Салауат

Жильбер Рено және оның ауруды дәрігерсіз емдейтін методикасы

Жильбер Рено методикасы

Жильбер Рено – «Тән жарасын оймен емдеу» яғни Recall Healing методикасының авторы.  Бұл методиканың ерекшелігі – ауру-сырқатты ешқандай дәрісіз емдейді. Ашығын айтқанда, адам өзін-өзі емдейді. 

Жильбер Рено

1982 жылы Visa денсаулық орталығында натуропат, массажист, сауықтыру бойынша кеңесші және Мон-Лорьедегі Жоғарғы Лауренттік Натуропатия мектебінде дәріс берді.

Жильбер Рено
Жильбер Рено

1988 жылы өз білімін жетілдіру мақсатында Квебекте натуропат болып шықты.

1991 жылы Жильбер доктор Роберт Гинеямен бірге физикалық ауруды тудыратын эмоционалды жарақат принциптерін зерттей бастады. Ол аурудың симптомын, дененің зардап шеккен бөлігін және мидың тиісті бөліктерін зерттеді. Рено өзінің зерттеулері, өмірлік тәжірибесі және жұмыс тәжірибесін клиенттердің оқиғасымен біріктірді.

Медицинаға Recall Healing «Тән жарасын оймен емдеу» деп аталатын методика енгізді. 2013 жылы кітабы жарық көрді.

Бүгінгі таңда ол осы тұжырымдаманың артықшылықтарын түсінуге көмектесетін семинарлар мен дәрістер ұйымдастырады, клиент қабылдайды.

«Тән жарасын оймен емдеу: денсаулық пирамидасы»

«Тән жарасын оймен емдеу: Денсаулық пирамидасы» (RECALL HEALING: PYRAMID OF HEALTH) кітабында аурудың себептері туралы айтылады.

«Біздің ауруымыз – күнделікті жанжалдар мен қақтығыстардың көрінісі. Бұл реніштер біздің санамыз бен болмысымызда сақталады».

«Сіз өміріңіздегі әр сәтті, оқиғаны есіңізде сақтап, жинай бересіз. Бұл жиналған эмоциялар сізге де, сіздің ұрпағыңызға да әсер етеді.»

«Анемия – қан аздық ауруы. Мүмкін болатын себептері:

Отбасыдағы махаббат пен бірліктің болмауы; сүйіспеншіліктің аздығы;

Жақындарынан көңілі қалу, ренжісу;

Эгосына, өзін-өзі бағалауына нұқсан келу;»

«Аменорея – әйелдерде менструациялық циклдың келмей қалуы. Ол мынадай себептерден туындауы мүмкін: әйелдің қатты қысымға ұшырап, қынжылып кетуі, бақытсыз неке, сәтсіз қарым-қатынас, ерлерден көңілі қалу»

Денсаулық пирамидасы

«Тән жарасын оймен емдеу» методикасын аурудың себептерін түсіндіру үшін денсаулық пирамидасын басты назарда ұстайды. Ол 3 бөліктен тұрады:

  1. Физикалық дене

Адам ағзасында 70-80 мыңдай жасушалар бар. Олар денені сақтап қалу үшін жұмыс істейді.

  1. Автоматты ми

Денені басқарады. Ол барлық ақпаратты өзіне сіңіреді және шешім шығарады. Мидың функциясы – қалай болмасын тірі қалу, өмір сүру.

  1. Психика

Психика ойлау, сезіну функцияларына жауап береді. Миға ақпарат тасымалдаушы.

Ауру – дәл сол сәтте тірі қалудың ең сәтті шешімі. Неге дерсіз?

Кішігірім мысал: кішкентай бала әлі велосипед айдай алмайды. Оны алғашында әкесі ертіп, көмектесуі мүмкін. Ал әкесі жіберіп қалғанда ол қорқады. Қорқыныш – психика. Осы қорқыныштан арылу үшін ми шешім қабылдап, бала құяды. Дене осылай жарақат алады. Өмірде де солай.

 Кітаптың мақсаты

Кітаптың мақсаты – «Тән жарасын оймен емдеу» методикасының маңыздылығын түсіндіру, аурудың себептерін айқындау. Автор еңбегінде клиенттердің басынан өткен оқиғаларды, өз зерттеуінде кездескен жағдайларды көрсетеді. Ал себебі анықталған ауруды емдеу жолын Рено өз семинарында айтады. Бұл методика – ірі ғылым.

Бір кітапты оқып алып, өз бетіңізше ем жасаудың қажеті жоқ. Ол жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін. Сол себепті автор аурудан сауығу үшін дәрігер-неврологқа жүгіну керектігін айтады.

Методика бойынша емдейтін Қазақстандағы жалғыз маман

Бұл методикамен жұмыс істейтін дәрігерлердің өзге дәрігерлерден артықшылығы – салдарымен емес, себеппен де күреседі.

Егер сіз қарапайым дәрігерге жүгінсеңіз, ол сіздің диагнозыңызды анықтап, соған сәйкес емін жасайды. Ал сіздің басыңыздан өткен жағдайларды сұрап отырмайды.

Сіз сол кезде жазылып кетесіз, бірақ жағдай қайталануы не ушығуы мүмкін. Ал методиканы қолданушылар бәрін сұрайды. Осы методиканы қолданатын қазақстандық дәрігер-невролог, мануальды медицина докторы – Мади Алдабергенов.

Мади Алдабергенов сырқаттың көптеген түрін белгілі бір оқиғаларды еске түсіру, қабылдау арқылы емдейтін маман.
Жильбер Реноның қазақ шәкірті

Мади Алдабергенов – Жильбер Реноның әдісін жалғастырып жүрген шәкірттерінің бірі. Ол осы методика туралы білмейтін жандарға алдымен тегін мастер-класстар жүргізеді. Ол Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тұрақты өткізіп тұрады. Ал емделу келген клиентпен жұмыс істеу барысында оның өмірін, басынан өткен оқиғаларды сұрайды. Еш асығусыз әңгімелесіп, қисынды сұрақтар қояды. Ол 1,5-2 сағатқа да созылуы мүмкін. Сеанс сәтті өту үшін клиент барынша шынайы болу керек. Сеанста аурудан жазылып қана қоймай, толғандырып жүрген мәселеңіздің шешімін де таба аласыз. «Тән жарасын оймен емдеу» методикасы бойынша емделгіңіз немесе ақпарат білгіңіз келсе, Мади Алдабергеновтың семинарларына қатыса аласыз.

 Семинарда айтылатын негізгі тақырыптар:

Басымыздан өткен оқиға денсаулығыңыз бен тағдырыңызға әсері туралы алгоритмді қалай есептейміз?

Жүктілікке дейінгі және кейінгі жағдайлар баланың өміріне қалай әсер етеді?

Бала алдырту, түсік тастау, шетінеп кетудің кейінгі баланың өмірін қалай өзгертеді?

«Ата-бабалар синдромы» дегеніміз не? 

Өзіңізге, жақыныңызға көмектесу үшін «Тән жарасын оймен емдеу» әдісін қалай қолданамыз?

Толық ақпаратты + 7 7015573812 байланыс телефоны арқылы білуге болады.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!