Біліп жүр

Никола Тесла –бүкіл өмірін ғылымға арнаған «Найзағай патшасы»

Никола Тесла шыбыннан қорыққан

Никола Тесла – көрнекті ғалым, физик, инженер. Оны ел ауызында «Найзағай патшасы» деп те атайды. 

Өмірбаяны

Никола Тесла 1856 жылы 28 шілдеде Австрия империясы, Смиляне ауылында дүниеге келген. Әкесі Милутин Тесла діни қызметкер, ал анасы Георгина Тесла бала тәрбиесімен айналысып, кейде күйеуіне көмектесуге шіркеуге баратын. Әкесі ұлының да дін қызметкері болғанын қалады. Ал Никола отбасының көңілін қалдырмау үшін бала кезінен Библияны оқи бастады.

Холера ауруының арманына септігі

Күтпеген жерден Теслоның тұрып жатқан ауылында Холера ауруының қарқынды тарауы басталды. Ол аурудан күніне 100 деген адам қайтыс болып жатты. Кейіннен болашақ ғалым да сол ауруға шалдығады. Бұл қорқынышты аурумен бала 9 ай ауырады. Дәрігер сауығып кетуінен үміт үзеді. Алайда Тесло іштей жазылып кететінін білді де әкесі инженер болуына рұқсат берсе, сауығып кететінін айтты. Әкесі баласының шарасыздығын көріп, рұқсатын беріп, ең үздік еуропалық университетке жіберітініне ант берді. Осы әңгімеден кейін Тесло ауруынан емделе бастайды. Тесло айығып болған соң өзінің бойынан ерекше дарындылықты көре бастайды. Тіпті өзінің ойынан болашақ құрылғыларының макеттерін шығара алды. Ойша көріп қана қоймай, оларды тексеріп, қате жерлерін көре алатындай қасиеті пайда болды. Тек ойындағы құрылғы 100 пайыз дұрыс істеген жағдайда ол керекті жабдықтарды алып, ойындағысын өмірге айналдырған.

Оқу кездері

1875  жылы Никола  Граце қаласындағы жоғары техникалық оқу орнына түседі. Сол жерде Грамма машинасының жұмыс алгоритміне қызығып зерттей бастайды. Кейіннен құралғының толық жұмысына қозғалтқыштың тікелей тоғы кедергі екенін көреді. Өзінің ойын оқу қабырғасындағы оқытушысына айтады, алайда сөгіс естиді. Онысымен қоса ұстаз топтағы студенттерге Николаның қателігі тұралы үлкен дәріс жүргізеді. Кейіннен Тесло құмар ойындарға қызыға бастады. Өзінің сөзі бойынша ойынды ақша үшін емес, проблемалардан құтылу үшін ойнаған. Көп ақша ұтып алса да жанындағы қарсыластарына қайтарып берген.

Сәтсіз АҚШ

1884 данышпан физик АҚШ-қа келеді. АҚШ-қа келе салысымен Тесло Эдисонның компаниясына жұмысқа тұрады. Ал Эдисон өз заманының беделді, сыйлы тұлғасы болатын. Көре алмаушылықтан ба, бәсекелестіктен бе, бірақ Томас Эдисон Теслоны жақтырмады. Идеясын сынға алып, айтар ойын Теслоның намысына тигізіп айтатын. Бірде Эдисон Теслоға  оның электрқуатты машинасының күшін ұлғайтса, 50 мың доллар беремін деп уәде еткен (қазіргі ақшамен 1 миллион доллармен тең сома). Тесло қаржыға зәру болған соң жұмысқа бірден кірісіп, сызбаның 24 түрін ұсынған.  Америкалық Эдисон барлық жұмыстарын мойындап, қабылдады. Ал Тесло еңбекақысын сұраған кезде Эдисон «Американың әзілдерін түсінбейді екенсің» деп бірде бір доллар бермей, қайтарып жіберді.

Өртенбес жад

Кейін инженер Браунмен танысып, көптеген идеяларына көмек алады. Соның арқасында Николада жақсы зертхана бөлмесі пайда болды. Негізгі ісі көше шамдарын жасау болса да талай құрылғылары сол жерде ойластырылған. Алайда 1895 жылы лабаратория толығымен жанып кетеді. Онымен қоса ерекше сызбалары мен жұмыстары бірге өртеніп кетеді. Ғылыммен айналысатын адамға өз зерттеулерінен айырылу үлкен қайғы, бірақ Тесло үшін емес. Себебі ол феноменалды есте сақтау қабілетімен барлық жұмыстарын қалпына келтіріп алады.

