Табыс

Говард Шульц және Starbucks

Говард Шульц Starbucks-ты қалай ойлап тапты?

Говард Шульц Бруклинде кедей отбасыда дүниеге келген. Әкесі кезінде әскери адам болған. Отбасын асырау үшін ол жұмысты жиі ауыстыруға мәжбүр болады. Оның ойда жоқта аяғын сындырып алу бүкіл отбасының өмірін өзгертеді. Медициналық сақтандырудың болмауы жығылғанға жұдырық болады. Міне, осы кезде Говард аяқтағы гипске байланып қалмайтын компания құруды армандайды.

Алғашқы жұмыс және Starbucks

12 жасында Говард газет тасушы болып қызмет атқарды. Бұл жұмыстар көп ақша алып келмеді. Бірақ Говардты шыңдап, мақсатына жетуіне жігерлендіре түседі. Оның анасы танымал тұлғалар жайлы әңгіме айту арқылы баласының өмірін өзгерте алды.

Сиэтл қаласында Шульц Starbucks-тың негізін салушылармен танысады. Олар ағылшын тілінің мұғалімі – Джерри Болдуин, тарихшы – Зев Зигал. Бұл үштіктің басын қосқан кофеге деген махаббат. Кофенің қыр-сырын, жақсы сұрыптарды таңдай білген олар шағын кофе дүкенін ашады. Бұл үшеуі америкалықтарға жақсы кофенің дәмін жеткізгісі келді. Starbucks кофе мәдениетінің негізінде жұмыс істеді. Барлық қызметкерлер кофені дайындауды және келушілерге үйретуге міндетті болды.

1960 жылдары адамдар тез еритін кофеден бас тарта бастайды. Ал үгітілген кофе сұранысқа ие болмады. Кофе дүкенінің басшылары болашағы жоқ кәсіпке ақша салудан қорқақтайды. Бірақ Говард Джерри Болдуинге Starbucks-тың болашағы жарқын екенін түсіндіруден жалықпайды. Ол өзін компанияға жұмысқа алуын сұрайды.

Бір жыл өткен соң Болдуин Шульцты маркетинг бойынша директор лауазымына сайлайды. Осы уақытта Starbucks-тың 4 дүкені ашылған еді. Жұмыстың қарқынына қарамастан компания баяу дамыды. Жаңаша көзқарастар іздеген Шульц 1983 жылы Миланға аттанады.

Италиялық кафетерийлер бөлек еді: мұнда келушілер тек кофе ішпеді. Достарымен уақыт өткізіп, жұмыс істеп отыратын. Ал дизайны қарапайым фастфуд орталықтарына ұқсамады және бұл Говардқа қатты ұнайды. Өзімен алып келген латте мен капучиноның рецептісі сатылым деңгейін 3 есеге көбейтеді. Осылайша Starbucks негізінде италиялық кафетерийлер желісін ашу идеясы дүниеге келеді.

Ұжымдық мәдениет жайлы

Говард Шульц Starbucks-та ұжымдық мәдениетті қалыптастыруға тырысты. Ол түрлі тілде сөйлейтін, түрлі саяси көзқарасқа ие адамдарды командаға алды. Нәтижесінде Starbucks-тың ұжымдық құндылығы әлемнің қай елінде болмасын бірдей болды. «Сіз қызметкер немесе қарапайым клиент болсаңыз да, сыйластықты қалайсыз» дейді Говард.

Говардтың қағидасы

Менеджмент қызметкердің үмітін ақтамаса, қызметкерден клиенттің үмітін ақтауын күтпей-ақ қойыңыз. Бұл – заңдылық.

«Неліктен Starbucks қызметкерлеріне медициналық сақтандыру ұсынады? Менің әкем өзін құрметтейтін компанияда жұмыс істей алмады. Мен өзімнің әкем қызмет ете алмай кеткен компания қалыптастыруды қаладым» деп түсіндіреді Говард.

Starbucks-тың танымалдылығы жайында

Starbucks-қа келушілер бұл жерден екінші үйін тапты. Ұлыбританияда пабтар сондай деңгейде еді. Ал енді бар айырмашылық тек сусында болды. Starbucks-қа адам кофе ішу үшін ғана келмейтін болды. Ол бұл жерде әңгімелесіп отырғанды, жұмыс бабы бойынша кездескенді ұнатты. Әлі күнге дейін Starbucks клиенттері үшін ерекше мекен.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!