Салауат

Сырт келбетіңіз әдемі болсын десеңіз

Әдемі көрінудің жолдары

Сырт келбетіңіз келісті болса, өзіңізге деген сенімділігіңіз арта түседі. Адамдардың да алғашқы көзқарасы сыртқы сұлулық арқылы қалыптасатыны өтірік емес. Түріңіз шаршаңқы емес, әрқашан сәнді болып жүру үшін Balbal.kz мотивациялық сайты күтім жасаудың қарапайым түрлерін ұсынады.

Ұйқыңыз дұрыс болсын

Түн ортасына дейін жүріп, 5-6 сағат ұйықтау әдеті денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Сырт келбетіңіз де сымбаттылығын жоғалтады. Көздің асты қарайып, бет терісі нашарлайды. Бір ай бойы ерте жатып, кемінде жеті сағат ұйықтаңыз. Бұл сізге қалай жағатынын өзіңіз бірден байқайсыз.
Жатарда смартфон, гаджеттерді пайдаланбаңыз.
Жатарда әлеуметтік желілерді тексеру сіздің әдетіңіз болар. Бірақ одан бас тартқан жөн. Себебі көгілдір жарық мелатониннің бөлінуіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде ұйқы мен ояну ырғағы бұзылады. Ұйқының болмауы жалпы денсаулыққа әсер етеді: есте сақтау қабілеті нашарлайды, зейін қою қабілеті азаяды. Ұйықтауға бірнеше сағат қалғанда смартфонды алып тастаңыз.

Дене бітімін дұрыстаңыз

Бойыңызды тік ұстамасаңыз, қанша жерден қымбат киініп, бетіңізге бояу жақсаңыз да, әдемі көрінбейсіз. Жүрісіңізге мән беріңіз. Арқа мен бел бұлшықеттерін қатайтатын жаттығулар жасаңыз.
Отырған кезде жамбас пен балтырдың арасы 90 градус болатындай етіп орындықты реттеңіз. Монитордың жоғарғы шеті көз деңгейінде болуы керек. Сағат сайын денеңіз құрысып қалмас үшін кішкене үзілістер жасаңыз.
Арқаңызды тік ұстап отырғаныңызды үнемі қадағалап отыруды әдетке айналдырыңыз. Арқа түзеткіш сатып алып, соны киіп отырыңыз.

Жаяу жүріңіз

Күн сайын 10 000 қадам аттау керек. Жүгіруге қолыңыз тимесе де, жаяу жүруге уақыт табыңыз. Лифтпен көтерілмей, баспалдақпен көтерілуді әдетке айналдырыңыз.

Таңғы ас ішіңіз

Уақыт жоқ деген орынсыз сылтау. Ерте тұруға әрқашан мүмкіндік бар. Жеміс- жидек қосылған ботқаны, жұмыртқаны бірнеше минут ішінде пісіруге болады. Жарты сағатыңызды бөлу арқылы энергияңыз тасып жүреді, шоколадтарға, дүкеннің бәліштеріне қызығып жүрмейсіз.

Маникюр және педикюр

Сіз іскер адам болсаңыз, қол алысып амандасасыз, көпшілікпен араласасыз. Жарылып кеткен қол, аяқ, өсіп кеткен тырнақ, кутикулалар бірден көзге түседі. Сол үшін қол мен аяққа күтім жасаңыз. Крем жағыңыз, маникюр мен педикюр жасатуды ұмытпаңыз. Міндетті түрде оны түрлі-түстіге бояп керек емес. Егер салонға жасатқыңыз келмесе, тырнақ күтіміне арналған құралдар сатып алыңыз.

Бет терісі күтімі

Күніне екі рет бет жууды әдетке айналдырыңыз. Өз бет типіңізді анықтап, соған сай күтім жасайтын косметикалар алыңыз. Түнде көзіңіздің айналасын, бетіңізді мұзбен сүртіңіз. Ол сізге балғын әсер береді. Күнделікті өмірде бетіңізді ұстай бермеңіз.

Парфюм

Үстіңізден хош иіс шығып тұрса, айналаңызға да жақсы әсер қалдырасыз, өзіңіз де қуанып жүресіз. Сол үшін сапалы әтір қолданыңыз.

Таза жүріңіз

Ауыз қуысы гигиенасына назар аударыңыз.
Балғындық — бұл сыртқы келбетке жақсы бонус. Тіс щеткасын әрдайым өзіңізбен арқалап жүрудің қажеті жоқ. Күніне екі рет тісіңізді тазалаңыз. Сөмкеңізде тазартқыш көбік, сағыз және тіске арналған жіп салып жүріңіз.

Жеке гардеробыңызды реттеңіз

Әр мезгілдің басында киім сөрелерін тексеріңіз. Нені лақтырып, не қалдыратыныңызды шешіңіз. Сізге кішкентай немесе үлкен, бүлінген-ескірген немесе кигіңіз келмейтін киімдерді босқа сақтамаңыз.
Әмбебап әйелдің гардеробына көп нәрсе қажет емес: джинсы, шалбар, юбка, екі жейде (ақ және басқа түсті), сәнді көйлек, жакет, кардиган және жұптасқан тоқылған жемпір.
Сондай-ақ, ерлерде: классикалық қара көк джинсы, шалбар, төрт футболка (екеуі поло), ақ жейде, V-мойынды жемпір, тоқылған кардиган және пиджак.
Бұл киім базасы деп аталады.

Жоғарыда айтылғандардың және өзіңізге керек киімдердің тізімін жасаңыз. Жоқ киімді дүкеннен сатып алыңыз.
Сәнді болу үшін көп киім алудың қажеті жоқ. Өзіңізге жарасымды әрі таза екеніне мән беріңіз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!