Максвелл – америкалық жазушы және оратор. Көшбасшылық туралы көптеген кітаптардың авторы. Көшбасшылықтың 21 анықталмайтын заңдары мен маңызды қасиеттерін талдап көрсеткен. Оның кітаптары миллиондаған тиражбен сатылды. Кейбіреулері New York Times бестселлерлер тізімін енді. Balbal.kz мотивациялық сайты Джон Максвелл және оның қағидалары туралы материал дайындады.
Өмірбаяны
Джон Кэлвин Максвелл 1947 жылы Гарден Ситиде, Мичиган қаласында дүниеге келген. Діні –Евангелие христиан. 1969 жылы ол Цирквилл қаласындағы Библия колледжінің бакалавры атанады. Тынық мұхиттық Азус университетінің теология магистрлігін қорғайды. Сонымен қатар Фуллер теологиялық семинариясының кандидаты дәрежесін алады. Қазіргі уақытта ол Оңтүстік Флоридада жұбайы Маргаретпен тұрады. Веслян шіркеуінде қызмет етеді.
Діндарлық жолы
1970 жылдан бастап Максвелл Индиана, Огайо, Калифорния және Флорида шіркеулерін басқарды. 14 жыл аға пастор болады. 1995 жылы шіркеуден кетеді. 2004 жылы Флоридадағы Палм-Бич-Гарденс қаласындағы христостық шіркеудегі бауырластық қызметіне оралды. 2008 жылы Калифорниядағы Оранж округіндегі Кристаллда пастор болады. Оның хабарлары «Қуат сағаты» теледидарлық бағдарламасында таратылды. Қазіргі уақытта діни қызметшілікті үйретіп, сабақ береді.
Мансап жолы
Ол INJOY, Maximum Impact, Джон ISS және EQUIP ұйымдарының негізін қалаушы. EQUIP — көшбасшыларды дайындайтын халықаралық ұйым. 80-нен астам елдің көшбасшыларымен байланысқан. Оның миссиясы – «христиандық жетекшілер Ұлы тапсырманы қаншалықты орындап жатқанын көру».
Максвелл жыл сайын Fortune тізімінің 500 компаниясымен, халықаралық үкімет басшыларымен кездеседі. Вест-Пойнттағы АҚШ әскери академиясы және ұлттық футбол лигасы сияқты ұйымдармен жүздеседі. Оның «Көшбасшылықтың 21 заңы», «Сіздің бойыңыздағы көшбасшының дамуы» және «Көшбасшының өзгермейтін 21 сапасы» атты үш кітабы 1 миллионнан астам данамен сатылды.
Максвеллдің Индианадағы Уэслиан университетінде және өз ғимаратында Максвелл бизнес және көшбасшылық орталығы бар.
2013 жылы шілдеде Максвелл ұйымы Гватемалада 24000 көшбасшы даярлады.
2014 жылғы мамырда Максвелл көшбасшылық және басқару бойынша №1 әлемдік сарапшы деп аталды.
Максвелл қағидасы
Максвелл адамдармен қарым-қатынас орнату жөнінде 20 қағида ойлап тапқан.
Айна қағидасы
Өзгені сынамас бұрын өз кемшіліктеріңіз бен қателіктеріңізге мән беріңіз.
Жаралану қағидасы
Адам өзгеге жамандық жасауға құмар болса, демек іштей ол жаралы. Өкпелеген адам өзгені де ренжітеді.
Жоғары дәреже қағидасы
Өзгеге жоғары сыйластық танытыңыз. Сізді сыйламаған адамға да жақсы қарым-қатынас орната білсеңіз, дәрежеңіз жоғарылайды.
Бумеранг қағидасы
Өзгеге көмектесе отырып, біз өзімізге де көмектесеміз.
Балға қағидасы
Әріптесіңіздің маңдайындағы шыбынды өлтіру үшін оны балғамен ұрмаңыз.
Орын қағидасы
Өзгені орнына қойғыңыз келсе, өзіңізді оның орнына қойып көріңіз.
Үйрену қағидасы
Кез келген адамнан сіз жаңа нәрсе үйрене аласыз. Тек соның жақсысын көре біліңіз.
Харизма қағидасы
Егер бір адамға қызықсаңыз, оның да сізге деген қызығушылығы ояна бастайды. Адамға оны кім зерттейтіні қызық.
Қарама-қайшылық заңы
Алдымен адамға қамқорлық жасаңыз. Содан кейін оған қарсылық білдіріп, қарсы шыға аласыз.
Жертөле қағидасы
Соғысқа дайындалған кезде өзің жертөле қазасыз. Жертөлені досыңыз сыятындай етіп қазыңыз.
Шыдамдылық қағидасы
Өзгелермен қыдыру жалғыз саяхаттағаннан жай болады.
Ләззат алу қағидасы
Жақсы қарым-қатынаста екі тарап артық талапсыз тек бірге жүргеннен-ақ ләззат алады.
101 қағидасы
Кез келген іс нәтижелі болу үшін 1 пайыз себеп табыңыз. Сол себеп 100% жігеріңізді сол іске жұмсауға итермелейді.
Достық заңы
Өзіңізді өзіңіз түсінсеңіз, өзгелерге сізді түсіну қиынға соқпайды. Мәселені өзгеден көрмеңіз.
Қарым-қатынас заңы
Алғашқыда адам тек өзіне ұнайтын адаммен жұмыс істеуге ұмтылады. Алайда өзгелермен де қарым-қатынас жасауға мәжбүр.
10 балдық жүйе қағидасы
Егер адам жақсы қасиеттерінің барына сенсе, сол қасиеттер расымен пайда бола бастайды.
Төбе қағидасы
Сенім – қарым-қатынас негізі.
Лифт қағидасы
Қарым-қатынас кезінде серіктесті көтеретін де, төменге түсіретін де – өзіміз.
Жағдай қағидасы
Ешқандай жағдай қарым-қатынастан биік болмайды.
Боб қағидасы
Бобтың өміріндегі мәселелерге тек Боб кінәлі.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова