Акция… Уолл-стриттен келетін «шу» мен теледидардан акциялар жайлы көп естідік. Оны сатып алу және айналымға салу жайлы кеңестерді барлығымыз естідік. Бірақ оның дұрысы мен бұрысы болатынына ешкім көңіл аудара бермейді. «Кез келген акцияны сатып алыңыз және бұл акцияны неліктен сатып алу керектігін білетін адам міндетті түрде табылады», — дейді Seneca Capital Management компаниясының директоры Даг Куден.
Акция сатып аларда неге баса назар аударамыз?
Акцияның көтеріліп, бағасы өсуі үшін қозғаушы күш қажет. Бұл күштің рөлін жаңа өнім немесе компания басшысының ауысуы, нарықтағы жетістікке жету секілді факторлар болуы мүмкін. Жақсы табыс көзін табуға болады, бірақ барлық сектордың акциялары бірдей көтеріледі деуге келмейді. Есіңізде болсын, жақсы индустриядағы компания жақсы акция көзі бола алмауы да мүмкін.
Акцияларды сатып аларда, мамандардың пікірінше, басты екі нәрсені анықтап алуыңыз қажет:
Алдымен компанияның баға өсімін және келешектегі түсер табысты бағалаңыз. Баға көрсеткіші мен табыс жылдамдығы, кем дегенде, 1.0-ге тең болуы қажет.
Өндірістің балансын біліңіз. Бұл компанияның кіріс-шығысы есептелетін құжат. Бұл арқылы сіз қаржының қаншалықты дұрыс жұмсалып, қаншалықты дұрыс инвестицияланатынын көре аласыз.
Акция сатып аларда неден сақтану керек?
Бағасы жоғарылатылған тауардан сақтаныңыз. Егер тауар өтімділігі жақсы болса, оның акциялары да қымбаттай түседі. Баға көтерілген сайын оның сатылу циклы түсе береді.
Газет және интуицияға сеніп акция алмаңыз. Компанияның жақсы болуы акцияларының көрсеткіші бола алмайды. Ешқашан асықпаңыз. Акцияны тез алып, тез сату сізді пайдаға кенелтпейді.
Акцияларды «ұнатып қалудан» сақтаныңыз. Акциямен көп жұмыс істеңіз, сізге пайда мен ұзақ уақытқа серіктестікті алып келуі мүмкін. Бірақ акцияңыз өз құнын жоғалта бастаса, бірден сату жолдарын ойластырыңыз. Бір ғана акцияда тоқтап қалмаңыз. Кем дегенде 20-25 акцияны сатып алыңыз. Өйткені бұл нарықта сіздің компанияны қаншалықты жақсы білетініңіз маңызды емес. Барлығы орын алуы мүмкін екенін есіңізден шығармаңыз.
Брокерді дұрыстап таңдаңыз
Акцияларды сатып алар кезде брокерлер қызметін де естен шығармағаныңыз жөн. Себебі акция сізге тікелей пайда әкелмеуі де ықтимал. Бұндай кезде брокерлер көмегі қажет болары сөзсіз.
Брокерді дұрыс таңдау үшін мына нәрселерге назар аударыңыз:
-Комиссия – қызмет бағасы;
-Инвестицияның ең төменгі сомасы;
-Брокердің жұмыс істейтін нарықтары;
-Биржадағы жұмыс істеудің программасы.
Сатып алуға болатын компания акцияларын ғаламтор арқылы бақылап отырыңыз. Бұл тізім өзгеріп отырады. Сонымен бірге шетелдік компаниялардың акциялары да үнемі айналымда болады.