Таным

Қоқысты кәдеге жаратып отырған мемлекеттер

Қоқысты өңдеу оңай шаруа емес

Қоқысты өңдеу оңай жұмыстардың қатарына жатпайды. Оны өңдеу үшін ірі зауыттар мен өнеркәсіптер қажет. Осыдан 2 жыл бұрын БАӘ қоқысты табиғи қуат көзіне айналдыратын өнеркәсіпті салу жұмысын қолға алған болатын. Соның арқасында алдағы уақытта 120 000 тұрғын үй қуат көзімен қамтылмақ. Жоба аясында жыл сайын 1,82 миллион тонна қоқыс өңделмек. Ал технология 17 мегаватт энергия өндіреді. Бұл арқылы Дубай 2050 жылға дейін толық табиғи қауіпсіз қуат көзін қолданатын қалаға айналмақ.  Жалпы, қоқысты қайта өндіретін мемлекеттер тізімі толыға түсуде. Тізімнің ішіндегі ең ірілеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.

Германия мен Австрия

Германия жылына шығарылатын қоқыстың 62 пайызын қайта өңдейді. Бұл мемлекетпен қатар Австрия да осындай көлемде қоқыс өңдейді. Австрия соңғы 10 жылда қоқыс өңдеудің жаңа технологияларын ойлап тапқан. Бұл мемлекетте қоқыс өңдеуге қатысты жеке заң жобасы өабылданған.

Мысыр

Әлем бойынша мысырлық заббалиндер сияқты қоқыс өңдеу дәрежесіне әлі ешкім жетпеді. Заббалиндер – қоқыс жинаумен және оны өндіріс орындарына жеткізетін тұрғындар. Олардың табысы өзгелермен салыстырмалы түрде жоғары болып табылады. Үй иелері қоқысты алып кеткені үшін заббалиндіктерге белгілі мөлшерде ақы төлейді. Олардың көпқабатты үйлерінің 1 қабатында қоқыс жиналады. Ал жоғарғы қабаттар қоқысты бөліп, дайын өнім ретінде дайындалады. Кейбір үйлер өңдеуге жарамайтын қоқыстарды өртеуге арналған қазандықтармен жабдықталған. Осылайша заббалиндіктер жылына қоқыстың 85 пайызын өңдейді екен.

Бразилия

Алюминийді өңдеу бойынша Бразилия әлем бойынша бірінші орында тұр. 2001 жылы қаптау материалдарын өңдеу бойынша алдыңғы орынға көтерілген. Ал 2014 жылы Бразилияда 98,4 пайыз қаптау материалдары өңделді. Дәл сол жылы 294 200 тонна аллюминийдің 289 500 тоннасы қайта өңделіп шықты. Бразилияда аллюминийдің көптеп өдірілуі қуат көзінің азырақ жұмсалуымен тікелей байланысы.

Сингапур және Оңтүстік Корея

Бұл екі мемлекет жыл сайын қоқыстың 49 пайызын қайта өңдейді.

Италия және Ұлыбритания

Италияда қоқыстың 36 пайызы, ал Ұлыбританияда 39 пайыз қоқыс өңделеді екен.

Мамандардың айтуы бойынша, қоқысты көбірек өңдеу үшін жеке өнеркәсіптер немесе мемлекеттік мекемелер саны көбеюі керек. Сонымен қатар оларға қаржылық қолдау көрсетілуі тиіс. Ең бастысы, қарапайым халық та бұл өзгерістерді қалайтындығын сездіруі қажет.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close