Психология
Өзіңді бағалаудың жолдары
Бақытты өмір сүру үшін адамға өзін-өзі бағалау аса қажет. Себебі өзіңді қалай қабылдасаң, өзгелер де сені дәл солай қабылдайды.
Балбал порталы ұсынған кеңестерді пайдалана отырып, өзіңізді бағалап үйреніңіз:
- Мені жақсы көреді және мені уайымдайды. Өзіңізді ойша құшақтап, кейде шынымен де қолыңызды айқастыра қатты құшақтап алыңыз. Өзіңізге бақыт сыйлайтын сөздер айтыңыз.
- Бұл да өтеді. Ештеңе мәңгі емес: қайғы да, қуаныш та. Дәл қазір өмір сүріңіз. Дәл қазір бақытты болыңыз.
- Әлемге өзімді сеніп тапсырдым. Ол сізді кез келген уақытта қолдайды. Өзіңізге ұнаған фразаны ішіңізден сан рет қайталаңыз.
- Өзімді жақсы сезінемін. Ең қиын сәтте де ең жақсыны көріп, ең жақсыны сезінуге болады.
- Мен өз орнымда отырмын. Сіз бір жерде отырсаңыз, яғни солай болуы керек болған. Осыны қабылдаңыз.
- Өткенімді жіберіп, өзімді және өзгелерді кешіремін. Кешіре білу – адам өмірінде үлкен орын алатын шешім. Өзіңізді ойланбай жасаған әрекеттеріңіз үшін, жақындарыңыз бен қарсыластарыңызды өкпе-реніштерді ұмытып, кешіріңіз.
- Менің қалағаным менде бар. Әр адамда өзіне қажет құралдар бар. Алайда оны байқамайтындар да табылады. Осы фразаны кем дегенде үш рет қайталаңыз. Өзіңізге, өз күшіңізге сеніңіз.
- Әр істің қайыры бар. Бәрі жақсылыққа. Оқып отырып күлуіңіз мүмкін, бірақ бұл расымен де көмектеседі.
- Өзім қалайтын өмірді оңай құра аламын. Осыны қайталап, соған сай әрекет жасаңыз. Сонда өз өміріңізді жақсы көретін боласыз.
- Ең соңғысы, мен жақсы көремін. Әлемді. Өзімді. Жақындарымды.
Психологиялық әлем өте керемет арі қызықты мен көптеген өмірге керек кеңестерді тыңдап ерекше әсер аламын!