Саяхат

 Пандемия кезіндегі саяхат: қауіпсіз демалыс ұйымдастырыңыз

Пандемия кезінде саяхаттағыңыз келсе біздің материалмен танысып шығыңыз

Пандемия салдары басылып карантин аяқталған соң, үйден шығып қыдырғымыз келеді. Карантин бітті, кей туристік агенттіктер жұмысын жалғастыруда. Ал қауіп әлі де бар. Ендеше пандемия кезеңінде қауіпсіз демалыс өткізудің жолдарын ұсынамыз.

Дұрыс мекен таңдау

Жататын орныңызды дұрыс таңдаңыз. Мысалы қонақ үйлерде, жалға алынған пәтерде сіз бөгде адамдармен болмайсыз. Ал кемпинг, хостелдерде жуынатын бөлме ортақ болады. Сіздің қасыңызға басқа адам орналасуы мүмкін. Адам көп болады. Брондауды жасамас бұрын, агенттік иесінен инфекция қаупін қалай төмендетуге тырысатынын біліңіз. Сайтты зерттеңіз немесе оған қоңырау шалыңыз.

Нені ескеру керек?

Тазалық. Қаншалықты жиі тазалайтынын және қандай өнімдермен жуатынын біліңіз. Қолды жуу немесе залалсыздандыру мүмкіндігі бар-жоғын сұраңыз. Сондай-ақ, желдеткіш немесе HEPA сүзгілері сияқты техникалық құралдар желдетіп тұру керек.

Иммунитет көтеретін БАД немесе дәрумен қабылдаңыз.

Цифрлы кілттерді сұрап алыңыз. Қажетсіз заттарды ұстаудан аулақ болыңыз.

Қонақтар арасындағы қашықтық қалай сақталады? Әрбір екінші бөлме жалға беріледі ме? Бір күнге ғана жалдауға болатын жерлерден бас тартқан дұрыс. Себебі ондай жерлерде адам көп болады.

Қонақтар мен қонақүй қызметкерлері үшін медициналық тексерулер қалай өтеді? Қандай ережелер ұстанады? Маска тағу міндеттеле ме?

Қауіпсіз демалысты қалай қамтамасыз етеміз?

Қонақ үй менеджменті өз міндеттерін адал орындайтынына көз жеткізгеннен кейін, қарым-қатынасты барынша азайтыңыз. Маска киіп, қоғамдық жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз. Жеделсаты сияқты жабық, нашар желдетілетін жерлерде болмауға тырысыңыз. Қоғамдық жерлерде көп қолданылатын нәрселерге — жеделсаты шақыру түймелері, есік тұтқалары, асхана үстелдері мен орындықтарға қол тигізбеңіз. Егер спортзалдар мен бассейндер ашық болса, қашықтықты сақтаңыз. Жабдықты қолданар алдында  сүрткеніңіз жөн.

Мүмкіндігінше қауіпсіз тамақтануға тырысыңыз. Тағамды өзіңізбен алыңыз немесе бөлмеңізге тапсырыс беріңіз. Ақылға қонымды нұсқа — далада тамақтану.

Өзіңізбен алып жүретін заттар

Басқа адамдардың қолы тиюі мүмкін заттарды, мысалы, жүргізуші куәлігі, карта және кілттерді сыдырмалы полиэтилен пакеттерге салыңыз. Таза заттар салу үшін қосымша пакет алыңыз. Жүктерді өзіңіз алып жүріңіз.

Төсек-орындарын өзіңізбен алып жүргеніңіз абзал. Алайда оның бәрін алып жүргіңіз келмесе, жаңадан сатып ала салыңыз.

Өзіңізбен бірге маска және ылғал сүрткіштер болсын. Әрдайым антисептикалық тазартқыштарды қолданыңыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!