Таным

AliЕxpress – тиімді сауда алаңы

AliExpress – бұл ғаламдық интернет-дүкен. Сайттағы тауарлар бөлшек және көтерме саудамен сатылады. Оның басты артықшылығы – арзан бағамен салытуында. Balbal.kz мотивациялық сайты AliExpress алаңы және одан кешбэк алу жолдары туралы материал дайындады.

AliExpress тарихы

AliExpress 2010 жылы Қытай тауарларын басқа елдерге сату үшін ашылған. Оның негізін салған Alibaba холдингінің басшысы – Джек Ма. Алиэкспресс соның еншілес компаниясы ретінде саналады. Басында бұл платформа B2B өрісінде жұмыс істеді. Кейін B2C, C2C деңгейіне дейін кеңейді. Платформа Қытайда жоқ. Оның орнына Таобао жұмыс істейді.

2018 жылдың қарашасынан бастап ассортиментте түрік брендтері пайда болды. Себебі Trendyol платформасын Alibaba сатып алды. AliExpress қазіргі уақытта Ресейде, Англияда, Испанияда, Нидерландыда, Францияда, Италияда, Польшада және Португалияда ұсынылған. Орыс, ағылшын, испан, голланд, француз, итальян, поляк, араб және португал тілдерінде қол жетімді.

Тыйым салынған тауар түрлері

Құпия ақпаратты әшкерелейтін құрылғылар;
Брендтердің жалған көшірмесі;
Сертификатталмаған тауарлар;
Пышақтардың кей түрлерінен басқа қару-жарақ заттары;
Химиялық және жанғыш заттар. Мысалы, отшашулар, алкоголь, анаша және оның тұқымдары.

AliExpress-тен тапсырыс беру

Аliexpress.com сайтына өтіп, негізгі параметрлерді орнатыңыз. Парақшаның жоғары оң жағында Language бар. Өзіңізге ыңғайлы тілді таңдаңыз. «Жеткізу» терезесін ашып, аймақтық параметрлерді таңдаңыз: ел (Aliexpress Kazakhstan) және валюта. Ресми веб-сайтта барлық тауарлардың құны доллармен көрсетілген. Орысша нұсқасында рубльмен жазылады. Бастапқыда долларға назар аударған дұрыс.

Сайтқа тіркелу қажет. «Кіру/Тіркеу» дегенді басып жеке парақша ашасыз. «Менің Aliexpress»-ім бөліміне өтіп, тауарды қайда жеткізу керек екенін көрсетіңіз. Тауардың жоғары сапалы екеніне және сатушының жауапты тұлға екеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін пікірлерді оқып шығыңыз және «жұлдыздардың» санына назар аударыңыз.

Сатушы туралы мәліметтер суреттің жоғары жағында орналасқан. Ол жерде дүкен атауы, сатушының AliExpress-те қашаннан бері сауда жасайтыны жазылған. Сосын тауарларға тапсырыс беру және төлем жасауды бөлімін таңдайсыз. «Қазір сатып алу» немесе «Себетке жіберу» түймесін басыңыз. Егер «Қазір сатып алу» түймесін бассаңыз, төлем әдісін таңдаңыз: Visa; MasterCard WebMoney; Qiwi Қазақстан; Western Union және т.б.

Банкте долларлық шот ашып, оған валюта салыңыз. Сол арқылы сауда жасай аласыз. Ал ол сізге қолайлы болмаса, қарапайым шотты пайдаланыңыз. Содан кейін теңге автоматты түрде банк бағамы бойынша долларға айырбасталады.
Тапсырыс көрсетілген пошта бөлімшесіне келеді. Сізге арнайы трек код беріледі. Сол арқылы тауардың қай жерде екенін бақылай аласыз.

Кеш-бэк алу мүмкіндігі

Алған тапсырысыңыз үшін кеш-бэк алуға болады. Сізге тек AliExpress-тің ресми серіктесі болып табылатын ePN Cash Back веб-сайтында тіркелу қажет. Тіркелгеннен кейін электронды әмиянның немесе телефон нөмірін көрсетуді ұмытпаңыз.
ePN Cash Back плагинін орнатқаннан кейін AliExpress веб-сайтына өтіп, өзіңізге ұнайтын өнімді таңдаңыз. Одан кейін плагин бөлімшесін басып, қанша кеш-бэк түсетінін қараңыз. «Жалғастыру» түймесін басыңыз. Кеш-бэк мөлшері тауарлардың түріне және санатына байланысты 7-ден 15% -ға дейін. Бірақ көп жағдайда ол 7% болады.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!