Табыс

Джек Ма. Өмірді өзгертуге болады

Джек Ма – Forbes журналының мұқабасына шыққан алғашқы қытайлық бизнесмен

Джек Ма – қытайлық кәсіпкер, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы.  2018 жылдың қараша айының соңында Forbes Джек Ма байлығын 35,8 миллиард долларға бағалады, оны Қытайдағы ең бай адам және әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде 21-ші орынға жайғастырды.

Сәтсіздіктер  біздің мүмкіндіктеріміз

Менің өмірімде көп сәтсіздіктер болды. Ең күлкілісі, бастауыш сыныптың емтиханынан екі рет сүрінсем, орта сыныптың емтиханынан үш рет сүріндім. Университетке үш жыл қатарынан түсе алмадым. Отыз рет жақсы жұмысқа орналасуға тырыстым. Бірақ барлық жер менен бас тартты. Мен полиция қызметкері болғым келді. Олар мені қабылдамады. Менің қаламда КFC тез тағамдар желісі ашылды. Сол жерге де барып көрдім. Жиырма төрт адам жұмысқа өтініш тастады. Жиырма үшін қабылдады. Тек мені қабылдамай қойды. Менен көп жерлер бас тартты. Сол себептен мен үшін сәтсіздік үйреншікті болып кетті. Айтпақшы, мен Гарвордқа өтініш тастағанымды айтпадым. Ол жер менен он рет бас тартты. Мен солай болатынын білдім. Бірақ мен ол үшін өкінбеймін. Меніңше, біз бұған үйренуіміз керек.

Форрест Гамптай бол

Біз соншалықты жақсы емес екенімізді түсінуіміз керек. Қазірдің өзінде бізден бірнеше адам бас тартады. Бұл әлемде отыздан астам рет сәтсіздікке ұшыраған адам бар деп ойламаймын. Бірақ біз ешқашан берілмейміз. Осы қалпымызбен Форреcт Гампқа ұқсаймыз. Біз өмір сүруді жалғастыра береміз. Талпынамыз, өзгереміз. Біздің жетістікке жеткеніміз маңызды емес. Кейбір адамдар қателік жасағаннан кейін бұл істен бас тартып, бұл іске кері оралмауды ойлайды. Олар жігерленудің орнына егіліп жылайды, ондайлар үшін мүмкіндік жоқ.

Болашаққа дайындал

Мен өте кедей отбасынанмын. Оқуда да төмен көрсеткіш көрсеттім. Барлық емтихандардан да сүріндім. Соңыра менде мүлде ақша жоқ екенін түсіндім. Ешқандай технологиям жоқ. Жоғарыда отырған көкем жоқ. Менің ең басты қаруым – ол жарысу болды. Он жылға алға қарау. Он жылдан кейін өзім қалаған мақсатыма жететініме сену және осы үшін барлығын жасау. Бар мақсатым күшім жеткенше осыған дайындалу болды. Егер мен бай адамдармен келесі айдан бастап жарысатын болсам, менде ешқандай мүмкіндік болмас еді. Бұл оңай сынақ емес. Бірақ бұл мүмкіндік. Біз секілділер үшін мүмкіндік. Өмірде, ең қиыны, жетістікке жеткен адамды сендіру. Мен сияқтылар мүмкіндіктерді әдейі іздейді. Тірі әрі ірі болғысы келеді. Сол үшін біз үнемі шығармашылық ізденісте боламыз. Қолымыздан келгеннің және келмегеннің бәрін жасаймыз.

Ақылмен жұмыс істе

Кейбіреулер бізге «сіздер көп жұмыс істейсіздер» дейді. Иә, дәл солай. Бірақ, бұл өмірде адамдардың көпшілігі маңдай тері шыққанша жұмыс істейді. IPO-ға кірер кезде компанияма кіріп, командама «сіздердің барлығыңыз миллионерсіздер, өте байсыздар!» дедім. Өйткені солай еді. Алайда, осындан он бес жыл бұрын біз кім болдық? Біз үшін он бес жыл бұрын бір адамды болсын жұмысқа алу қиынның қиыны болды. Көшеде кетіп бара жатқан адамдарды шақырдық. Олар біздің қатарымызға қосылды. Сол кездері ешкім интернетке сенбейді. Сенгендер табылды. Олар өте ақылды адамдар. Нәтижесі тамаша. Барлығы қалаған жетістіктеріне жетті. Командада қалған адамдардың арқасында біз қазір бармыз.  Күресеміз және ешқашан жеңілмейміз. Біз өзіміздің ортақ армандарымызға сенеміз.

Қиындықтарға мүмкіндік ретінде қара

Бүгінгі әлем  қиындықтар мен мүмкіндіктерге толы. Екі мың жыл бұрын әлем қиындықтар мен мүмкіндіктерге толы болса, екі мың жылдан кейінде дәл солай болады. Тек бұның барлығы сенің оған қалай қарайтыныңа байланысты. Біреулер қиындықты жаңа мүмкіндік деп қарайды. Жастар «бізде жаңа мүмкіндік жоқ» дейді. Менде жас кезімде көп шағымданатынмын. Барлық мүмкіндіктерді Билл Гейтс, Стив Джобс сынды басқа жігіттер пайдаланып кетті, біз үшін жұмыс қалмады деп ойлайтынмын. Біз не істей алатын едік? Менің ойымша, мүмкіндіктер қиындықтар арқылы туады. Егер сіз қиындықты жеңе алатын болсаңыз, сіз жетістікке міндетті түрде жетесіз. Қаншалықты көп сынақтардан өте аласыз, соншалықты көп мүмкіндікке ие боласыз.

Өзгер

Қытайда шағын кәсіп ашу өте қиын. Мен алғаш бастаған кезде ең бірінші бес жүз долларды тек бес айда таптым. Бұл ақымақтық, есуастық. Жеке кәсіпті жүргізу үшін ешқандай білімім болмады. Компаниямды интернет деген қосымша қызмет атауымен тіркеген кезде тіркеу бөлімінің жұмысшысы «ондай сөз тіпті сөздікте де жоқ, сіз қалай тіркемекшісіз, басқа атау таңдаңыз» деді. Мен «қандай?» деп сұрағанда «Компьютер компаниясы» деп ұсыныс жасады. Бірақ мен компьютер туралы түк білмейтін едім. Сонымен менің алғашқы компаниям Ханчжоу Хоу деп аталынды. Қиын болды. Техникалық білімсіз, компьютер туралы ештеңе білмегендіктен қиынға соқты. Сондықтан мен он бес жыл бойы тапжылмай еңбектендім. Мен өзімді соқыр жолбарысты бойұсындыра алатын адаммен теңеймін. Ат мінгендердің барлығы жолда қалып қойды. Ал біз бармыз.

Материал Джек Маның түрлі БАҚ-қа әртүрлі кезеңде берген сұхбаттары негізінде дайындалды.   

Дайындаған: Орынғали Дидар

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

2 пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close