Таным

Тегін суреттерді жүктеуге арналған фотобанктер

Тегін суреттерді жүктеуге болатын платформаларды сіз де біле жүріңіз.

Тегін суреттерді жүктеуге болатын бірнеше платформа бар. Өйткені сапалы фотосуреттер кез келген сәтте қажетіңізге жарауы мүмкін. Жоба қорғасаңыз да, сайт, инста-парақшаңызды жүргізсеңіз де сапалы суреттер іздеп кетеріңіз анық. Ондай да бірден іздеу жүйелеріне керек суретіңіздің атын жазып таба салуға болады. Бірақ ол суреттер қаншалықты сапалы және олардың авторлық құқықтары сақталған ба? Бұл туралы бас қатырып ойланып жатқан ешкім жоқ. Кейін дауға қалмас үшін авторлық құқығына мән беретін адамдар ақылы фотосуреттерді сатып алып жатады.

Ал егер сіз жоғары сапалы фотосуреттерді заңды түрде, әрі тегін жүктегіңіз келсе не істемек керек?

Balbal.kz сайты назарларыңызға тегін әрі сапалы фотосуреттерді заңды жолмен жүктеуге болатын фотобанктердің үздік топтамаларын ұсынады.

Бұл құралдардың көмегімен ерекше өнім даярлап шығуыңызға болады. Өйткені көрер көзге тартымды суреттер оқырмандар үшін қашан да маңызды. Суретсіз контенттерді елестету қиын. Кез келген адам ақпаратты ең алдымен көзбен қабылдайды.

Pixabay

Pixabay ең танымал фотобанктердің бірі. Өйткені Pixabay-дің базасында 420 мыңнан астам тегін суреттер жинақталған. Сонымен қатар өзіңізге қажетті кез келген фотосуретті оңай таба аласыз. Сондай-ақ бірден жүктеп алуға болады.

Бұл база Creative Commons лицензиясымен таратылады. Яғни суреттерді кез келген мақсатта авторын белгілемей-ақ пайдалана беруге болады.

Pexels

Pexels фотобанкінде тегін суреттерді жүктеуге болады. Фотобанктің базасында 2 мыңнан астам сурет бар. Және олардың саны күн сайын 10 суретке толығып отырады. Бұл қызмет стартаперлер, блогерлер немесе веб-дизайнерлер үшін пайдалы. Барлық суреттер Creative Commons Zero (CC0) лицензиясымен таратылады. Сурет авторына сілтеме көрсетпей-ақ тегін пайдалануға рұқсат етіледі.

StockSnap

StockSnap жоғары сапалы ақысыз, үнемі жаңартылып тұратын фотобанк. Бұл фотобанктің ең пайдалы тұсы — танымал және рейтингі жоғары суреттерді оңай таба аласыз. Барлық фотосуреттері Creative Commons CC0 лицензиясына ие. Сол себепті кез келген фотосуретті коммерциялық мақсатта көшіруге, өзгертуге таратуға болады.

Stockvault

Stockvault – фотографтар, дизайнерлер және студенттер өз жұмыстарын тегін орналастыратын қызмет. Creative Commons attribution лицензиясы бар. Бұл қызмет серіктестік бағдарлама бойынша табыс табады. Егер сіз қара фонда орналасқан фотосуреттердің эскиздерін бассаңыз, бірден ақылы сайтқа ауысасыз.

Free Photos Bank

Free Photos Bank – тегін фотосуреттердің сапалы топтамасы. Тіркеусіз жүктеуге мүмкіндік береді. Барлық суреттер санаттарға бөлінген. Сол себепті тақырыптар және кілт сөздер бойынша кез келген фотосуретті оңай табуға болады.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close