Таным

Жаңа әдет қалыптастыруға көмектесетін 10 кітап

Жаңа әдет – жаңа өмірдің фундаменті

Жаңа әдет қалыптастыруға бәрі ұмтылады. Алайда оны жүзеге асыру үшін шыдамдық немесе батылдық жетіспейді. Осы кезде адамға жігер керек. Balbal.kz мотивациялық сайты жаңа әдет қалыптастырып, өмірін өзгерткісі келетіндерге арналған үздік кітаптар тізімін жариялады.

«Аптасына бір жаңа әдет. Бір жылда толықтай өзгер» Бретт Блюменталь

Кітапта жаңа әдет қалыптастыруға көмектесетін 52 қадам сипатталған. Өзгеріске ұмтылған сәтте алдымен тәй-тәй басып үйренуіміз керек. Бірден алысқа жүгіруге тырыспаңыз. Тез шаршап қаласыз. Автор музыкалық есту қабілетін жақсартудан бастап дұрыс тамақтануды, телефонға телмірмеуді де үйретеді.

 «Күріш дауылы және ерекше ойлаудың 21 әдісі» Майкл Микалко

Кітапты оқып болған соң жаңа идеялар туындайды. Креативті ойлау техникасын үйретеді. Автор ойлау қабілетін жақсартатын жаттығулар және әдістермен бөліседі.

«Математик сияқты ойла» Барбара Оакли

Біздің ойымызша математиктер – ерекше ойлайтын, интеллекті жоғары жандар. Математика нақтылық пен логикасымен қызық. Автордың айтуынша, осы нақты ойлауға, логикаға кез келген адам ие бола алады. Кітаптан не үйренесіз:

Неге білімді бөліп оқу керек;

Ми тежеуінен құтылып, белсенділікке қалай қол жеткізуге болады;

Ұйқының маңызы;

Прокрастинация және одан құтылу;

Интерливинг техникасы.

«Эмоционалды ептілік» Сьюзен Дэвид

IQ сияқты EQ деген де ұғым бар. Ол – эмоционалды интеллект. Кітапта эмоциямен жұмыс істеуді үйретеді яғни өзгенің эмоциясын зерттеуге бағыт береді. Жиі кездесетін ұялу, кінәлі сезіну, ашуға булығу, сенімсіздік сияқты жағымсыз эмоцияны жеңу жолдарын айтады. Позитивті ойлау арқылы жетістікке жету жолын табасыз.

«Күніне бір лайфхак» Игорь Манн, Фарид Каримов

Өмірге қажет болатын лайфхактар тізімі. 100 мақаладан тұрады.

Кітаптың бөліміне қарап жұмыс эффективтілігі, денсаулық, жетістікке жету сияқты қажетті кеңестерді қарай аласыз. Өмірді жеңілдетуге көмектеседі. Интернеттегі расталмаған ақпараттарға қарағанда бұл әдістер өте құнды. Себебі мұның бәрі автордың бақылауынан өткен лайфхактар.

«Таң сиқыры» Хэл Элрод

Кітап мыңдаған адамның өмірін жақсартуға септігін тигізген. Сіз қарапайым таңғы ритуалдың адамның бақытты, бай, мықты болуына әсер ететінін біліп пе едіңіз? Ендеше осы кітапты оқи отырып, ол қандай әдіс екенін біліп алыңыз. Қарапайым әдеттер бақытты өмір сүруге кепілдік бола алады.

«Істі қалай ретке келтіру керек» Дэвид Аллен

Getting Things Done – тек қарапайым істі ретке келтіру емес, жеке өмір, тірлікті тындыру методикасы. Автор бұл методиканы жиырма жылдай зерттеген. Кітап 2007 жылы орыс тіліне аударылады. Бірақ оған дейін де ол менеджерлер арасында танымалдылыққа ие болды.

Кітапты оқу арқылы жұмыстан ләззат алу, ақпарат жинау және оны өңдеу, жоспар құру, дер кезінде шешім қабылдау тәсілін үйренесіз.

«Тез оқу» Питер Камп

Кітапты тез оқу және оны түсіну дәрежесін үйренуге көмектеседі.

Шұғыл шаруа, жұмыс деп кітап оқуға көңіл бөлмейміз. Ал тез оқу методикасын үйренсеңіз, уақыт үнемдейсіз. Ақпаратты тез қабылдайтын боласыз. Кітап осы потенциалды ашу дағдыларын көрсетеді.

«Арнайы қызмет методикасы бойынша жағымды әсер қалдыру»  Джек Шафер, Марвин Каллинсаллер

Кітапты бұрынғы ФБР агенті Джек Шафер ұсынған. Онда дос табу, өзгелермен қарым-қатынас орнатып, жағымды әсер қалдыру әдістері туралы айтылады. Онда клиенттерге, сұқбаттасу кезінде жұмыс берушіге, жұмыстарға және кездесуде өзін қалай ұстау керегін айтады.

Кітап интроверт, тұйық жандарға көп көмегін тигізеді. Осы методикалар агент миссияларында оң нәтиже берген.

«Ересектер үшін шет тілі» Роджер Крез, Ричард Робертс

Ересектерге шет тілін үйрену жастарға қарағанда қиынға түсетіні мәлім. Балалар сөздерді тез жаттайды, тілін оңай сындырады. Ал ересектердің өмірлік тәжірибесі мен қабілеті басым екенін ұмытпау керек. Сол үшін оларға шет тілін басқа әдіспен оқыту керек. Авторлар өмірде қажет болатын сөздерді үйретеді.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!