Таным

Маслоу пирамидасындағы «толық адам»

Маслоу және толық адам

Маслоу Абрахам – америкалық белгілі психолог, гуманистік психологияның негізін салушы. Ол «қажеттіліктер пирамидасын» жасап шыққан. Бұл пирамидаға адам қажеттіліктері иерархиялық негізде енгізілген. Абрахам «қажеттіліктер пирамидасы бойынша» толық адам болады деп есептеген. «Толық адамдар» әлемдегі адамдардың 1 пайызын ғана құрайды деп есептеген.

Толық адам философиясы

«Толық адам» идеясын ХІІ ғасырдан бастап қозғалып келеді. Бұл шығыс философиясында пайда болған. Ал ХІХ ғасырда еуропалық пәлсапашылар мен психологтар өз идеяларын ұсына бастады. Ал Маслоудың «толық адам» концепциясы бүгінгі таңға дейін жоғары бағаланады.

Маслоудың «толық адамға» қоятын критерийлері

«Толық адам» жаңашылдыққа құмар болады. Шындық пен қағидаларға оң көзқараспен қарайды. Өзін және өзгелерді жасандылықсыз қабылдайды. Олар шынайылық пен қарапайымдылық негізінде өмір сүреді. Өзіндік дәстүрлер мен мерекелерді қалыптастырады.

Олар тек өз жұмыстарымен ғана айналыспайды. «Толық адам» өмірлік борышын өтеуге тырысады. Ал іс-әрекеттерді тек қазіргі уақытта ғана емес, шексіздік тарапынан қарастырады. Сонымен қатар кейбір жағдайлардан өздерін алшақ ұстауға тырысады. Осылайша келеңсіздіктерден сақтанады.

«Толық адамдар» қоғам мен сыртқы өмірден тәуелсіз болады. Сыртқы әсерлерге төтеп бере алады. Олардың қарым-қатынас аясы тар болады. Дегенмен ол барынша тереңнен ойлайды.

Өзгелерден үйренуге әрқашан дайын. Қарым-қатынас жағдайында демократиялық жүйені ұстанады. Жақсылық пен жамандықты бірден ажыратады. Өзі өмір сүретін мәдениетті талдайды. Жақсысын қалдырып, жаманын алып тастауға тырысады. Өзін мәдениеттің өкілі емес, адамзаттың өкілі деп санайды.

Өмірден рахат алу

Маслоудың пікіріндегі «толық адам» өмірдегі қарама-қайшылықпен қақтығысқанымен, өзін бір қалыпта ұстай алады. Себебі олар өздерін әр уақытта жетілдіріп отырады. Маслоу «толық адам» өзін басқарудың жоғарғы деңгейіне көтеріледі деп есептеген. Себебі сыртқы факторлар әсер еткенде өз бетінен қайтпайды. Қандай қауіп-қатер орын алмағанымен «толық адам» өмірден рахат алады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close