Миллионер

Сторис арқылы сатылым жасаудың 20 жолы

Сторис жасаудың тактикалары

Сторис арқылы өз өміріңізді емес, өніміңізді де жарнамалауға болады. Қазіргі таңда инстаграмдағы пост сатылымы төмендеп кеткен. Сәйкесінше 70 % инстаграм қолданушылары тек сторис көреді. Онлайн кәсіпкер Жұлдыз Ақболат «Стористе сатылым жасаудың 20 жолы» тақырыбында вебинар өткізген болатын. Balbal.kz мотивациялық сайты сізге вебинардың материал түріндегі нұсқасын ұсынады.

Жұлдыз Ақболат:

миллионер блогер
Жұлдыз Ақболат @zhuldyz_akbolat

Стористе өнім жарнамалағанда қарапайым осыны ал деп қою жеткіліксіз. Оның өз техникасы бар:

Өнім бағасы мен фотосын салу

Сапаks фото мен баға бірден көрсетілсе, қызығушылық артады. Ең жиі кездесетін қателік – жекеге жауап бердік деп жазу. Оқырман жекеге жазып, жауабын күтіп отыра алмайды.

Өніміңіздің текст түрінде көрсетілуі

Сіздің қызметіңізге не кіретінін толық әрі нақты жазыңыз. Мысалы фотограф болсаңыз, фотоссесияға мыналар кіреді:

Образ таңдау + макияж;

Локация, жарық;

Түсірілім;

Өңдеу (100 фото);

Серия сторис

Арнайы бір күнді белгілі бір тауарға не қызметке арнаңыз. Сол күні ерекше ұсыныс, жеңілдікпен беріңіз. Ұсынысыңыз жайлы алдын-ала хабарлап, күнде оқырмандардың есіне салып отырыңыз. Анонс жасаңыз.

Тауар күні

Бір күнді құнды ақпаратпен бөлісуге арнаңыз. Мысалы, Голливуд шаш үлгісін бір күнде үйретіп шығамын деңіз. Сосын кезең-кезеңмен қалай жасау керегін сториске салып отырасыз.

Видео жасау

Тауардың бір фотосын сала салғаннан оны әр түрлі фонда видео түрінде салған өтімдірек. Мысалы, сөмке қолға ұстағанда қалай, іші қандай, қалай ашылатынын көрсетесіз. Арнайы сториске арналған қызықты видео жасайтын құрылғылар: Storywave, Mojo, Instаstories

Процесс кезіндегі видео

Өніміңіздің жасалу барысы немесе курсты ұйымдастырып жатқан кезді жылдамдатылған видеоға түсіріңіз. Сапасымен бөлісіп, сеніміне кіру керек.

Тікелей ұсыну

Жоғарыда оның маңыздылығын, бағасы мен сапасын көрсеткеннен кейін тікелей сатып алуға ұсыныс білдіріңіз.

Офисті көрсету

Офисіңіз, жұмыс жасайтын жеріңіз болса, оның қайда орналасқанын, қандай екенін көрсетіңіз. Осы арқылы оқырмандар сізге сенеді және іздеп келуі мүмкін.

Санын айту

Қолда бар өнімнің нешеуі қалғанын айтуыңыз керек. Көйлектің екеуі ғана қалды. Келесі тапсырыс бір айдан кейін болады. Курсқа тек екі орын қалды деген сияқты айтыңыз. Адам күткенді жақсы көрмейді және тез алуға асығады.

Бос уақытты көрсету

Бұл уақытпен қысу деп аталады. 11-00 және 13-00 аралығында бос уақыт бар. Осы кезде оқырман сізде көп клиент бар екенін біледі және тез шешім қабылдап, бос уақытқа тіркелуге тырысады.

Демонстрация

Сіздің тауарыңызға көпшіліктің қызығып жатқанын, курсыңызға көп адам жазылғысы келіп тұрғанын көрсетіңіз. Сіздің өніміңіз сұранысқа ие, дефицит екенін білгенде адамдар асығатын болады.

Клиент пікірі

Сторис жарнаманың ең ұтымды жолы – клиенттердің пікірін, ризашылығын көрсету. Соны қолданып көрген адамның пікіріне оқырман сенеді.

Макросъемка

Шынайы съемка жасау керек. Тауардың әр бөлігін үлкейтіп, жеке-жеке түсіру керек. Сөмкенің қалтасы, белбеуі, тігістері, т.б. Ал қызметіңізді жарнамалағанда эмоцияны көрсетесіз. Сіздің клиентіңіздің қуанышты эмоциясын көрсету арқылы сьемка жасаңыз.

Белгілі бір уақыт аралығында жеңілдік

Сторис тек 24 сағат сақталып тұрады. Осы уақыт аралығында тауарға не қызметіңізге жеңілдік ұсыныңыз. Мысалы, осы сторис өшкенше сөмке бағасы 5000 теңге. Сторис өшкен соң баяғы бағамен сатылады.

Жеңілдік уақыты 2-3 күннен аспауы керек. 3 күннен артық уақыт берсеңіз, кейін жазыламын деген оймен тауар клиенттің есінен шығып кетеді.

Өнімнің жасалу барысын көрсету

Жұмыс барысын көрсетіңіз. Кондитер болсаңыз, тортты жасап жатқаныңызды, курс өткізетін болсаңыз, дайындалу процесін көрсетіңіз. Өз фишкаңызбен, ерекше лайфхакпен бөлісіңіз.

Сіздің ерекшелігіңізді пайдаланып кетеді деп қорықпаңыз. Онымен бөлісу арқылы сізге қызығушылық артады. Оны пайдаланып көргендер өздерінің жақсы пікірлерімен бөлісетін болады.

Клиенттің қарсылығын, қорқынышын жою

Өнімге қызығып тұрған клиент түрлі сылтау табуы мүмкін. Сол сылтауға, қарсылықтарына алдын-ала жауап беріңіз. Небәрі 5000 теңгенің білінбей жұмсалып кететінін, ал бұл ақша табуға көмектеседі деп сендіріңіз. Бәсекелестерден артықшылығыңызды айтыңыз.

Қызметкермен қарым-қатынас

Стористе өз тобыңыздағы қызметкерлерді жеке-жеке таныстырыңыз. Әрқайсысына бір сторис арнап, олардың кім екенін, еңбек өтілімін атап шығыңыз. Бұл клиенттің сенімділігін туғызады.

Кері байланыс

Клиентпен кері байланыс орнатыңыз. Сіздің тауарыңызбен түскен фото не видеосы, қызметті пайдаланғаннан кейінгі нәтиже көрсетілу керек. Жай смс түрінде жазып жібергеннен гөрі видеомен айтқан өтімдірек болады.

Команданың фото және видеосы

Өнімнің артында кімдер тұрғанын клиент білу керек. Сол себепті оларды жеке-жеке емес, топтық жұмыс жасау барысын көрсетіңіз.

Сілтеме

Адам жеңіліне жүгіреді. Олар стористегі нөмірді теріп, оған жазып отырғысы келмейді. Сол себепті стористан бірден ватсапқа не сайтқа өту сілтемесін қойыңыз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!