Тіс – әдемі күлкінің кепілі. Ауыз қуысындағы тістің түсі мен түзу-қисықтығы, одан шығатын иіс адамның өзіне деген сенімділігін төмендетеді. Онымен қатар осындай олқылықтар сіздің айналаңыздағы адамдардың алғашқы көзқарасына әсер етеді. Алайда тісті тек сұлулықтың бір бөлшегі деп қарастыра алмаймыз. Ауыз қуысындағы бактериялар өршіп кетсе, ол ағзаға әсер етеді. Кариесті емдемей жүру ангинаны тудыру мүмкін. Ал ағзаға бір элемент жеткіліксіз болса, ол тіс арқылы көрініс табады. Ендеше тіс күтіміне аса назар аудару керек.
Тіс және тіс жиегіне пайдалы өнімдер
Тістің те дене сияқты өз жаттығулары болады. Егер жиі жұмсақ не сұйық тамақтар, фаст-фуд өнімдері, газды сусындарды тұтынатын болсаңыз, тіс табиғи массажынан айырылады. Нәтижесінде ауыз қуысының дұрыс қан айналымы, сілекей бөлу және сілекей арқылы өңездерді тазартуына, жиектің қатаюына әсер етеді.
Сәбіз
Сәбіздің құрамындағы каротин қызыл иекке пайдалы, сонымен қатар эмальді қатайтады. Сәбізді жеу арқылы өңездер тазарып, қызық иектің жұмысын жақсарады.
Балық
Тіс сүйектері үшін кальций өте қажет. Сонымен бірге фосфор да ауыз қуысының қызметтерін бақылайды.
Жасыл шөп
Кальций жасыл шөптің құрамында көп кездеседі. Жасыл шөптің тағы бір артықшылығы – косметикалық эффект береді яғни тістің түсіне де оң әсер етеді.
Алма
Алманы күнделікті жеп тұру тіс сүйектерінің қатаюына көмектеседі. Ауыз қуысының жағымсыз иісімен күреседі.
Киви
Киви құрамында С витамині көп. Ал ағзада С витамині жетіспесе, коллаген аз бөлініп, жиек қанай бастайды.
Пияз
Табиғи антибиотик деп те атайды. Ол ауыз қуысындағы бактерияларды өлтіреді.
Цикорий
Оның қызметі – ауыз қуысындағы қан айналымын реттеу.
Күнжіт
Күнжіт тұқымында кальций көп кездеседі. Ол эмальді қатайтып, өңездердің алдын алады.
Ірімшік
Ірімшіктердің құрамында тұз аз болып, сәйкесінше кальций мен фосфаттар көп кездеседі. Ірімшік ауыз қуысындағы рН-балансты реттеп, бактериялардың өршіп кетпеуіне жағдай жасайды.
Көк шай
Көк шайдың құрамындағы катехин кариесті тудыратын бактерияларды өлтіреді. Көк шай ішкеннен кейін адамның ауызында жағымсыз иіс байқалмайды.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова