюта құлдырап, аспанға ұшуын тоқтатпайды. Сондықтан бұрынғыдай ақша жинаудың мәні жоқ. Мұны түсінуіміз керек.

Жаңа ұрпақ мұны сезіп-біліп туды. Ақшаға емес, миссияға жұмыс істейтін оларға біз миссия ұсынуымыз керек.

Қазақ жастары бизнес ашып жатқанына қуанамын. Бизнесті қазақ ашпаса, басқа біреу ашады.

Менде 10 бизнес жоба бар. Соның үшеуінен бас тартсам, олар шетелдіктің қолына өтеді. Бұл шарағада бизнес жасап жатқан жастарды қолдау үшін келдім”.

Мәди Фазыл: “Орыс, ағылшын, түрік, жапон, испан, француз тілдерінде еркін сөйлеймін. Мені 7 тілді білетін полиглот деп атайды. Шет тіл меңгерудің құпиясы неде деп сұрайды?

Шет тілін үйренгісі келетіндерге айтар 1 кеңесім бар. Біріншісі — ана тіліңді жетік меңгеріп ал. Қазақша ойыңды еркін жеткізе алмасаң, шет тілінде қайтпексің?

Ендігі мәселе — шет тілін не үшін меңгереміз деген сұраққа жауап беру. Сіз адаммен ортақ тілде сөйлессеңіз, ол сізді тыңдайды. Баспен/ақылмен. Енді онымен ана тілінде сөйлессеңіз, ол сізді жүрекпен тыңдайды. Жүрекке жеткізіп сөйлеу үшін шет тіл үйренеміз.

Өркен Кенжебек: “42 елді саяхаттадым. Жақын уақытта 43 мемлекетке аттанамын. Өз басым қазір 3,5 тіл білемін: қазақ, орыс, ағылшын және жартылай хинди. Тіл үйретуде не нәрсе маңызды? Меніңше, қазақ тіліне қызығушылық танытқан адамға “қазақ тілі бай” дегеннен пайда жоқ. Қазақ тілінің байлығын дәлелдеу керек”.

Мысалы, алма ағылшынша “apple”, орысша “яблоко” болады. Бірақ “apple” мен “яблоко” сөздерінде ешқандай семантикалық негіз жоқ.

Ал қазақшада “алма” сөзі сонымен қатар “тиіспе” деген мағына береді. Бұл жеміс адамның жұмақтан қуылуына себеп болғанын білеміз ғой. Міне, осылайша біз қазақ тіліне деген қызығушылықты оята аламыз”.

Кештен естелік фотолар:

Iq Pro
Солдан оңға қарай: Мәди Фазыл, Асқар Абайұлы
Iq Pro
Солдан оңға қарай: Жазира Байдалы, Әсем Мерекеқызы, Айым Джекенова
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!