Салауат

Баланың температурасын басудың 10 амалы

103 нөміріне қоңырау шалсаңыз, сізге тегін кеңес беріледі

Баланың температурасы көтерілсе, ата-ананың мазасы кетеді. Дәл қазір балаңыз өзін жайсыз сезінсе, градусникпен температурасын өлшеңіз. Егер де ол 38°С болса, уайымға салынбаңыз. Алайда сағат сайын қарап, жағдайды бақылауда ұстаңыз. 38,5°С-ден асса, жылдамдатып температураны түсіруге кірісіңіз.

Үйде отырып баланың 38,5°С-ден асқан температурасын түсірудің амалдары: 

  1. Сіркесу (уксус) немесе спиртпен сүрту 
    9%-дық алма немесе асханалық сіркесуді пайдаланыңыз. Шыны құтыға 1 ас қасық сіркесуға 500 мл қайнатылған жылы (ыстық емес) суды қосыңыз. Егер сіркесу болмаса, спирт қолданыңыз. 90%-дық спиртті кесеге құйыңыз, сәйкесінше сонша жылы су қосыңыз. Баланы тыр жалаңаш етіп шешіндіріп тастаңыз. Сосын сіркесу немесе спирт қосылған суға шүберекті малып, әлсін ғана сығып, баланың үсті-басын сүртіп шығыңыз. Қатты сүртудің қажеті жоқ. Шүберектен аққан су баланың денесінің жоғары жағынан аяғына қарай тамшылап ағуы тиіс. Бастапқыда арқасына, іш жағына шүберекті тигізіңіз. Одан соң қол-аяғын, алақанын, табанын сулаңыз. Мойнын, қолтығын, құлағын, маңдайын да сүртіңіз. Кепкенше киімсіз отыра берсін. Сосын ғана жеңіл киіндіресіз. Бұл процедураны әр 2-3 сағат сайын қайталауға болады. Себебі бұл амал арқылы баланың температурасын толық түсіре алмайсыз. Тек 1-2 сағат қана баланы тыныштандырамыз.

Есте сақтаңыз! Таза спиртпен немесе таза сіркесумен баланың денесін сүртуге болмайды.

  1. Суыққа орау 
    Түкті сүлгіні жайыңыз. Үстіне дымқыл жайма немесе жөргек (жаялық) төсеңіз. Тыр жалаңаш баланы дымқыл матаға жатқызыңыз. Үстін жаңағы дымқыл жөргекпен ораңыз. Сосын ғана көрпемен не түкті сүлгімен қымтаңыз. Жарты сағаттан соң босатып, жақсылап баланы сүртіңіз де құрғақ киім кигізіңіз. Күніне 1 рет суыққа орауға рұқсат.
  2. Клизма жасау 
    Бір стақан салқын суға 2 шай қасық тұз салып, ерітіңіз. 10-15 тамшы қызылша шырынын қосыңыз. Дайын болған сұйықтықпен клизма жасаңыз. Балаға 50 мл су жеткілікті.
  3. Жылы компресс 
    Жалбызды қайнатыңыз. Суытыңыз. Түкті щүберекті жалбыздың жылы суына батырып, жақсылап тұрып сығыңыз. Баланың мойнына, білегіне, бұтына осы шүберекті бастырып қойыңыз. 10 минут сайын шүберектерді ауыстыру қажет. Бұл компресс температураны тез түсіреді.
  4. Гипертониялық ерітінді 
    1 стақан жылы суға 1-2 шай қасық ас тұзын қосыңыз. Араластырыңыз, езіңіз. Дайын ерітіндіні ішкен бала үлкен дәретке отыру арқылы ағзасы токсиндерден тазарады.
  • 6 айға толмаған балаға 30-50 мл
  • 6 айдан асқан, 1-1,5 жастағы балаға 70-100 мл.
  • 2-3 жасар балаға — 200 мл.
  • 4-6 жасар балаға — 300-400 мл.
  • 12-14 жастағы балаға 700-800 мл. (200 мл-лік ерітіндіден төртеу дайындау шарт)
  1. Сұйықтықты көп ішу 
    Жоғары температура кезінде адам сұйықтық жоғалтады. Терлеген кезде ғана температура басылмақ. Демек сұйықтықты бере беру қажет. Шай ішкізіңіз, морс беріңіз. Компот та жарайды. Таңқурай қосылған шайды соңына қарай берген дұрыс. Себебі ол шөлдетеді.
  2. Таза ауа кіргізу 
    Бөлменің ауасын жиі тазартып отырыңыз. Бөлме ысып кетпеуі тиіс. Терезелерді ашып, ауа алмастырып жатқанда бала басқа бөлмеде болсын.
  3. Дымқыл ауа
    Ауа құрғақ болса, адам көп сұйықтық жоғалтады. Сондықтан жиі-жиі еден жуып, кереуеттің жан-жағына дымқыл шүберектерді жайып тастаңыз. Ауа жұмсартатын құрылғылардың көмегіне жүгініңіз.
  4. Жылы суға толы ванна 
    Баланың белінен келетіндей жылы суға ваннаны толтырыңыз. 20 минут отырып, процедураны тағы қайталаңыз. Ваннаға түсіп болған соң баланың денесін қатты құрғақ қылып сүртпеңіз. Денесі кеуіп жатқанда терісі арқылы температурасы шықпақ. Бірақ, суық тиіп қалмау жағын да қадағалаңыз.
  5. Дұрыс киім
    Баланы тым қалың киіндіру қауіпті. Бала тоңазып, дірілдеп тұрмаса, жеңіл киіндіріңіз. Синтетикалық емес табиғи маталардан тігілген киімдерді таңдаңыз. Үстін қалың көрпемен жаппаңыз.

Ескерту! Бала температурасын басудың қай түрін таңдасаңыз да, алдын-ала дәрігермен ақылдасып алған жөн! 103 нөміріне қоңырау шалсаңыз, сізге тегін кеңес беріледі.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!