Компас

Қоқыстың шіруіне қанша уақыт керек?

Адам аяғы тиген жердің бәрі ластанатын заман туды

Адам аяғы тиген жердің бәрі ластанып, зақымданатын заман туды. Қала іші немесе табиғат аясы болсын ірілі-ұсақты қоқысқа толы. Кейде, тіпті, сонау құзар шыңның басында да, қалың тоғай ішінде де бөтелке, қақпақ, әйнек секілді тұрмыстық заттардың жатқанын байқап қаламыз. Өкінішке орай, жұрт сол заттарды қоқыс жәшігіне жеткізуден гөрі, далада қалдырып кеткенді жөн санайды. Бірақ бұл әрекетімен қоршаған ортаға қаншалықты зиянын тигізіп жатқанын білмейді. Көпшілік тастаған заттарын шіріп кетеді деп ойласа керек. Ол, рас, әрине. Шіриді. Алайда, барлық нәрсенің шіру уақыты бірдей емес. Саяхатты сүйетін жұрт тұрмыстық қалдықтардың ыдырап, жерге сіңуі үшін қанша уақыт керек екенін біліп жүруі керек.

Қоқыс түрлері мен олардың түбегейлі шіру уақыты:

Жануарлардың тезегі — 10 күнге дейін
Тамақ қалдықтары – 10 күннен 1 айға дейін (жазғы күндері 1-2 апта)
Қағаз сүлгі – 2-3 апта
Банан қабығы – 3-4 апта
Қағаз пакет – 1 ай
Бұтақ, жапырақтар – 1 айдан 1 маусымға дейін
Газет қағазы – 1 айдан 1 маусымға дейін
Алма қалдығы – 2 ай
Апельсин қабығы – 6 ай
Картон қорабы – 1 жылға дейін
Жіп – 1-1,5 жыл (қалыңдығына байланысты)
Қағаз – 2 жыл
Табиғи матадан тігілген заттап – 2-3 жыл
Жүн нәски – 1-5 жыл
Сүт қорабы – 5 жыл
Жуан бұтақтар – 10 жылға дейін
Ағаш тақтайлар – 10 жылға дейін
Темір арматура – 10 жылға дейін
Темір құтылар – 10 жылға дейін
Темекі тұқылы – 10-12 жыл
Темір – бірнеше он жыл (1 мм тереңдікке 10-20 жыл керек)
Синтетикалық мата, былғары етік – 40 жылға дейін
Пенопласт стақан – 50 жыл
Қаңылтыр құты – 90 жылға дейін
Фольга – 100 жылға дейін
Бетон, кірпіш сынығы – 100 жылға дейін
Авто аккумулятор – 100 жылға дейін
Металл бұйымдар – 100 жыл немесе одан да көп
Электр батареясы – 100 жылға дейін
Резеңке қаптар – 100 жылдан астам
Пластик бөтелкелер – 100 жылдан астам
Полиэтилен қабық (пленка) – 200 жыл
Бір реттік жөргек – 500 жыл
Алюмин құтылар – 500 жыл
Әйнек – 1000 жылдан астам

Байқағанымыздай, қалдықтардың жерге сіңіп жоқ болып кетуі үшін ұзақ жылдар керек екен. Бұл заттар жатқан күйі шіріп кетсе, әрине, түк емес. Ең өкініштісі, кей қоқыстың қоршаған ортаға тигізетін теріс әсері аз емес.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!