Таным

Ағылшын тілі бойынша білім беретін тегін сайттар

Ағылшын тілін үйрететін платформалар

Ағылшын тілі қазіргі уақытта сұранысқа ие тілдердің бірі. Жұмыс пен кәсіптің қай саласында болмасын, барлық уақытта және барлық жерде ағылшын тілін білу қажеттілігі туындады. Бірі арнайы курстарға жазылып, күнделікті жаттығулар арқылы үйреніп жатса, енді бірі шетел асып кетуде. Бұған арналған арнайы бағдаламалар да дайындалғаны бәріне белгілі. Алайда барлығында курстарға қатысуға уақыт болмайды және қаражат мәселесі де көпшілікке мүмкіндік бермейді. Ағылшын тілін үйренуге арналған тегін сайттардың барлық тіл үйренушілерге көмегі тимей қоймайды. Balbal.kz мотивациялық сайты назарларыңызға тіл үйренуге арналған тегін сайттар тізімін ұсынады.

Инглекс

«Инглекс» тегін кітапханасы бар тіл үйренуге арналған сайт. Сайт авторлары іскерлік, туристік және күнделікті қолданысқа арналған ағылшын тіліне қатысты мақалалар жариялайды. Білім деңгейіне қарай шақтардан бастап, түрлі сериалдарды талдауға арналған рубрикалардан тұрады.

Duolingo

«Duolingo» ағылшын тілін жаңадан бастаушыларға арналған тегін сервис. Сайтты қаржы тұрғысынан Google Capital, Эштон Кутчер сынды инвесторлар қолдайды. Сайт «жетістік ағашы» формасында жұмыс жасайды. Келесі деңгейге өту үшін ұпай жинауыңыз қажет. Ал ұпайды сұраққа дұрыс жауап беру арқылы жеңіп алуыңызға болады. Сайттың IOS және Android-ке арналған қосымшалары да бар.

Learnathome

«Learnathome» сайты студенттер үшін өте ыңғайлы болып табылатын ресейлік сервис. Себебі, қосымша күнделікті 30 минутта орындауға болатын жоспар дайындайды. Сервиске тіркелген соң алдымен деңгей анықтауға арналған тест тапсыру міндетті.

FreeRice

«FreeRice»  – сөздік қорды көбейтуге арналған жаттығулар мен тапсырмалардан тұратын жаттықтырушы. Сервис ойын негізінде құрылған. Әрбір дұрыс жауап үшін күріш алып отырасыз және өзгелерді тамақтандыра аласыз.

Ororo.tv

«Ororo.tv» тұтынушыларға фильмдер мен сериалдар көру арқылы ағылшын тілін үйрететін сервис. Бейнежазбаларға аудармашы бекітілген, тек өзіңізге түсінікті тілді таңдасаңыз жеткілікті.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close