БАҚ және Никола

1915 жылы газет беттерінде  Николаның физика саласынан Нобель сыйлығына іліккені туралы ақпарат шыға бастады. Кейіннен Эдисонның да бірге іліккені туралы мақалалар жарияланды.  Журналистер екеуінің сыйлықты екіге бөле алмағынан сыйлықтан бас тартты деп ақпарат таратты. Алайда ақпараттың жалған екені анықталды. Шын мәнінде Никола тек 1937 жылы ғана Нобель сыйлығын алды.

Өнертабыстары

Қазіргі ғалымдар оның Филадельфиядағы кемемен жүргізген экспериментіне, Тунгуска метеоритіне, электромобиль жасауына, өлім сәулелеріне және басқа да расталмаған сенсациялық жаңалықтарға қатысы бар деп есептейді.

Никола Тесланың ең маңызды ғылыми жаңалықтары:

  • Жарықты сақтау және беру әдісі;
  • Өріс теориясы (айналмалы магнит өрісі);
  • Айнымалы тоқ;
  • Айнымалы тоқ қозғалтқышы;
  • Тесла катушкасы;
  • Радио;
  • Рентген;
  • Күшейтетін таратқыш;
  • Турбина Никола Тесла;
  • Көлеңкелік фотосурет;

Тесло рационалды ғылым адамы болса да Акаш жазбаларына, Жердің энергиясына және оның тірі тіршілік иесі екендігіне сенді.

 Никола Тесло қандай адам?

Жеке өмірі оның құрылғылары мен зерттеулері сияқты қызық. Қанша әйел оған ашық болса да ол байқамағандай көзге ілмей жүретін. Отбасылық өмірді ғылым адамына тән емес дүние деген ойды ұстанды.

Холера ауруынан кейін Наколада микробтардан қорқатын фобия пайда болды. Үнемі қолын жуып, отельдерде күніне 18 рет орамал ауыстыруын сұраған. Тамақ ішіп отырған үстеліне шыбын қонса, тамағын қайтадан ауыстырып әкелуді талап еткен. Отельдегі бөлмесінің нөмірі 3 санына көбейтілген болса ғана қонған. Серуендеп жүрген кезде аяқ-асты секіріп кететін, жүрген жерін, ыдысының көлемін есептен жүретін әдеттері болатын. Ыдыстары мен жүрген жерін есепке алмаса, тамақтану мен серуендеуден ләззат алмайтын. Жалғыз қыдырып Фауст Гетенің туындыларын жатқа айтып жүрген.  Күніне 4 сағат демалған: 2 сағат ұйқы, 2 сағат ойлануға уақыт. Уақытын тек қана ізденіске арнаған, тіпті 84 сағат үздіксіз жұмыс атқарған кездері болған.

Көріпкелділік қасиеттері бар сынды. Мынандай бір қызық оқиға бар: Бір күні Тесла достарын кешкі іс-шарадан кейін шығарып салмақшы болады. Бекетте поезд күтіп тұрып достарын келе жатқан поезд вагонына отырмауға кеңес береді. Сол кезде поезд рельстен ауытқып, көп жолаушы қайтыс болған деседі.

Соңғы жылдары

1943 жылы 5 қаңтар күні сол кездегі АҚШ президентінің әйелі Элеонора Рузвельтпен кездескен. 86 жастағы данышпан Николамен соңғы сөйлескен кісі болатын. Ол өмірінің 87-ші жылы 1943 жылдың 7-нен 8-не қараған түні Нью-Йорктегі қонақүй бөлмесінде қайтыс болды.

Коронердің айтуы бойынша өлім 22:30 шамасында болжалды коронарлық тромбоздан кесірінен болды. 12 қаңтарда мәйіт кремацияға ұшырап, күлі Нью-Йорктегі Фернклиф зиратындағы жәшікке салынды. 1957 жылы ол Белградтағы Никола Тесла мұражайына ауыстырылды.

Дайындаған: Гүлжанат Амангелдыева

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!