Біліп жүр

Сайтпен жұмыс: Google-дың алғашқы бетіне қалай шығамыз?

Сайтпен жұмыс істесеңіз, SEO-ға мән беріңіз!

Сайтпен жұмыс істеу барысында назар аударатын дүние – SEO. Cайттың позициясын көтеруді компьютерлік терминмен SEO деп атайды. Сайтпен жұмыс істесеңіз, қателіктеріңізбен де жұмыс істеңіз. Balbal.kz мотивациялық сайты рейтингті көтеру және Google-дың алғашқы бетін шығу мүмкіндіктерін қарастырды. 

Ішкі SEO

Title – бұл браузердің жоғарғы жағында пайда болатын беттің атауы.

Жиі жіберілетін қателік: көп кілт сөзді салу.

Дұрысы: Бренд атауын қосатын ерекше мәтін қою керек. Қолданушылар сайттың тайтлына қызығып кіріп, ары қарай сонда қалуы керек. Ал кілт сөздермен ішіндегі мәтін сәйкес келмесе, сайттан көңіл қалады.

Description — веб-сайт мазмұнын қысқаша сипаттау үшін пайдаланылатын мета-тег. Ол тайтлдың астында көрсетіледі.

Жиі жіберілетін қателік: оны CTA элементіне айналдырудың орнына кілт сөздермен толтырып тастайды. Дескрипшннің рейтингке қатысы жоқ.

Дұрысы: Сайтқа кіруге шақырыңыз. Сипаттама айқын және тартымды болуы керек. Сайттан не алатынын көрсетіңіз.

Keywords – мәтінге қатысты кілт сөздердің жиынтығы.

Жиі жіберілетін қателік: Кейуордсты толтырып жазу. Ұзақ уақыттан бері кілт сөздер Гуглда есепке алынбайды, сол себепті уақытыңызды бекер кетірмеңіз. Кілт сөздерді әр тақырыпқа толтырып сала бермеңіз. Егер шамадан тыс көп болса, оны спам ретінде қабылдауы мүмкін.

Клоакинг — «қара» және арам іздеу жүйесін оңтайландыру әдісі.

Ол пайдаланушыға және іздеу роботтарына көрсетілетін бір сайтты екеуіне екі түрлі етіп көрсетіледі.

Жиі жіберілетін қателік: Клоакинг әдісін пайдалану. Алайда қазіргі таңда гугл ол әдісті болдырмаудың жолын тапқан. Сол себепті шынайы ақпарат беріңіз. Нағыз өзекті әрі қажетті ақпарат гуглға өзі-ақ шығады.

Навигация мәзірі

Жиі жіберілетін қателік: төменгі деректердегі сілтемелерді көшіріп беру.

Дұрысы: Шынайы байланыс нөмерлерін қалдыру. Бұл оқырмандардың сенімін тудырады. Сайтта нұсқаулық, пікір қалдыру және әлеуметтік түймелер сияқты бөлімдерді қойыңыз. Коммерциялық мақсатта ашылған сайттардың өтімділігін жоғарылатады.

Парақшаға өту жүктемесінің жылдамдығын арттыру

Сыртқы SEO. Линкбилдинг                                                                 

Сілтемелер

Жиі жіберілетін қателіктер: Каталог сілтемелерін салу; сілтемелермен алмасу; сілтеме жалдау; қатысы жоқ сілтемелерді алу;

Дұрысы: Тематикалық сайттардың сілтемелерін қабылдау; Оңай алынатын сілтемелерді қолданбаған жөн. Мысалы, пікірлер.

Анкордты өзгертіп ерекшелеген абзал. Сілтемеге бренд не компания атауын жазыңыз. Қолданушылар есінде қалу ықтималдылығы жоғары.

Сайт атауы жағымды естілетін болсын. Гугл тек сілтеменің танымалдылығын емес, интернеттегі бренд атауының танымалдылығын да ескереді.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!