Миллионер

Артем Штангеев: Бизнесте орынды дұрыс таңдау маңызды

Украиналық кәсіпкер Артем Штангеевтің бизнес жайлы кеңестерімен танысыңыз

Артем Штангеев – украиналық кәсіпкер, «Мікс Март» дүкендер желісінің негізін салушы. Дүкендер саны елуден асып жығылады. Ал соңғы жылда сауда орынының көлемі 129 шаршы метрден 5 000 шаршы метрге дейін өскен. Balbal.kz сайты Артем Штангеевтің «Big Money» жобасына берген сұхбатынан жеке материал дайындады.

Бизнеске қолайлы орын табу

Табысты дүкендер желісін ашу үшін бір нәрсе керек. Ол – орын. Ал менің бизнесімде АТБ (Киев қаласындағы белгілі дүкендер желісі «АТБ-маркет») жоқ жерді анықтау. Менде тауар бар, бірақ бағасы оларға қарағанда қымбатырақ. Ендігі менің мақсатым – қолайлы орын іздеу. Егер менің жанымда «АТБ-маркет» ашылатын болса, маған өз орнымды ауыстыруыма тура келеді.

Ритейл – бұл қызмет. Егер адамға үйге қажетті заттар алу керек болса, өзінен жарты шақырым жердегі дүкенге бармайды. Жақын маңдағы менің дүкеніме табан тірейді. Азық-түлік дүкенін ашқанда тауарды саудалаймын деу қателік. Сен орынды саудалап отырсың.

Бізде жалға алу құны мен баға жоғары. Дүкеніміз келушілер санының көп болуымен ғана өмір сүріп отыр. Геомаркетингті жақсы білеміз. Тұрақты клиенттер санын үйдегі желдеткіш санымен, телефон анықтамасы арқылы да біле аламыз.

Формат жайында

Біздің дүкен көлікпен келіп, қажеттің барлығын сатып алуға негізделмеген. Клиенттер үшін «Мікс Март» — супермаркеттен алуды ұмытып кеткен затты алатын дүкен. Таңғы асқа жұмыртқа қажет болса, бізден келіп алады.

Дүкен 100 шаршы метрге дейінгі кросс-докинг форматында жұмыс істейді. Әкелінген тауарды бірден сөреге қоямыз. Бізде қойма деген атымен жоқ. Бұл ритейлдегі қиын форматтардың бірі.

Азық-түлік ритейліндегі кіріс

Азық-түлік бизнесінде даму үшін шамамен 10 сауда орыны керек. Әр дүкенге шамамен 700 000 гривен (10 500 000 теңге) инвестиция қажет. Дүкендегі орта чек құны – 55 гривен (825 теңге).

Жеткізушілермен жұмыс жайында

Бастысы – өтірік айтпау. Қалай бар, солай айтқан дұрыс. Өзіңіздің кіммен әңгімелесіп тұрғаныңызды біліңіз. Оның әр сөзін қағазға түсіріп отырыңыз. Жеткізушіден 10-30% жеңілдік алу үшін қызықтыра біліңіз. Уақытылы есеп айырысып отырсаңыз, ол бірден келіседі. Үш дүкеніңіз ғана бола тұрып, 50% жеңілдік сұраудың қажеті жоқ.

Бір ғана жеткізуші компаниямен жұмыс істеу – құрдымға кеттіңіз деген сөз. Ол өз талаптарын ұсынады. Тікелей бағынышты болып қаласыз. Егер жеткізуші тауар айналымын ұлғайтқысы келсе, бағаны төмендетеді және жеңілдік ұсынады. Бұл арқылы ол айналымын 400% көбейтеді.

Артем Штангеев. Менде бары осы ғана. Он жылдан кейін менің немен айналысатыным маңызды емес. Бастысы атыма кір келмеуі керек.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!