Психология

Джордан Питерсон: Пікірталасты жеңу тәсілдері

Джордан Питерсон кеңестері

Джордан Питерсон – канадалық психолог, патриархатты жоққа шығарушы. Ол Канададағы ықпалды адамдардың бірі. Оның пікірталастары, лекциялары мен сабақтары мыңдаған адамды жинайды. Джордан Питерсон пікірталастарда түрлі әдісті қолданады. Бұл әдістерді білу сізге дау-дамайды жеңуге көмектеседі. 

Жекеден көпке өту

Пікірталас барысында деректерді көптеп келтіру қажет. Құр сөз жеңіске жеткізбейді. Үлкен дайындық арқылы Джордан пікірінің дұрыстығын дәлелдеп шығады. Қарсыласыңыздың айтқанын мұқият тыңдаңыз. Жеке пікірін көптің пікірімен салыстырыңыз. Осы арқылы пікірталас кезінде айтқандарының дұрыс еместігін дәлелдейсіз.

«Иә, бірақ…» әдісі

Пікірталас үлкен алаң. Дұрыс айтылмаған сөз даудың пайда болуына алып келеді. Сол үшін «иә, бірақ…» әдісін қолданыңыз. Әдіс бойынша сіз ешқандай даусыз өзіңіздің қарсы пікіріңізді айта аласыз. Сөзіңізді «иә» деу арқылы оның ойымен келісетініңізді білдіресіз. «Бірақ» деу арқылы қарсы ойды білдірмей қосып жібересіз. Осылайша ешқандай даусыз өзіңіздің идеяңызды пікірталас алаңына енгізесіз. Бұл әдіс барлық кезде өтімді.

Идеяның маңызды еместігін көрсету

Қарсыластың сөздерін мұқият тыңдап алыңыз. Ойының ешқандай маңызы жоқтығын айтыңыз. Бірнеше дәлелдер келтіру арқылы ол идеяның адамдарға қажет еместігін дәлелдеңіз. Осылайша сіз қарсыласыңызды пікірталас кезіндегі басымдығынан айырасыз.

Өзіне қарсы шыққан тұсын табыңыз

Егер бұл әдістер қарсыласыңызға жеткіліксіз болса, шабуылға шығыңыз. Қарсы пікірлер дайындаңыз. Оны қарсыласыңыздың өзі дайындап беруі мүмкін. Өз ойына қарсы келген тұстарды өзіне қарсы пайдаланыңыз. Оны тығырыққа тіреу арқылы ойының дұрыс еместігін дәлелдейсіз. Мұндай жағдайда адам ақталу үшін өзге дәлелдерге сүйенеді. Сіз де өзіңіздің қарсы пікірлеріңіз бен аргументтеріңізді іске қосыңыз. Басытысы – қарсыласыңыздың қай бағытты ұстанатынын анықтап алу.

Сұрақтар легі

Пікірталас соңында қарсыласқа бірнеше сұрақты қатарынан қойыңыз. Көп сұрақты қатарынан қою адамды жаңылыстырады. Қай сұраққа жауап берерін білмей, ойы сан саққа жүгіреді. Пікірталасты осылай аяқтау сіздің айқын жеңісіңізді көрсетеді. Бірақ сұрақтар тақырыптан ауытқымауы тиіс. Барлығы сіздің ойыңызды қолдап тұруы маңызды.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!