Таным

Кризисті пайдалану. Қуаныш Шонбай мен Сырымбек Тау диалогы

Кризисті қалай өткермекшісіздер?

Кризисті, карантинді ойлап, уайымға салынудың қажеті жоқ. «Таяқтың екі ұшы бар» демекші осы жағдайларды пайдаланып, бизнесті дамыту жолын қарастыруға болады. Balbal.kz мотивациялық сайты Қуаныш Шонбай мен Сырымбек Таудың инстаграмдағы тікелей эфирін тамашалап, материал ретінде дайындады.

Қуаныш Шонбай – табысты кәсіпкер, танымал ресторатор және оратор. Rumi Group компаниясының негізін салушы.

Сырымбек Тау – жылдық айналымы 50 миллион долларды құрайтын кәсіпкер, «Triangle» компаниясының диллері.

Кризистен не ұтам?

Кризис кезін емес кризистен кейінгі жағдайды ойлау керек. Көп жағдайда бизнесмендер доллар бағасымен бірге тауарды да қымбаттатады. Алайда бұл қысқа мерзімді нәтижені береді. Кризис тәуекелге бару мен құрбан етуді талап етеді. Кризисте пайдаға кенелем деп мақсат тұтпаңыз.

Кризистен ұтып шыққыңыз келсе, бағаны баяғы соммамен сатуды жалғастырыңыз. Өзге бақталастарыңызға қарағанда тұтынушылар сіздің тауарыңызды алатын болады. Мақсат – қалдықтан арылу. Сырымбек Тау 2015 жылғы кризисте бағаларды көтермей сатқан. Нәтижесінде 2% ғана қалдық қалған.

Тауарды арзанға болсын сату шарт. Сонда қолыңызда ақша қалады. Ал қолдағы ақшамен өз саудаңызды кеңейтесіз. Зауыттар, өндірістермен келісіп, ассортиментті көбейте аласыз. Таңдау көп болған сайын тұтынушы да көбейеді. Бұл бизнесіңіздің бренд болып қалыптасуына көмектеседі. Кризистен кейін сол шығынды бірнеше етіп қайтарып алуға мүмкіндік бар.

Карантин жағдайындағы бизнес

Карантин жағдайында жаңа тауарлардан бас тартқан жөн. Себебі ондай кезде халық көп сауда жасамайды. Қолыңыздағы бар тауарды өткізуге тырысу керек. Онлайн бизнеске көшуді қолға алыңыз.

Карантин жариялады екен деп жатып алмаңыз. Бұл сізге берілген мүмкіндік. Карантин кезінде не істеуге болады:

Инвентаризация (есептеу жүргізу, тексеріс);

Қателіктерді реттеу (көптен бері жүзеге асыра алмай жүрген істі қолға алу);

Жөндеу жұмыстарын жасау;

Өз салаңызға қатысты кітап оқу;

Іс үйрену (тіл, компьютер бағдарламалау, т.б.)

Екінші бизнес ашуға ыңғайлану (бизнес жоспар құру, онлайн бизнес ашу, т.б.)

Кризисте қандай бизнес бастауға болады?

Шикізат көзі

Кризис кезінде бизнес бастауға ақша көп кетпеу керек. Мейлінше теңгеге жүгінетін саланы қарастыру керек. Шикізат көзін Қазақстаннан алатындай етіңіз. Себебі шет елден алып келетін тауар басқа валютаға тәуелді болып, қиналып қаласыз. Доллар өскен сайын тауарды қымбаттатуға мәжбүр боласыз.

Халық сұранысы

Қазір ресторан, кафе, ойын-сауық кешендерін аша алмайсыз. Клиент азаюда. Ешкім сырттан тамақ ішпейді, үйлерінде отыр. Кризис кезінде адамдар киімді де көп алмайды. Халық тамақ алады. Егін, мал шаруашылығын бастауға болады.

Ұзақ мерзімді нәтиже

Қысқа уақытта пайда көруге асық болмаңыз. Кризис, карантин біткеннен кейін сіз тұтынушының есінде қалуыңыз керек.

Қазір пандемия кезінде маска, антисептик бағаларын бірнеше есе көтеріп жіберді. Такси бағалары, ұшақ билеттері кенеттен жоғарылады. Бірақ пандемия басылғаннан кейін ондай пайда көре алмайсыз.

Пандемия басылғаннан кейін антисептик қолдану әдетке айналу керек. Оны жарнамалап, антисептик қасына витаминдерді не масканы сыйлыққа беруге болады. Таксист болсаңыз, көлік ішінде клиентке сервис көрсетіңіз. Су ұсыныңыз, әңгіме-дүкен құрыңыз. Клиент сізді есінде сақтап қалады.

Көтерме саудамен айналыссаңыз, сізден тауар алатын адам сізден пайда табу керек. Егер одан қызғанып, бағаны көтеретін болсаңыз, тауарыңыз өтпейді. Бөлшек саудамен айналысатындар сіздің тауарды алғысы келіп тұрғаны сізге жақсы.

Нишаны зерттеу

Статистика жасау

Статистика жасайтын кезде интернеттен қарай салмау керек. Кеден Одағында болғаннан кейін есептеулер нақты болмауы мүмкін. Бір қаланы зерттеп, анализ жасаңыз.

Жыл сайын қалада туу көрсеткіші өсуде. Қазірде мектепке дейінгі жастағы балалар нешеу, балабақша нешеу? Бір балабақшаға неше бала қабылдай алады деген есептеулермен құрылыс саласын немесе балабақша ашуды қолға ала аласыз.

Қазақстанда 4 миллион көлік бар. 1 көлікте 4 дөңгелек болса, 16 миллион дөңгелек.  Дөңгелектерді 4 жыл сайын ауыстырып отыру керек.

Шикізат көзі

Қазақстандағы немесе өз қалаңыздағы шикізаттарды зерттеңіз. Қандай шикізат көзі бар және олардан не алынатынын біліп алыңыз.

Жоғарыда көрсетілген мысал бойынша Қазақстанда дөңгелекке арналған резинке бар ма, соны қарастырасыз.

Сақтандыру

Тауардың пайдасы мен зиянын, құрамын, жарамдылық мерзімін білу керек. Егер бананмен сауда жасайтын болсаңыз, аталмыш вирус бананнан жұғуы мүмкін бе, бананның ағзаға әсері қандай екенін біліп алу керек. Банан неше күннен кейін шіріп бастайтынын біліп, бананның белгілі бір санын сатуға шығарасыз.

Ақшасыз бизнес бастау

Идея сату

Егер бизнес бастауға ниетіңіз болып, бірақ ақшаңыз болмаса, идеямен бөлісіңіз. Ақшасы бар адаммен бірігіңіз. Ол ақшаны береді, сіз ол ақшаны оңды жаратасыз. Нәтижесінде ақша берген серігіңіз 60%-ын алады деп келісіңіз.

Сервис жасау

Ірі магнаттардың өмірбаянына үңілсеңіз, бәрі кішкентай нәрседен, кіші қызметтен бастаған. Егер бизнесті 0 теңгемен бастағыңыз келсе, қызметіңізді сатыңыз. Дөңгелек тасу, затты белгілі бір мекенжайға жеткізу, т.б.

Бизнес үшін керек 3 нәрсе:

Білім;

Тәжірибе;

Идея.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!