Біліп жүр

Копирайтерге керек 5 формула

Копирайтерге арналған формула

Копирайтерге мәтін жазу үшін формула керек. Белгілі ережелерді қолдану арқылы мықты мәтін жазылады. Balbal.kz мотивациялық сайты копирайтерге қажет мәтін жазудың 5 формуласын мысалдармен нақты көрсетеді.

ОДП формуласы

Қысқа әрі нұсқа жазылады. Оқырманға оңай түсіндірілетін мәтін.

О – оффер (тиімді ұсыныс)

Офферді тақырыпшаға енгізіңіз, ал лидте соны ашасыз.

Дизайнерлік жөндеуді жай жөндеуге кететін ақшаға жасаймыз.

Әр клиентке сыйлық ретінде дизайнерлік жоба. Жөндеу жұмысын жасату арқылы арманыңыздағы пәтерді аласыз.

Д – дедлайн (уақыт шектеулігі)

Уақыт не өнім санының шектеулі екенін жазыңыз. Дедлайн себебін жазғаныңыз дұрыс.

 «Дизайн жобасы сыйлыққа» науқаны 10.06.2020-ға дейін жарамды.

Дизайн жобасының әдеттегі бағасы — 100 000 теңге.

П – призыв ( әрекетке шақыру)

QUEST формуласы

Q – qualify (біліктілік)

Мәтіннің кімге арналғанын көрсетіңіз. Осылайша мақсатты аудиторияны анықтаймыз.

Жөндеу жұмысын жасату керек деп жүргеніңізге көп болды ма?

U – understand (түсіну)

Оқырманмен байланыс орнатыңыз. Оның мәселелері мен қалауын түсініңіз.

Жаңа пәтерге көшкіңіз келеді, бірақ оны жөндеуге қаражат жоқ.

Жеке пәтеріңіз болса да пәтер жалдауды жалғастырудасыз.

Жөндеуді өзіңіз жасағысыңыз келеді, бірақ уақыт жоқ.

Біз сізді түсінеміз, сол себепті бағаларды төмендеттік.

E – educate (зерттеу, білу)

Өнім\қызметтің пайдасын айтыңыз. Бірақ әсірелемеңіз.

S – stimulate (ынталандыру)

Сіздің ұсынысыңыздың ең тиімді екенін дәлелдеңіз.

T — transition (әрекетке шақыру)

PPPP формуласы

Бұл формула эмоционалды және рационалды тәсілдерді біріктіреді. Әдемі көрініс береміз, кейін оны фактімен дәлелдейміз.

P – picture (көрініс)

Өнім\қызметтің әдемі образын суреттеңіз.

P- promise (уәде)

Өнім\қызмет артықшылығын айтыңыз.

Егер бізбен хабарлассаңыз, тәжірибелі дизайнер сіз үшін жөндеу жобасын жасайды. Ол сіздің барлық тілектеріңізді ескереді. Бөлмені ыңғайлы әрі сәнді етеді. Бірақ жөндеу жұмысының бағасы өзгермейді.

P – prove (растау)

Тауар артықшылығын растайтын фактілерді дәлелдеп көрсетіңіз.

Жөндеу жұмысына дейін және кейінгі екі фотоны қатар қойыңыз.

P – push (итермелеу)

Әрекетке итермелеңіз.

«Бес сұрақ» формуласы

Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін жазасыз.

  1. Сізді не үшін тыңдауым керек?

Жөндеу жасаймын деп жүргеніңізге көп болды ма? Онда мына мәтінге назар салыңыз. Арманыңыдазға пәтерге қол жеткізіңіз.

  1. Уәде еткен нәрсені қалай жасайсыз?

Егер бізбен хабарлассаңыз, тәжірибелі дизайнер сіз үшін жөндеу жобасын жасайды.

  1. Бұған кім және қалай жауап береді?

Біз ресми келісімшарт жасап, есеп-қисап жасаймыз. Онда жөндеу жұмыстарына қанша ақша жұмсалатыны көрсетіледі.

Егер жөндеу жұмысы есеп-қисаптағы қаржыдан асып кетсе, оны өз қаражатымызға жасаймыз.

  1. Бұл кімге арналған?
  2. Қанша?

Джо Витале формуласы

Джо Витале мұны гипноздық мәтін деп те атайды. Ол 9 бөліктен тұрады

  1. Назар аударту
  2. Қызығушылықты ояту
  3. Эмоция. Қалауын ояту
  4. Логика. Ұсыныстың неге тиімді екенін айтыңыз.
  5. Диалог. Байланыс орнату, қарсылықтарын болжау
  6. Дәлел. Факт, статистика, пікір
  7. Кепілдік
  8. Әрекетке шақыру
  9. Еске салу

Мәтін соңында постскриптум арқылы мәселе, сыйлық туралы тағы есіне түсіресіз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!