Миллионер

Сайлау Абайділданов. «Bai-Quat» — байлықтың бастауы

Сайлау Абайділданов - "Bai-Quat" компаниясының тәжірибелі бас қаржы кеңесшісі.

Сайлау Абайділданов«Bai-Quat» компаниясы арқылы кез келген қазақ баласының бай да бақуатты өмір сүре алатынын түсіндіріп жүрген танымал қаржыгер. Құнды кеңестерімен қанжығаңызды қазынаға толтырып қана қоймай, қазақ елінің қарыштап дамуына қалай үлес қосу керектігі жөнінде маңызды мағлұмат береді.

Байлық  «формуласын» қалай құрдық?

«Bai-Quat» компаниясы 2018 жылы тамыз айында құрылды. Бұл компанияның тамыры «L-Capital»  деп аталатын Қазақстандағы орта және ірі бизнестердің тұрақты дамуы жолында тың жобаларды ұйымдастырушы инвестициялық-консалтингтік компаниядан бастау алады. Яғни, «L-Capital»  бүгінде  жеке азаматтардың қаржылық сауаттылығын ашып,  оны тәжірибе жүзінде қалай іске асыру керектігін насихаттап жүрген Қазақстандағы тұңғыш компания.  Иә, қазіргі уақытта біздің елімізде де, жалпы дүние жүзінде де үлкен өзгерістер болып жатыр. Оның ішіндегі ең басты мәселе — адамның түпкі сана-сезімін позитивті бағытқа бұру. Яғни, ішкі дүниесін өзгертуге жұмыстар жүргізіледі. Сондықтан да, «Bai-Quat» пен «L-Capital» компаниялары қоғамға жақсы жағынан өзгеріс жасап, оңтайландыруға  атсалысуда. 2008 жылы құрылған «L-Capital»компаниясына қысқаша тоқталып өтсем деймін. Оның  негізін қалаушы –қаржыгер Иманбеков Серік Меделбекұлы.

«Bai-Quat» жетістікке жеткізетін желкенді кеме

Жалпы,  адамда күнде миллион ой, миллион идея болады. Мынадай бір нақылға  айналған қанатты сөз бар ғой: «Егер сіздің ойыңыз кеме десек, оған мақсатты желкеніңізді бағыттайтын жел қажет». Серік Меделбекұлы қоғамға«L-Capital» компаниясының алға қарай жылжуы үшін командамен жұмыс істеп келеді. Мысалы, 2007-2011 жылдар аралығында халықтың қаржылық сауаты мен білімін көтеруге жасалған мемлекеттік бағдарламаға  үлкен үлес қосты. Яғни, идеяға толы алып кемені игі мақсатқа адастырмай бұрған жел бола білді. Оған көп қаражат жұмсалып,айтарлықтар жұмыстар жүргізілді. Қандай да бір білім айтылып, әрі қарай тәжірибемен іске аспаса ұмытылып қалады. Сол үшін үкімет осыдан кейін IPO бағдарламасын енгізді. Бұл – халық акцияның, жеке  қаржының не екенін түсінгеннен соң ғана оны іске асыруға арналған бағдарлама. Мұны жүзеге асыру үшін қаржылық институттар мен инструменттер керек болды. Сол себепті үкімет 2012 жылы желтоқсан айында «ҚАЗТРАНСОЙЛ» және басқа да үкіметтің иелігіндегі компаниялардың белгілі мөлшерін халыққа сатты. «L-Capital»компаниясы да осы науқанға қатысып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады.

Өзіңіз байыңыз, елді де дамытыңыз!

Осы еңбектің арқасында, мәселен, Құлсары, Жаңаөзен сияқты моно қалалар Қазақстан бойынша акция сатып алудан алғашқы орынға шықты. Біздің сарапшылардың жұмыстары нәтижесінде  Ақтау мен Атырау, Шымкент қалалары да алдыңғы қатардан көрінді. Осы іске белсене араласып, көңіл толарлықтай болған еңбектен кейін «L-Capital»компаниясының  ауқымы кеңейіп, Қазақстанның түкпір-түкпіріне өзінің оқу-сабақтарын жүргізе бастады. 2014 жылы АҚ болып құрылып, халықтың жинаған ақшасын  Қазақстан экономикасына салуды елімізде алғаш рет тәжірибеден өткізді. Яғни, халық акцияны сатып алды. Ал салынған ақшаға өз елімізде  бүгінде қарқынды жұмыс істеп тұрған өндірістік орын ашты.

Қазақстан тарихында болмаған ғажап жаңалық

Өндірістік орынның алғашқысы «Асыл тұз», екіншісі «Аса даму» жұмыртқа шығаратын зауыты. Бұл Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Яғни, Қазақстан халқына өзінің қаражатын өз елінің экономикасына құюға болатынын  дәлелдеп берді. Кейін,«Bai-Quat» компаниясы болып бөлінген себебіміз,  біз осы қаржылық сауаттылықты қазақ тілінде жүргізсек деп ұйғардық. Тыңдармандар мен оқырмандарға  ілім-білімді өз ана тілімізде жеткізсек деген мақсатта атауының өзін «Bai-Quat» деп қойдық. «Bai-Quat»  компаниясының негізгі миссиясы – елдің кәсіби инвестициялары арқылы әр азаматты бай қылу.

Әрбір қазақ бай болуы үшін тегін білім береміз

Өзіміздің соңғы 10 жылда дайындаған қаржы кеңесшілеріміз бар. Ол мамандарымыз тегін мастер кластар өткізеді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер, басқа да ақпарат құралдар арқылы халықты тегін мастер классқа шақырамыз. Шеберлік сағатымызда адам өміріндегі жеке қаржының мәселесін айтып түсіндіріп береміз. Содан кейін ғана адамда қызығушылық туындайды.Қызығушылықты оятқан соң қор нарығының, акцияның не екенін, Қазақстанда қандай заңдарға байланысты осы дүниелерді жүзеге асыруға болатынын айтып түсіндіреміз. Кейін әрбір тұлға  өзі шешім қабылдайды. «Иә, мен қор нарығының қатысушысы болғым келеді. Менде Қазақстан экономикасына атсалысу үшін үлкен компаниялардағы  үлесімді сатып аламын» десе,  сол тілекті біз жүзеге асырамыз. Жеке қаржысының көбеюіне өзіміз көмектесеміз. Ол үшін біз брокерлік компаниялармен  тығыз қарым-қатынас орнатамыз. Себебі, құнды қағаздарды сатып алып, қайта сатуды брокерлік компаниялар ғана жүргізеді. Сондықтан, біз әр келген тұтынушымызға  «банк деген қандай мекеме?»,  «ол жеке баюға қандай мүмкіндіктер жасайды?», сақтандыру компанияларының азаматтарға және брокерлік компаниялардың жеке тұлғаларына тигізетін пайдасы туралы айтамыз.

Біліміңіз болса мыңды бағындырасыз!

Шындығын айту керек, ақшаға келгенде көпшілігінде қаржылық  сауат  жоқ. Бұл психологиялық тұрғыдан да дәлелдеген. Егер сіздің қандай да бір салада сауатыңыз жоқ болса, ол саладан сіз міндетті түрде қашасыз. Ол жаққа мүлде барғыңыз келмейді. Кей адамдарға біз осыдан 10  жыл бұрын «келіңіз, қаржылық сауатыңызды көтеріңіз» деп  айтқан болуымыз мүмкін. Міне, 10 жылдан кейін қаржылық білімін көтеріп отырған адамдардар бар. Біз оған мүлдем таңғалмаймыз. Себебі, қазір қоғамда негативті ойлар көп. Оны позитивті бағытқа алмастыруымыз керек. Бұл да біздің міндеттеріміздің бірі болып саналады.

Сұхбаттасқан: Бекзат Ғажапбекқызы

Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!